2018 жылдың 29 наурыз күні Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Х Республикалық студенттер олимпиадасы өтті.
Осы олимпиадаға Букатов Е.Б жетекшілігімен университетіміздің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3 курс студенттері Бекетова А.С , Қасымхан Н.А құралған «Әділет» командасы қатысты.
Қазақстанның ЖОО құралған 21 топ қатысқан олимпиадада «Әділет» командасы ұсынған «Stopzhemkor» жемқорлықпен күресу жүйесі» инновациялық жобасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.
29 наурыз 2018 ж Достық үйінде «Жеке тұлғаны қалыптастыру этномәдени бірлестікттер жас көшбасшы жаңғырту арқылы қоғамдық сана» обылыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. конференция ұйымдастырушылары Қарағанды обылысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, КММ «Қоғамдық келісімі » және Қарағанды обылысының әкім аппараты.
Конференцияда мемлекеттік құрылымдардың өкілдері,жоғары оқу орындары мен колледждер және Қарағанды обылысының этномәдени бірлестігі қатысты.
Пренарлық отырыста ҚҚЭУ «Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедра меңгерушісі п.ғ.к.,доцент Абдакимова М.К. баяндама жасады.
Абдакимова М.К. өз баяндамасында дамудың өзектілігі қайырымдылық және волонтерлік қызметтің жастар арасында бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Рухани жаңғыру» және ҚР-ның президенті Н.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамалары талқыланды.
Сондай-ақ секцияның №3 модераторы ретінде Абдакимова М.К. қатысты «құндылық бағдарлары этномәдениет бірлестігі» конференция жұмысының қортындысы құрастырылды және резалюция қабылданды.
«Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша студенттері обылыстық ғылыми-практикалык конференцияның секция жұмысына қатысты.
30 наурыз 2018 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Сананы жаңғырту–болашаққа қадам» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияның ұйымдастырушылары бизнес және құқық факультеті мен «Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы.Конференцияның идеологиялық негізі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» атты мақаласы болды.
Конференцияның халықаралық деңгейінде Қазақстан мен көршілес елдердің студенттерінің кең аудиториясына қол жеткізілді.
Конференцияға өздерінің зерттеу жұмыстарының нәтижесін 35 мектеп оқушылары, 40 колледж оқушылары, 144 студент ҚММУ, ҚҚЭУ, ҚарМУ, ҚарМТУ, ҚР ІІМ Қостанай академиясы ұсынды. Шетелдік жоғары оқу орындарынан БашМУ Стерлитамак филиалы, Сібір мемлекеттік университеті, Оңтүстік-Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті, Ресей-Тәжікәлеуметтік университеті, Сібірхалықаралық қатынастар және шетелдік дінтану институты, РФ ІІМ университеті, ММУ филиалы (Астана қ.) студенттері қатысты.Конференция қатысушыларын әлеуметтік мәселелер бойынша проректор, т.ғ.д., профессор Абилов Қ.Ж. және «Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы жетекшісі Жусупов А.Н. құттықтады. Модераторлардың жетекшілік етуімен қоғамның рухани жаңғыруы, қоғамдық сананың жаңғыртылуы, ұлттық идея Мәңгілік ел – тарихи және мәдени мұраның қайта жаңғыртылуы; Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі; Қазақстанның мәдени-географиялық белдеуі және туризмнің дамуы;діни экстемизмге қарсы әрекет көрсетуде құқықтық шаралар мен халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру, ұлтаралық келісім мәселелері қарастырылды. Конференцияның барлық қатысушылары сертификат алады.
Қазақстанның 37 Жоғарғы Оқу Орындары қатысқан «ENACTUS READING CLUB» сайысының нәтижесі бойынша Enactus KEUK командасы Enactus 2018 жазғы лагеріне қатысуға 3 грант ұтып алды.
Белсенді қатысқандары үшін жобалар бойынша вице-капитан Райымxанова Зарина және әкімшілік сұрақтар бойынша вице-капитан Жолдыбай Алтынай Казком банкі Директорлар Кеңесінің Төрағасы Азамат Утеновтың қолы қойылған кітапты сыйға алды.
Enactus KEUK командасы ҚҚЭУ ректоры, э.ғ.д., профессор Аймағамбетов Ерқара Балқараұлына, Азамат Утеновке және Enactus Kazakhstan ұйымына осындай іс-шараларға қатысуға мүмкіндік бергендері үшін үлкен алғыс білдіреді!
«Жалпықұқықтық және арнайы пәндер» кафедрасының доценті з.ғ.к. Кулбағила Алиакпаровна Байкенжина Жезқазған қаласындағы «Жезқазған бизнес және көлік» колледжінде болып, ондағы дәріс алып жүрген студенттермен кездесу өткізіп, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауындағы атап көрсетілген елімізде білімнің салтанат құруына қатысты келелі ойларын ортаға салды.
Атап айтқанда, болашақта жастардың табысты болуларының ең іргелі, басты факторы білім екеніндігін түсіндіре келіп, жас¬тары¬мыз басымдық беретін межелердің қатар¬ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт екендігіне тоқталып өтті, себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететіндігін мысалдар келтіре отырып түсіндірді.
Сонымен қатар осы кездесу барысында колледж кітапханасына студенттердердің пайдалануына қажетті соңғы жылдары кафедра оқытушыларының университет баспаханасынан шығарылған оқу және оқу –әдістемелік құралдарын табыс етті.
2018 жылдың 15 наурызда "Экология және бағалау" кафедрасы "Су ресурстарын тиімді пайдалану үшін халықтың экологиялық мәдениет деңгейін арттыру" тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Баяндама және презентация тақырыбы: «Рациональное использование водных ресурсов Казахстана», «Жасыл Экономика», «Су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері» баяндама жасағандар: Симбирцева Екатерина Эко-12 тобы, Амантай Айымбек Эко-11к тобы, Аманжанова Саягул, Бейсембаева Айгерим Эко11к тобы студенті.
2018 жылдың 15 наурыз күндері №1 және №3 жатақханада «Жоғары математика» кафедрасының кезекші оқытушылары студенттерге әуендік кеш ұйымдастырды.
Кеште студенттер әртүрлі бағыттағы туындыларды гитарамен орындап, коллективті орындау өткізілді.
Ағымдағы жылдың 13 наурызында Әлеуметтік жұмыстар және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің жұмысына кафедраның спикерлері М.Ш. Әбдіәкімова, М.В. Клишина, Г.Р. Сейфуллина, М.П. Малкин қатысты.
Дөңгелек үстел тақырыбы студенттердің үлкен қызығушылығын туғызып, мәселені талқылауға белсене қатысты. Спикерлерге түрлі сұрақтар қойды.
2018 жылдың 3 наурызында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономика және басқару факультеті «Harry Potter» quest ойын форматында 10, 11 сыныптың жалпы білім беретін оқу орындары мен колледж оқушыларына арналған ашық есік күні өткізді.
2018 жылдың 28 ақпан күні Есеп-қаржы факультетінің оқытушылары мен волонтерлері «Ашық есіктер күнін» квест-ойын түрінде өткізді. Квест-ойында Қарағанды облысы мен қаласының орта оқу орындары мен колледждерінің 211 оқушылары қатысты. Оқушылардың алдында ЕҚФ деканы, э.ғ.к., доцент Серикова Г.С., ЖДД бас маманы Ивадилинова Л.Х., Студенттік кеңестің төрағасы Мухаметжанова Ж., «БЦК» АҚ ҚФ директорының орынбасары Дюсенов Р.К. сөз сөйледі, ұйымдастырушылар Студенттер мәдениет сарайында кішігірім концерттік бағдарлама дайындады.
Квест-ойын барлық университет бойынша орналасқан 10 стансадан тұратын маршрут түрінде ұйымдастырылды, әрбір стансада қатысушыларға тапсырмаларды орындау керек болды, әр тапсырмаға сәйкес балдар берілді. Қатысушылар жылдамдылық, ептілік және дәлдікке жарысты. Ойынның қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей болды:
1 орын – ЖББОМ №76, ЖББОМ №58;
2 орын – КТТК, КВПК, СОШ №6;
3 орын – СОШ №5, СОШ №83, гимназия №5.
Барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін мадақтама қағаздары берілді, ал жеңімпазға және жүлдегерлерге – алған орындары үшін дипломдар және сыйлықтар табысталды.