• Blog news

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!ҚР Энергетика министрлігі "Қазақстан Республикасының экологиясына 30 жыл" мерейтой медалімен "Экология және бағалау" кафедрасының меңгерушісі х.ғ.д., профессор Байкенова Гүлжан Гаусильевнаны марапатталуымен құттықтаймыз.

«Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ базасында өткізілген сабақ

«Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ базасында өткізілген сабақ«Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ базасында «ГМУ-31к» топ студенттерімен «Саяси көшбасшылық» пәні бойынша «Қоғамның дамуына әсер ететін саяси көшбасшылар мен саяси топтар» тақырыбы аясында дәріс және семинар сабақтары өткізілді. Семинар сабақтарын жүргізген - Ертай Х. Іс-шара барысында саяси көшбасшылықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Біздің студент «Студенттердің 100 үздік идеясы» республикалық конкурс жүлдегері атанды

Біздің студент «Студенттердің 100 үздік идеясы» республикалық конкурс жүлдегері атандыЕліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін жүзеге асыру жөніндегі жалпы республикалық «100 идея» жобасын іске асыру щеңберінде ұйымдастырылған «Студенттердің 100 үздік идеясы» республикалық байқауында «Экономикалық теория және мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасының магистр, оқытушысы Ертай Хуанбектің жетекшілігімен «ГМУ-31к» тобының студенті Жолдыбай Алтынай жүлделі 2 орынға ие болды. Жоба атауы «Digital University» (студенттерге арналған мобильді қосымша).
Конкурс инновациялық қызметті белсендіруге, тәжірибелік мүдде мен қоғамдық маңыздылықты білдіретін инновациялық идеялар мен жобаларды анықтауға және енгізуге бағытталған.
Конкурсты ұйымдастырушылар: ҚР Білім және Ғылым Министрлігі, «Ел-шежіре» қоғамдық қоры.

Халықаралық жастар құқықтық форумы

Халықаралық жастар құқықтық форумы2 курс студенті Гарифуллина Ассия КазГЮУ университетімен ұйымдастырылған «Адам құқығы және ұлттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері» тақырыбында 4-ші халықаралық жастар құқықтық форумында Беларусь, Молдова, Украина, Грузия, Қырғызстан студенттерімен бірге болды. М.С. Нарикбаев Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламасы кеңсесінің және Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен.

Менің заңнамалық бастамам

Менің заңнамалық бастамамҚарағанды қаласының ЖОО мен колледждер арасында «Менің заңнамалық бастамам» атты аумақтық конкурсында 1орын алған студент Бегаз Бекарысты құттықтаймыз!

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL