• Blog news

ЗИЯТКЕРЛІК МАРАФОН КІМГЕ БАҒЫНДЫРЫЛДЫ?

ЗИЯТКЕРЛІК МАРАФОН КІМГЕ БАҒЫНДЫРЫЛДЫ?

2018 жылдың 29 қарашасында Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасы "Құқықтану" мамандығының студенттері арасында зияткерлік ойын өткізді.
Интеллектуалды марафонның мақсаты: колледж оқушыларының болашақ мамандығына деген қызығушылығын ынталандыру, ЖОО мен орта кәсіптік оқу орындары арасында ынтымақтастық және серіктестік жүйесін құру.
Ойын қорытындысы бойынша жүлделі орындар былай бөілнді:
1-ші орын "Заңгерлер лигасы" командасы (ҚЭББ);
2-ші орын "Ювеста" командасы (ҚЭББ);
3-орын "Парламент" командасы (КЭУК);
Дипломдармен марапатталды:
"Ең белсенді ойыншы" П-34 тобының студенті Артығали Ескеназ;
"Ойынның үздік капитаны" П-33 тобының студенті Крафт Ксения.

Азаматтық және әлеуметтік белсенділік арқылы рухани даму

Азаматтық және әлеуметтік белсенділік арқылы рухани дамуЖастар арасындағы қайырымдылық еріктілік қарекеті «Даму» оқу-ғылыми білім беру кешені аясындағы «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының жүзеге асуындағы тәрбиелік жұмыстың негізгі бағыттарының бірі. Әлеуметтік жұмыс және ҚХА кафедрасы мамандықтары студенттерінің еріктілер негізінде Халықаралық мүгедектер күніне орай ұйымдастырылған «Қайырымдылық ұшқыны» атты фестивалға қатысуы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асуының бір дәлелі.
«Қайырымдылық ұшқыны» фестивалі «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен» «Лайықты Өмір» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдастыруымен өтіп отыр. Оған жергілікті билік органдары мен әлеуметтік қызмет көрсету өкілдері қатысты. Фестивалда мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнерлік заттары саудаланған жәрмеңке және муызкалық концерт ұсынылды.

СҒҚ отырысының есебі

СҒҚ отырысының есебі

Магистр, аға оқытушы З. А. Абдурахманованың жетекшілігімен "туризм және мейрамхана ісі" мамандығы бойынша 1-4 курс студенттерінің қатысуымен студенттік ғылыми үйірменің кеңейтілген отырысы өтті. Студенттер 15 баяндама мен 3 жобаны ұсынды.
Студенттердің ҚҚЭУ оқытушыларының жетекшілігімен мынадай жобалар әзірленді: Третьяков Дмитрий тақырыбы: "Дағдарыс жағдайында мейрамханалық қызметтерді жылжыту әдістері", ғылыми жетекшісі магистр Алексеенко Т. Н.; Серпаева Айнура "Мейрамхана ашу кезіндегі бәсекеге қабілеттілік факторлары", ғылыми жетекшісі Бекишева Ш.Т.; Сатмағамбетова Айсара: "Қазақстанның сакралды орындары бойынша саяхатқа арналған sacral мобильді қосымша", ғылыми жетекшісі Абдурахманова З. А.
Үздік баяндамалар собор жинағында іріктеліп, жарияланады, сонымен қатар конференцияның ресейлік және шетелдік жинақтарында жарияланады.

Кураторлық сағат

Кураторлық сағат

"Туризм және мейрамхана ісі" кафедрасының магистрі, аға оқытушысы З. А. Абдурахманованың жетекшілігімен ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған ашық кураторлық сағат өткізілді. РД-21к тобының студенттері Серікбол Балжан мен Кушекова Жанара баяндама жасады.
Бүгінде біздің еліміз нақты даму стратегиясына, серпінді экономикаға және тұрақты саяси жүйеге ие және осы жетістіктермен біз елімізді мақтан тұтамыз.

«Елбасы – елімен бірге» дөңгелек үстелі

«Елбасы – елімен бірге» дөңгелек үстеліӘлеуметтік жұмыс және ҚХА кафедрасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оған университет оқытушылары мен студенттер қатысты.
Дөңгелек үстелде Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт көшбасшсысы ретіндегі рөлі, мемлекеттік басқарудың қазақстандық үлгісі қалыптасуындағы, мемлекеттіліктің нығаюындағы, нарықтық экономикаға өтудегі сондай-ақ демократиялық қоғам мен ұлттық сана-сезімнің қалыптасуындағы қосқан оразан зор еңбегі сөз болды.
Диалогқа қатысқан ҚЭУ студенттері Қазақстанның Тұңғыш Президентінің басқаруымен қысқа уақытта мемлекеттің саяси және экономикалық тәуелсіз елге айналғанын атап өтті. Сондай ақ өз елдеріне, туған жерлеріне деген мақтаныш сезімдерін білдірді.
Соңында Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Көшбасшы жолы: «Отты өзен» және «Темір тау» фильмі көрсетілді.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL