• Blog news

«Құймақ» дайындау бойынша мастер-класс

«Құймақ» дайындау бойынша мастер-класс"Туризм және мейрамхана ісі" кафедрасында Масленица мерекесін тойлау жыл сайынғы дәстүрге айналған. 2019 жылы 4-5 Наурызда Р-12, Р-15с, Р-24с, РД-32 топтарының студенттері доцент Т. Н. Алексеенконың ұйымдастыруымен құймақ дайындау бойынша мастер-класқа қатысты.
Мастер-класс барысында Татьяна Николаевна студенттерге Масленицаны тойлау дәстүрі туралы айтып, құймақтардың түрлерін дайындаудың рецептерін таныстырды. Барлық студенттер құймақ пісірді. Мастер-класс бірлескен шай ішумен аяқталды.

«MOST» бизнес инкубаторы ұсынған «Стартап: идеядан бизнеске дейін» курсы

«MOST» бизнес инкубаторы ұсынған «Стартап: идеядан бизнеске дейін» курсы

2019 жылдың 5 наурызында «Достық» Коворкинг орталығы» технологиялық бизнес инкубаторы «MOST» бизнес инкубаторы ұсынған «Стартап: идеядан бизнеске дейін» курсы бойынша мастер-класс өткізді.
Іс-шараны осы курсты өткен, «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының аға оқытушысы Ибраева А.Р. және 2 курс студенттері Романов Г. мен Иристаев Н. жүргізді.
Кездесу барысында студенттермен сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.

«Ұлы даланың жеті қыры: болашаққа тағзым»

«Ұлы даланың жеті қыры: болашаққа тағзым»28.02.2019 ж. «ӘЖ және ҚХА" кафедрасы «Рухани Жаңғыру» онлайн-алаңы негізінде Алғыс күніне арналған «Ұлы даланың жеті қыры: болашаққа тағзым» атты аймақтық студенттік онлайн-форумын өткізді. Кездесуге қатысушылар-ҚарМТУ студенттері мен оқытушылары, «Қоғамдық келісім» КММ, этномәдени бірлестіктердің өкілдері: Галуцкая Л. А., Ким Л. М., Малаев Д. Б.
Студенттер баяндамаларын қорғап, пікір алмасты. Бұл күні үлкен танымалдыққа ие болып, мейірімділік, достық пен алғыстың жарқын мерекесі болды.

«Алғыс күні: Қазақстан жерінің жылуы»

«Алғыс күні: Қазақстан жерінің жылуы» 26.02.2019 ж. «ӘЖ және ҚХА» кафедрасы кітапханамен бірлесіп ҚЭУК кітапханасында (Ғылыми білім беру орталығы) Алғыс күніне арналған дөңгелек үстел өткізді. Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің шақырылған өкілдері: С. В. Раков – «Казактар Одағы» өкілі, З. Я. Красивская – «Ридне слов» украин этномәдени орталығының өкілі, И. В. Плушкис – «Дакия» румын этномәдени орталығының өкілі, көптеген халықтар елге жер аударылған жылдары шыдамдылық пен қонақжайлық үшін қазақ халқына ризалықтарын атап өтті.

«АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРДЕ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ҮШІН ӘЙЕЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ҚОЛДАУ РЕСУРСТАРЫ РЕТІНДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

«АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРДЕ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ҮШІН ӘЙЕЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ҚОЛДАУ РЕСУРСТАРЫ РЕТІНДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2019 жылдың 1 наурызында Астанада «Экология және бағалау» кафедрасының меңгерушісі Байкенова Г.Г. «Ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту үшін әйел кәсіпкерлігін қолдау ресурстары ретінде» атты республикалық конференцияға қатысты, онда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, түрлі министрліктер мен ведомстволардың, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері сондай-ақ бизнес өкілдері жұмыс орындарын құру және ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсартудың озық тәжірибесін талқылады. Конференция «Жасыл экономика» және «G-Global-ды дамыту» коалициясы және «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Биылғы жылы Coca-Cola Belesteri үздік іскерлік идея байқауының 10 жеңімпазы Coca-Cola қорынан өз бизнесін ашу үшін гранттар алады. Байқау Қазақстанның барлық әйелдеріне онлайн режимінде қол жетімді.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL