ОҒӘК аясында, Қарағанды қаласының білім департаменті КММ «Жас натуралисттер станциясы» қолдауымен «Экология» мамандығының 1 курс студенттері «Ағаш отырғыз» акциясына белсене қатысты. КММ «Жас натуралисттер станциясы» аумағында 50 көшет отырғызылды.
ЗТБ "Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы" басқарма төрағасы ҚР Президенті жанындағы жасыл экономикаға өту кеңесінің мүшесі С. Рахымбекова "Экология және бағалау" кафедрасының менгерушісі Байкенова Г.Г. және "Экология және бағалау" кафедрасына Республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар "Жасыл "экономиканы дамыту жағдайында экологиялық бағытталған қоғамдық пікір мен экологиялық білімді қалыптастыру" өткізгені үшін және ҚР-ның жасыл экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру аясындағы тиімді серіктес болғаны үшін алғыс білдірді.
2019 жылдың 30 сәуірінде университетте KEUK Talks конференцисы өтті – бұл форматтың бірінші конференция алаңы болды. KEUK Talks – ҚҚЭУ-ң платформасы, ол адамдарда білімге деген ұмтылысын сақтауға, оларды ғылымның, мәдениеттің және практиканың барлық салаларында озық идеялармен және тәжірибемен таныстыруға мүмкіндік береді. «KEUK Talks» конферециясына 4 спикер қатысты (олардың 3-і сырттан келген). 1. Жанабаев Данияр – «Болашақ» Академиясының студенті – «Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту». Данияр бірінші болып сөз сөйлеп, қазіргі жастардың маңызды мәселелерінің бірінде тоқтап, мәселенің себептерін және шешу жолдарын айтып өтті. 2. Рахимов Ерлан – тіл ортылығының директоры, кәсіпкер, заңгер, оқытушы «Бизнесті салымсыз дамыту» тақырыбына сөз сөйледі. Ерлан, нөлден және инвестицияларсыз табысты бизнесті ашу туралы айтып, маркетинг құпияларымен бөлісті. 3. Туракова Мадина – «Болашақ» Академиясының студенті – Visualization as a way of successful learning languages (Көрнектілік тілдерді сәтті меңгеру тәсілі ретінде). Мадина ағылшын тілінде презентация жасады, ағылшын тілін көрнекі түрде көрсету арқылы шет тілдерін үйрену әдістерімен бөлісті. 4. Косе Жанна – э.ғ.к., бизнес-тренер, психолог, ICU кәсіби коуч, нейрографика маманы – Өмірді мағынамен қалай толтыруға болады? Жанна өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті, өмірдің нақты мақсаты туралы кеңес берді. Студенттерді шақырылған спикерлер қызықтырды, қызықты диалог болды, студенттер барлық сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Шақырылған баяндамашыларға конференцияға қатысқан үшін алғыс хаттар берілді.
2019 ж. 3 мамырда Қарағанды экономикалық университетінде проректор Қ. Ж. Абиловтың жетекшілігімен «Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сабақтастығы курсы» «Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік пен жаңғыру» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының 27 сессиясының делегаты М. К. Абдақимова және аға оқытушы А. Б. Бадел студенттермен жұмыс барысында әлемдегі және Қазақстандағы қазіргі заманғы жағдай, ҚХА мен қоғам алдында белгіленген міндеттер, елдегі бейбітшілікті, келісімді, бірлікті сақтау мен нығайту негізінде одан әрі өсу мен дамудың перспективалары талқыланды.
ҚҚЭУ кітапханасы «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық» күніне арнап: «Кітап.Жастар.Табыс.» атты Библиотаң өткізді. Мерекеге ЭБҚ колледжінің студенттері мен университет студенттері қатысты. Жастарға әр түрлі қызықты бағдарламалар ұсынылды. Кітапхана қызметкерлері университет кіреберісінде лотерея билеттерін таратып Либмоб өткізді. Әрі қарай кітапхана фойесінде студенттерге ыстық шәй мен кофе ұсынылды. Сосын мерекеге қатысушылар «Гарри Поттер: сиқыр әлемі және шындық әлемі» ойынына қатысты. Сонымен қатар Подовинникова К.Ю.. шашқа арналған сәндік бұйымдар жасаудан «Шебер қолдар» шеберлік сабағын өткізді. Спорттық және интеллектуалдық жарыстар көңілді әрі тартымды өтті. Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» кітабы бойынша «Бір ел – бір кітап» көрмесі ұйымдастырылды. «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасына қатысушы ұстаз А.Т. Омаровамен кездесу қызықты өтті. Мерекенің соңы Университеттің кәсіподақ ұйымы демеушілік еткен ұтысты лотереялар ойнатумен аяқталды. Күні бойы «Кітаптардағы сиқыр» фото аймағы жұмыс істеді.