2018 жылдың 14 ақпанында «Экология және бағалау» кафедрасы «Қазіргі заманғы қоғамның экологиялық-экономикалық даму аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге кафедра филиалы «Жас натуралистер»-ден қонақтар қатысты - Олишевец Н.К., Халыкбергенова А.М. және «Экология» мамандығының 1-3 курс студенттері қатысты. Баяндамалар:
1. Амангельды Наргиза (Эко-32к) баяндама тақырыбы «Экологиялық білім беру».
2. Ауез Үміт (Эко-32к) баяндама тақырыбы «Экологиялық мәдениет».
ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ
2018 жылдың 16 ақпанында «Экология және бағалау» кафедрасы Қарағанды қаласының мектептері оқушыларының арасында «Ғылым граниты» ғылыми жобалар байқауын өткізді. Байқауға 7 қалалық мектеп оқушылары өздерінің қызықты және ақпараттық ғылыми жобаларын ұсынды.
Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын - Иванов В., Юрин А.С. ЖБМ № 63
2 орын - Эпишко Е., Набиева С. ЖБМ № 17
3 орын - Баделхан Е. С.Саттаров атындағы № 57 мектеп-гимназиясы.
Шетел және орыс тілдер кафедрасы және көп тілді тілдер орталығының ұйымдастырылуымен 15.02.2018 күні сағат 13.00 1-ші және 2 -ші курс студенттері арасында жыл сайынғы тілдік олимпиада өткізілді.
Ағылшын тілі бойынша жеңімпаздар ( «МО» студенттер арасында):
1-ші орын- Гаджиева Саида МО-12
2 -ші орын - Жапаров Саян МО-13
3-ші орын- Маминова Малика МО- 12
Ағылшын тілі бойынша жеңімпаздар (барлық мамандықтар бойынша студенттер арасында)
1 -ші орын- Акопян Елина РД -12
2 -ші орын - Уразшаев Алиби МЭ -12
3 -ші орын- Алшымбек Ахат МК -11к
Орыс тілі бойынша жеңімпаздар:
1-ші орын- Талипова Анель РД-11к
2 -ші орын- Сабирова Анель Тур – 11к
3-ші орын - Ағдарбек Айтолқын ТПП-11к
Неміс тілі бойынша жеңімпаздар:
1 -ші орын Искакова Шынар МЭ-22, Муртазина Татьяна МЭ-22
2 -ші орын Витмайер Ангелина Ф –12, Мусалиева Айдана Ю-12к
3 -ші орын Аханова Диляра Ю-11к
Олимпиадаға қатысқаны үшін бүкіл студенттерге алғыс айтамыз!!!
2018 жылдың 13-14 ақпанында «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасының доценті Алексеенко Т.Н. және РД-13с, РД-24с, РД-22, РД-32, Тур-32 топтарынының студенттерімен «Құймақ» дайындау бойынша мастер-классты өткізілді.
«Туризм және мейманхана ісі» кафедрасында «Масленица» тойлау дәстүрі бірінші жыл емес атқарылып жатқан. Татьяна Николаевна мастер-класс кезінде студенттерге «Масленица» мерекелеу дәстүрін және әр түрлі құймақтарды дайындау рецепттерімен таныстырды.
Барлық студенттер шын ықыласпен құймақтарды пісірді. Мастер-класс бірлесіп шай ішумен аяқталды.
Қарағанды экономикалық университетінің қабырғасында студенттерге «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жобаларына қатысу шеңберінде студенттерге «Бизнес-жоспарлаудың негізгі түсініктері» семинары өткізілді. Тренингті «Маркетинг және логистика» кафедрасының оқытушысы, Қарағанды облысының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Әділ Иманұлы Тазабеков жүргізді. Студенттер нақты мысалдармен бизнес-жоспарлау негіздерімен, Қазақстанда бизнесті ашудың шарттары, сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік органдардың бизнесті қолдау бағдарламалары туралы танысты
ҚЭУ-нің негізгі бағыттарының бірі білім беру процесін ұйымдастырумен қатар, мектептер мен колледждердің студенттері арасында кәсіптік бағдар беру жұмысы болып табылады. Бүгінгі таңда, мамандықты дұрыс таңдау мақсатқа жету үшін негіз болып табылады; бітірушіні қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік процестерге бейімдеу. Көптеген жағдайларда болашақ мамандықты таңдаған мамандықтар бойынша білім беру мекемелерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізетін университеттің оқытушылары әсер етеді.
Осылайша, «Маркетинг және логистика» кафедрасының оқытушылары КЭУ ғалымдарының оқушылармен кездесуін өткізеді. Мұндай кездесуді экономика ғылымдарының докторы, профессор Борбасова З.Д. және экономика магистрі Лесова Д.Д. №5 орта мектепте кездесү өткізді. Оқушылар жоғары оқу орындарына түсу ережелеріне қатысты қызығушылық танытқан барлық ақпаратты алды; материалдық-техникалық жабдықтау; студенттік өмір; еңбек нарығында сұранысқа ие перспективалық мамандықтар туралы білді. Ғалымдар студенттердің қойған көптеген сұрақтарына жауап берді, оның ішінде алынған білімді практикалық қолдану, басқа қалаларда және елдерде тәжірибе алу мүмкіндігі және т.б.
2018 жылдың 9 ақпанында «Банктік мендежменті және қаржылық нарықтары» кафедрасы оқытушысы Исанов А.С., «Экология және бағалау» кафедрасы доценті Дузбаева Н.М. және «Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу» кафедрасы аға оқытушысы Амантай А.А. қатысуымен Абай қ. Абай көпасалалы колледжінде, Абай ауданы Топар кентіндегі Б.Момышұлы атындағы және Корниенко атындағы орта мектептерінде кәсіби бағдарлық іс-шарасы өтті.
Кәсіби бағдарлық іс-шараны өткізу барысында мектеп түлектеріне ҚҚЭУ мен БҚЭК жайлы бейне ролигі және презентациялары ұсынылды. Сонымен қатар түлектер анкеталар толтырды. Іс-шараны өткізу барысында бітіруші түлектер белсенділік танытып, маңызды сұрақтарға жауаптар алды.
Жалпы кәсіби-бағдарлық іс-шара жоғары деңгейде өткізілуіне барлық жағдай жасалынған. Аталмыш шаралар келешекте де жүзеге асырылу жоспары бар.
2018 жылдың 17 қаңтарында Қарағанды экономикалық университетінің «Экология және бағалау» кафедрасы биология пәні бойынша «Биология білгірі - 2018» атты пән олимпиадасын өткізілді. Олимпиадаға Қарағанды қаласының 165-ке жуық мектеп оқушылары қатысты.
Олимпиаданың нәтижелері бойынша төмендегі жоғары балл алған жеңімпаз деп танылды:
1 орын - Жумаханова Камила 11 кл – КММ №38 Гимназия
2 орын - Глушковская Наталья 11 кл – КММ ОМ №1 Сарань қ.
2 орын - Жарылгапова Балауса 11 кл – Жамбыл атындағы ММИ
3 орын - Вервай Анна 11кл - ОМ №25
3 орын - Нурсултан Айдана 11 кл – КММ №92 Гимназия
Салтанатты марапаттау рәсімі 2018 жылдың 16 ақпанда «Экология және бағалау» кафедрасында өтеді.
Қазақстан президенті Н.А. Назарбаев өзінің жылдағы халыққа жолдауында, еліміздің аймақтарында ішкі және сыртқы туризмді дамытудың маңыздылығын атап өтеді. Қазақстан Республикасының туризм саласының тиімді жобаларының бірі, ғылым, мемлекет және бизнестің дамуына арналған аймақ Шортанды-Бурабай курорттық зонасы болып табылады. Аталған жобаны іске асыру қазақтандық туризмнің жаңа денгейге шығуына және ішкі және сыртқы туризмнің көрсеткіштерін көтеруге мүмкіндік береді.
2018 жылдың 02 ақпанында «Туризм», «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығы студенттеріне арналып ҚР Президенті істерінің Басқармасы «Бурабай Даму» ЖШС өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Ұйымның мақсаты Шортанды-Бурабай курорттық аймағының тартымды туристік имиджін қалыптастыруға бағытталған. Кездесу өзара тиімді серіктестікті жоспарлайтын тәжірибелі сипатта өтті.
Кездесу барысында студенттер өңірлік деңгейдегі туризмді дамыту және қызмет саласын кадрлық қамтамасыз етуге қатысты проблемалық сұрақтар қойды.
Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша шартты жүзеге асыру шеңберінде 2018 жылдың 10-28 қаңтар аралығында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің қысқы мектебіне Қазақстан Республикасының келесі жоғары оқу орындары: А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мен Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университеті қатысты. Қысқы мектеп шеңберінде «Юриспруденция», «Қаржы», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент», «Аударма ісі», «Есеп және аудит», «Психология» мамандығының студенттері «Азаматтық құқықтарды қорғаудың соттық емес тәсілдері» (лектор – Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының доценті Ю.Н.Еремин) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. Құқықтық және экономикалық аспектілері» (лектор – з.ғ.к., доцент Б.У.Сейтхожин) пәндері бойынша дәрістер курсын тыңдады.
Университет факультеттерінің жастар ісі жөніндегі комитеттері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Музейі – Карлагқа экскурсия ұйымдастырды. Осы экскурсия біздің қонақтарымыздың бойында ұмытылмастай әсер қалдырды. Біздің еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылық құндылықтары оларды ойландырғаны сөзсіз.