• Blog news

Біліктілікті арттыру сертификаттарын беру

Біліктілікті арттыру сертификаттарын беру

27 қараша 2018 жылы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңес Аппаратының жетекшісі Нурмуханов Б.М. Бизнес және құқық факультетінің деканы, профессор Ф.С. Момышеваға, ЭҚҚР кафедрасының меңгерушісі, профессор Н.Р. Весельскаяға және ЖҚАП кафедрасының меңгерушісі PhD докторы Т.И. Ауға біліктілікті арттыру сертификаттарын табыс етті.

Экономикадағы сандық теңдестірудің негізгі бағыттары мен тәсілдері» тақырыбында өткен дөңгелек үстел

Экономикадағы сандық теңдестірудің негізгі бағыттары мен тәсілдері» тақырыбында өткен дөңгелек үстел«Сандық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде және «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының студенттердің ғылыми зерттеу жұмысынын ұйымдастырудың жоспарына сай 2018 жылдың 29 қарашасында «Экономикадағы сандық теңдестірудің негізгі бағыттары мен тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, СҒЗЖ факультеттің жауапты оқытушысы А.Е.Майкенова және «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты.
Дөңгелек үстелде еліміздегі «Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан іс-шаралар аталып, оның ішінде біздің Қарағанды өңіріндегі білім беру, медицина салаларындағы жетістіктер қатары айтылып өтті. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар еліміздегі ІТ технология жетістіктерін талқылап, осы бағытта әзірленген ізденістерін ортаға салды.

«ХХІ ҒАСЫР ҚАРЖЫ КӨШБАСШЫСЫ» VII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ

«ХХІ ҒАСЫР ҚАРЖЫ КӨШБАСШЫСЫ» VII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ

2018 жылдың 30 қарашасында «Банктік менеджмент және қаржылық нарықтар» кафедрасы Отандық және Ресейлік оқу орындары студеенттерінің қатысуымен VII Республикалық пәндік олимпиаданы ұйымдастырды.
Аталмыш олимпиада Краснодар, Астана, Алматы және Қарағанды қаласының беделді оқу орындары белсене қатысты. Яғни, КубМАУ, НАРХОЗ, ҚазАТУ, ҚҚЭУ, ҚТЛ, ЕҰУ және т.с.с.
Әр студенттер жарысқа белсене қатыса отырып, шиеленісті сәттерде лайықты жеңімпаздарын анықтады. Қорытынды бойынша келесі оқу орындары орындарға ие болды:
1-орын: КубҰАУ және НАРХОЗ
2-орын: ҚҚЭУ, ЕҰУ және ҚазАТУ
3-орын: КЭПБ және ҚТЛ
Жеңімпаздарды шың жүректен құттықтаймыз!!!

«Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының ашық есік күні

«Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының ашық есік күніӘЖ және ҚХА кафедрасы кәсіби бағдар жұмысы аясында Қарағанды банк колледжінің «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтары студенттері үшін Ашық есік күнін өткізді. Студенттермен кездесу барысында «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының мақсаты, мазмұны, міндеттері сондай-ақ әлеуметтік қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндіктері туралы ақпараттар берілді. Кафедраның «Даму» ғылыми-оқу өндірістік кешені кадр дайындаудың сапасы мен жүйелігінің күәлігі ретінде жұмысы студенттердің басты назарын аудартты.
Экскурсия барысында студенттер ҚҚЭУ-дің ақпараттық білім беру орталығы, Студенттерге қызмет көрсету орталығы, лаборатория және музейдің экспонаттарымен танысты. Әсіресе «Сандық оқыту технологиясы» мен әлеуметтік қызмет көрсету саласын цифрландыру мүмкіндіктері студенттерді қызықтырды.
Кездесу әсерлі нәтижелі болды, яғни студенттер ӘЖ және ҚХА кафедрасының «Әлеуметтік жұмыс» қашықтықтан оқыту мектебі арқылы ҰБТ тапсыруға дайындық пен басқа да форматтағы іс-шараларға бірлесіп жұмыс істеуге ниеттерін білдірді.

«Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық негіздері және экономика» мамандықтары студенттерінің көшпелі сабағы

«Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық негіздері және экономика» мамандықтары студенттерінің көшпелі сабағыКөпсалалы медициналық орталық «Гиппократ» ЖШС базасындағы «LIFE IN» оңалту-санаторий орталығында «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының меңгерушісі Абдакимова М.К., аға оқытушы Алпысбаев М.Б. «Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық негіздері және экономика» мамандықтары студенттерімен көшпелі сабақ жүргізді. Орталықтың әлеуметтік, медициналық қызметкерлері студенттерді осы мекеменің оңалту бағдарламаларымен таныстырды. Ұжымның қолдауымен студенттермен психологиялық тренинг өткізілді. «LIFE IN» оңалту орталығы әртүрлі санаттағы ем қабылдаушылар үшін сауықтыру бағдарламасы бойынша әртүлі жастағы адамдармен оңалту жұмыстарын жүргізеді (оның ішінде ДЦП-мен ауыратындар бар).

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL