• Blog news

БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТІН "КӨКТЕМ АРУЫ -2019" АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СҰЛУЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА II ОРЫН ЖӘНЕ НОМИНАЦИЯСЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!"

БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТІН "КӨКТЕМ АРУЫ -2019" АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СҰЛУЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА II ОРЫН ЖӘНЕ НОМИНАЦИЯСЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!"2019 жылы 19 наурызда Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайында "Көктем Аруы -2019"атты студенттер арасында облыстық сұлулық байқауы өтті. Бизнес және құқық факультетінің студенттері Рахметоллина Диана Ю-32к тобы және Серікбол Балжан РД-21к тобы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінің намысын қорғады. Сайыс қорытындысы бойынша 20 қатысушы арасында Серікбол Балжан 2 орынды, Рахметоллина Диана "көрмендер көзайымы"атағына ие болды. Біздің студенттерімізді құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

Оқушылардың экологиялық сауаттылығын дамытуға арналған іс -шара

Оқушылардың экологиялық сауаттылығын  дамытуға арналған іс -шара

Қарағанды қаласының №1 «Білім - Инновация» лицей - интернатында мектеп оқушыларының экологиялық сауаттылығын дамытуға арналған «ECOCHALLENGE» экологиялық республикалық гранттық байқауы аясында өткен іс шараға кафедра меңгерушісі х.ғ.д., профессор Байкенова Г.Г. мен  х.ғ.к., кафедра доценті Оспанова Г.К.  қатысып қайтты.

ЭБҚ колледжінде өткен кәсіби бағдар жұмысы

ЭБҚ колледжінде өткен кәсіби бағдар жұмысы

2019 жылдың 13 наурызында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономика, бизнес және құқық колледжі базасында экономикалық теория және МЖБ кафедрасының доценті Байгуренова Мариам Ахметжановна «МН-31» тобының студенттерімен кәсіби бағдар жұмысын жүргізді. Студенттерге «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының маңызы мен оқуға түсу артықшылықтары туралы ақпарат берілді.

«Құймақ» дайындау бойынша мастер-класс

«Құймақ» дайындау бойынша мастер-класс"Туризм және мейрамхана ісі" кафедрасында Масленица мерекесін тойлау жыл сайынғы дәстүрге айналған. 2019 жылы 4-5 Наурызда Р-12, Р-15с, Р-24с, РД-32 топтарының студенттері доцент Т. Н. Алексеенконың ұйымдастыруымен құймақ дайындау бойынша мастер-класқа қатысты.
Мастер-класс барысында Татьяна Николаевна студенттерге Масленицаны тойлау дәстүрі туралы айтып, құймақтардың түрлерін дайындаудың рецептерін таныстырды. Барлық студенттер құймақ пісірді. Мастер-класс бірлескен шай ішумен аяқталды.

«MOST» бизнес инкубаторы ұсынған «Стартап: идеядан бизнеске дейін» курсы

«MOST» бизнес инкубаторы ұсынған «Стартап: идеядан бизнеске дейін» курсы

2019 жылдың 5 наурызында «Достық» Коворкинг орталығы» технологиялық бизнес инкубаторы «MOST» бизнес инкубаторы ұсынған «Стартап: идеядан бизнеске дейін» курсы бойынша мастер-класс өткізді.
Іс-шараны осы курсты өткен, «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының аға оқытушысы Ибраева А.Р. және 2 курс студенттері Романов Г. мен Иристаев Н. жүргізді.
Кездесу барысында студенттермен сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL