• Blog news

Бұқар-жырау ауданына кәсіптік бағдар жұмысымен.

Бұқар-жырау ауданына кәсіптік бағдар жұмысымен.2018 жылдың 21 қарашасында «Маркетинг және логистика» департаментінің аға оқытушысы Райымбекова А.К. және көп тілді білім беру орталығының директорының міндетін атқарушы Ахметова А.А. кәсіптік бағдар беру жұмысымен Бұқар-жырау ауданында болды.
Оқушыларға университеттер туралы бейнероликтер көрсетілді, сонымен қатар факультеттер, гранттар, жеңілдіктер және оқу ақысы, жатақханалар, академиялық ұтқырлық және шетелдік жоғары оқу орындарымен іскерлік қатынастар туралы ақпарат берілді.
Мектеп оқушылары әңгімеге белсенді түрде қызығушылық көрсетіп, бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуға, бюджеттік орындардың болуы мен саны мен КЭУ-де студенттік өмірдің жалпы ерекшеліктеріне қызығушылық танытты.

Н.А. Назарбаев – тәуелсіздік елдің негізін қалаушы, шынайы ұлттық жетекші

Н.А. Назарбаев – тәуелсіздік елдің негізін қалаушы, шынайы ұлттық жетекшіҚарағанды экономикалық университеті Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті қарсаңында «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасы осы датаға арнап кураторлық сағаттар, дөңгелек үстелдер, дәрістер өткізді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні 2012 жылдан бастап елде аталып өтіп келеді. Ол кездейсоқ қойылған дата емес, 1991 жылы 1 желтоқсан алғашқы сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жеңіске шықты.
Елдегі өте қиын сәттерде, яғни КСРО ыдыраған соң дағдарыстық жағдайдан шығатын жол керек болды. Осы кезде Президент елді жаңа даму жолына бастады, қазірде Қазақстан геосаяси кеңістікте маңызды орында.
Егемен Қазақстанның дамуы мен қалыптасуы, Тұңғыш Президенттің тарихи рөлі ҚЭУ-де өткен кураторлық сағаттар мен дөңгелек үстелдерде әңгіме арқауы болды.
Қазақстанның жетістіктерімен Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен болашаққа сенімді қарауға лайық екенін студенттер мен оқытушылар бірауыздан қорытындылады.

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің коворкинг орталығында «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы туризмді дамытудың жаңа мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге «Гелиос», «Меридиан», «Керемет» туристік агенттіктерінің басшылары, сондай-ақ, «Рубин», «Космонавт», «Абиба» мейрамханалары мен қонақ үй бизнесі өкілдері қатысты.
Негізгі мәселе - туристік өнімдердің сапасын арттыру және туристік ұсыныстарды кеңейту үшін туристік фирмалардың, қонақ үйлердің, авиакомпаниялардың, көлік компанияларының азық-түлік кешенінің бірлескен күш-жігерін біріктіру.

МАНСАП КҮНІ

МАНСАП КҮНІ

Жыл сайын университетте мансап күні өтеді. Бұл іс-шараның мақсаты-түлектерді жұмыс берушілермен таныстыру. Мансап күніне туристік ұйымдардың, мейрамханасы және қонақ үй бизнесі, сонымен қатар кәсіпорындардың өкілдері шақырылды.
«Туризм» және «Мейрамхана және қонақ үй бизнесі» мамандықтарының студенттері жұмыс берушілермен кездесуге, резюме таратуға, сөйлесуге және қызықты сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Осы оқу жылының көптеген түлектері «Гелиос», «Travel House» туристік фирмаларына, «Меридиан» ЖШС, Облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, «Рубин» , «Абиба» мейрамханаларына жұмыс істеуге шақырылды.

Кешенді зияткерлік олимпиадасы – 2018

Кешенді зияткерлік олимпиадасы – 2018

2018 жылдың 24 қарашасында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар кафедрасы Қарағанды қаласының 11 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арнай «Білімділер сайысы» деген зияткерлік олимпиадасын өткізді. №83 орта мектебінің оқушылары 1-ші және 2-ші орын және №77 орта мектебінің оқушысы 3-орынға иеленді.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL