• Blog news

"БАҒАЛАУ КӨШБАСШЫСЫ - 2018"

"БАҒАЛАУ КӨШБАСШЫСЫ - 2018"

"Экология және бағалау" кафедрасы Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында "Бағалау көшбасшысы - 2018" атты зияткерлік ойынын өткізді.
Ойынды қазылар алқасы бағалады: Жүсіп Айнұр Өмірзаққызы - "BWCOMPANY" ЖШС бағалау компаниясының бас директоры (Астана қ.), Галинский Иван Анатольевич -"Эксперт" ҚӨО ЖШС бас маманы, Сихимбаев Мұратбай Рыздықбайұлы - э.ғ.д., профессор.
Зияткерлік ойын 4 кезеңнен тұрды:
I тур "ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ". Әр команда өзін слайд түрінде таныстырды. Олар өз командасы мен "Бағалау"мамандығының өзектілігі туралы әңгімеледі.
II тур " НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?". Командалар болашақ мамандыққа қатысты сұрақтарға жауап берді.
III тур "КАПИТАНДАР САЙЫСЫ". Команда капитандары "Бағалау" мамандығы бойынша сайысқа түсті.
IV тур "КРОССВОРД". Ойынның ең қызықты бөлігі 20 сұрақтан тұрады, негізінен "Бағалау" мамандығы бойынша.
Ойын қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді::
1 орын – Қарағанды экономикалық университеті;
2 орын –Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті;
3 орын –ҚЭУ экономика, бизнес және құқық колледжі.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!

Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінен шақырылған э.ғ.д., профессор С. Гришкинаның қонақ дәріс

Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінен шақырылған э.ғ.д., профессор С. Гришкинаның қонақ дәріс2018 жылдың 26 қарашасы мен 21 желтоқсан аралығында Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университеті профессоры, экономика ғылымдарының докторы Гришкина Светлана Николаевна Қарағанды экономикалық университетінде «Бизнестің ашықтығындағы қаржылық және қаржылық емес есептілік» тақырыбында дәріс оқиды.

Интеллектуалды студенттік конкурс «Әлеуметтік жұмыс – адамгершілік бастауы»

Интеллектуалды студенттік конкурс «Әлеуметтік жұмыс – адамгершілік бастауы»«Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасы «Әлеуметтік «жұмыс» және «Құқық негіздері және экономика» мамандықтары студенттері арасында «Әлеуметтік жұмыс – адамгершілік бастауы» интеллектуалды студенттік конкурсын өткізді. Конкурс Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналды.
Интеллектуалды конкурс төрт кезеңнен тұрды. Онда студенттердің кәсіби деңгейін көтеру, олардың бастамашылық пен жаңашылдық шығармашылықтарын дамыту қамтылды.
Жеңімпаздар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен және «Үздік креативті шешім», «Үздік қабырға газет», «Үздік бейнеролик» номинациялар бойынша мадақталды.

«НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ОЙЫНЫ

«НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ОЙЫНЫ27.11.2018 жылы ЭҚҚР кафедрасының оқытушылары Амантай А., Есенов Д., Хауия С. ұйымдастыруымен кәсіби бағдар жұмысын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды қаласының №65 және №102 жалпы орта мектеп оқушыларының арасында «Алғырлар» және «Алты жұлдыз» топтарының қатысуымен «НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» пәнаралық интеллектуалдық сайыс ойынын өткізді.
Ойын 3 турдан тұрды. Сұрақтар биология, география, қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы пәндерінен және логикалық сауалдар болды. Оқушылар арасындағы сайыс тартысты, әрі қызықты өтті. Ойын соңында сайыс қорытындысы бойынша №65 мектеп «Алғырлар» тобы 1-орын, № 102 мектеп «Алты жұлдыз» тобы 2-орынға ие болды. Топтар арнайы диплом және сыйлықпен марапатталды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!«Жайна» хореографиялық ансамблі 2018 ж. 19-21 қарашада Санкт- Петербург қаласында(Ресей Федерациясы) «Таланттар салюті» жобасының шеңберінде өткізілген « Шығармашылық жаңалықтар» Балалар және жасөспірімдер шығармашылығының XXXV халықаралық фестиваль-конкурсына қатысып, ГРАН-ПРИ жүлдегері болды, сонымен бірге ең үздік костюм үшін бірінші дәрежелі лауреат дипломымен марапатталды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL