• Blog news

"МЕН-ЭКОЛОГ" ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ»

"МЕН-ЭКОЛОГ" ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ»27 қазан 2018 ж. «Экология және бағалау» кафедрасы жыл сайынғы «Мен – эколог» интеллектуалды ойынын өткізді. Іс-шараға 37 мектеп (132 оқушы) қатысты. Осы жылы ойын облыстық ауқымда өткізілді, себебі оған Балқаш, Жезқазған, Саран қалалары, Бұқар Жырау ауданы мен Абай ауданы мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз:
1 орын - Балқаш қаласы ЖББ М.П. Русаков атындағы №2 мектеп-интернаты КММ; КГУ «Гимназия №97»
2 орын - «Жезқазған қаласы білім бөлімінің Қ.И.Сәтбаев атындағы; КГУ «Общеобразовательная школа №1 акимата города Сарани»
3 орын - КГУ «Кокпектинская СОШ»; КГУ «СОШ№ 17»
«Самая креативная команда» - Школа лицей №2. г. Караганды; КГУ «СОШ №51»

Enactus KEUK командасы жастар форумында «Жастар және кәсіпкерлік: дамудың векторлары»

Enactus KEUK командасы жастар форумында «Жастар және кәсіпкерлік: дамудың векторлары»Enactus KEUK құрамасының капитаны - Болсынов Жалгаxан 27-28 қазан аралығында Тараз қаласында өткен "Жастар мен кәсіпкерлік: даму векторлары" форумына барды, онымен қоса іс-шараның ұйымдастырылуына ат салысты. Форумда 21 ЖОО-ны қатысты, олардың ішінде Х.А Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, КІМЕР, Абылай xан атындағы ҚазХҚжӘТУ, ALMAU, Семей Медицина Университеті, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті, Орталық Қазақстан Академиясы, Лингва, ПМУ, Халықаралық информациялық теxнологиялар университеті, ҚазҰУ, Каспийлік университет Каспий, Тұран Университеті, ЕҰУ, ТИГУ, ІТ, ХҚУ болды. Жастар бизнес форумы Enactus белсенділерінің диалогты алаңына айналды, олар әлеуметтік және бизнес салаларының тың идеялары мен жобаларын ұсынды.

Экономика, Бизнес және Құқық Колледжінің түлектерімен кездесу

Экономика, Бизнес және Құқық Колледжінің түлектерімен кездесу"Жалпықұқықтық және арнайы пәндер" кафедрасының оқытушылары К.К. Әділбекова, К.С. Ахметова, Г.М. Жақсыбаева, А.Б. Құлибек. және Ю-21к тобының студенттері Камен Өмірбек пен Алкенова Жаннұр Экономика, бизнес және құқық колледжінің түлектерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында мұғалімдер университетке түсу тәртібіне, түсу емтихандарына дайындық және т.б. түсініктеме берді. КТА-ның тест тапсырмаларының форматында студенттерді тестілеу өткізілді. Студенттер өздерінің студенттік өмірі туралы, сондай-ақ белсенді және шығармашылық студенттер үшін университетте қол жетімді мүмкіндіктер туралы әңгімеледі.

«Қазіргі заманғы бизнестегі сандық технологиялар» дөңгелек үстелі

«Қазіргі заманғы бизнестегі сандық технологиялар» дөңгелек үстелі2018 жылдың 22 қазанында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Маркетинг және логистика» кафедрасында онкүндігі аясында жұмыс берушілер мен студенттердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Таныстырылым семинары «Қылмыстық құқықбұзушылықтар картасы»

Таныстырылым семинары «Қылмыстық құқықбұзушылықтар картасы»Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Бизнес және құқық факультеті Қарағанды облысы бойынша Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитетімен бірлесіп, 2018 жылдың 23 қазанында ҚҚЭУ студенттері үшін ақпараттық жүйе жұмысы туралы семинар өткізді: «Қылмыстық қылмыс картасы», «Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы карталар», «Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық шабуыл жасаған қылмыскерлердің карталары».

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL