"Туризм және мейрамхана ісі" кафедрасы студенттермен бірге "Жаңғырту болашаққа қадам: Рухани жаңғыру"бағдарламасы шеңберінде Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жолдауы бойынша дөңгелек үстел түрінде ашық кураторлық сағат өткізді. РД-23с, 22, 21к тобының 2 курс студенттері Қарағанды облысының мектептерінде, университеттерінде, колледждерінде "болашаққа қадам: Рухани жаңғыру "бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысын шығару" тақырыбында баяндама жасап, Қарағанды облысы бойынша осы бағдарламаға арналған және өткізілген іс-шаралар туралы сұрақтар талқыланды.
Магистр, аға оқытушы З.А.Абдурахманованың ұйымдастыруымен "Қонақжайлылық индустриясының негіздері" пәні бойынша "Мейрамхана бизнесі дамуының заманауи тенденциялары" тақырыбында Қарағанды қаласындағы"Емріге city" қонақ үй және мейрамхана кешенінде РД-11к, 14с/к, РД-15с, РД-22 топтарымен университеттен тыс дәріс сабағы өткізілді. Бұл дәріс студенттердің таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыру, тамақтандыру, орналастыру және демалу кәсіпорындарындағы жаңа технологиялық жабдықтармен таныстыру мақсатында өткізілді. Олар мейрамхана, қонақ үй кешені, нөмірлік қоры мен пабымен танысып, өте пайдалы, қызықты және жеткілікті көлемді ақпарат алды. Сонымен қатар оқытылатын пән элементтері де қамтылды. "Empire city" әкімшілігі біздің студенттерімізге қызығушылығын тудырып, студенттеріміз өндірістік тәжірибені осы кешеннен өтуі туралы бастаманы ұсынды.
Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінде 2019 жылы 25 сәуірде "Рухани жаңғыру "бағдарламасын жүзеге асыру аясында" жасыл" экономиканы дамыту жағдайында экологиялық бағытталған қоғамдық пікір мен экологиялық білімді қалыптастыру "атты республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинардың мақсаты: экологиялық мәселелерге және оларды елдегі шешу жолдарына назар аудару, экологиялық мәдениетті арттыру және халықтың экологиялық дүниетанымын кеңейту.
Семинар аясында акция өткізілді: 1. Ағаш көшеттерін отырғызу; 2. "Қақпақтар" жобасы: кейіннен өңдеу үшін пластикалық қақпақтарды жинауға арналған жәшіктерді орнату;
Семинарға мемлекеттік қызметтер, ЗТБ, ЖШС, ҮЕҰ және ЖОО қатысты. Семинар аясында талқылау және пікір алмасу өткізілді: - негізгі мәселелер және оларды шешу жолдарын талқылау бойынша; - практикалық қызмет саласының қатысушылары мен білім беру ортасының өкілдері арасында жұмыс тәжірибесі туралы ақпарат алмасу; - барлық мүдделі тараптарды тарта отырып, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелері •
Семинар қорытындысы бойынша халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірленді.
Айтыс – ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы, қазақ халқының ғасырлардан үзілмей жеткен рухани асыл қазынасы. Тәуелсіздік таңының атуымен ұлттық өнеріміздің биік шыңы айтыс өнері де қайта жаңғырды. 23-сәуір күні Студенттердің мәдениет сарайында Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел – ұлт мұраты» атты студенттер арасында облыстық ақындар айтысы өтті. Айтыс «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Жастар жылының» аясында өткізілді. Белгілі ақын Ә.Тәжібаевтың 110-жылдығына арналды. Өнер бәйгесіне қатысқан 8 ақын, тақырыпты кең ауқымда жырлап қана қоймай, келген көрерменге мазмұнды әрі әзіл-қалжыңға толы айтыс тарту етті. Іс-шара барысында ұлттық өнер түрлері насихатталып, әуелеген ән мен қоңыр күй, мың бұралған би де болды. Айтысқа облыс, республика көлеміне танымал ақын-журналистер Е.Мұсабеков, І.Мұқай, Қ.Иманбековтер қазылық етті. Жыр додасының қорытындысы бойынша жүлделі 1-орынға Қамиев Ұланғасыр (ҚЭУ), 2-орынға Ботпаев Доскей (ҚарМТУ), 3-орынға Тілеубек Жанарыс, Ерғалиев Әлихан (екеуі де Теміртау қаласы) ие болды. Облыс көлеміндегі ауқымды іс-шара туралы облыстық БАҚ жарияланатын болады.
"Халықаралық қатынастар" мамандығы, МО-22 тобының студенті Басуматоров Михаил және "Әлемдік Экономика және Халықаралық қатынастар" кафедрасының оқытушысы Калиева Гаухар Кеңесханқызы «Россия − Азия − Африка − Латинская Америка: экономика взаимного доверия» атты Х Еуразиялық экономикалық жастар форумында және экономистер конгресінің аясында «Поведенческая экономика: современная концепция экономического развития» өткен мақалалар сайысында 3 орын және ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.»