• Blog news

«Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының ашық есік күні

«Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының ашық есік күніӘЖ және ҚХА кафедрасы кәсіби бағдар жұмысы аясында Қарағанды банк колледжінің «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтары студенттері үшін Ашық есік күнін өткізді. Студенттермен кездесу барысында «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының мақсаты, мазмұны, міндеттері сондай-ақ әлеуметтік қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндіктері туралы ақпараттар берілді. Кафедраның «Даму» ғылыми-оқу өндірістік кешені кадр дайындаудың сапасы мен жүйелігінің күәлігі ретінде жұмысы студенттердің басты назарын аудартты.
Экскурсия барысында студенттер ҚҚЭУ-дің ақпараттық білім беру орталығы, Студенттерге қызмет көрсету орталығы, лаборатория және музейдің экспонаттарымен танысты. Әсіресе «Сандық оқыту технологиясы» мен әлеуметтік қызмет көрсету саласын цифрландыру мүмкіндіктері студенттерді қызықтырды.
Кездесу әсерлі нәтижелі болды, яғни студенттер ӘЖ және ҚХА кафедрасының «Әлеуметтік жұмыс» қашықтықтан оқыту мектебі арқылы ҰБТ тапсыруға дайындық пен басқа да форматтағы іс-шараларға бірлесіп жұмыс істеуге ниеттерін білдірді.

«Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық негіздері және экономика» мамандықтары студенттерінің көшпелі сабағы

«Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық негіздері және экономика» мамандықтары студенттерінің көшпелі сабағыКөпсалалы медициналық орталық «Гиппократ» ЖШС базасындағы «LIFE IN» оңалту-санаторий орталығында «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының меңгерушісі Абдакимова М.К., аға оқытушы Алпысбаев М.Б. «Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық негіздері және экономика» мамандықтары студенттерімен көшпелі сабақ жүргізді. Орталықтың әлеуметтік, медициналық қызметкерлері студенттерді осы мекеменің оңалту бағдарламаларымен таныстырды. Ұжымның қолдауымен студенттермен психологиялық тренинг өткізілді. «LIFE IN» оңалту орталығы әртүрлі санаттағы ем қабылдаушылар үшін сауықтыру бағдарламасы бойынша әртүлі жастағы адамдармен оңалту жұмыстарын жүргізеді (оның ішінде ДЦП-мен ауыратындар бар).

ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ "БИЗНЕС ЖӘНЕ КӨЛІК" КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ "БИЗНЕС ЖӘНЕ КӨЛІК" КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ«Жалпықұқықтық және арнайы пәндер» кафедрасының доценті, з.ғ.к., Байкенжина Күлбағила Алиакпаровна мен Ю-22к тобының студені Қалиева Ақерке Жезқазған қаласындағы «Бизнес және көлік» колледжінің жоғарғы курс студенттері мен ата-аналарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында, ЖОО түсу шарттары мен ережелері кең ауқымда талқыланып, Қарағанды Экономикалық Университетінің бейнежазбасы көрсетілді. Сұрақ- жауап негізінде, бүгінгі жас ұрпақты дамытудың келесідей басымдықтары: Заманауи Қазақстанның даму жолындағы жастардың білім алуы мен еңбекке орыналасуы жайлы сұрақтар қарастырылды. Ал студенттің тарапынан, университет қабырғасында білім ала отырып, оның берер мүмкіндіктері бойынша мәліметтер айтылып өтті. Колледждің жас түлектері университет бойынша, ауқымды мәлімет алу үшін Университеттке келуге ұсыныс білдірді.
Кездесу аяқталған соң, «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алып жатқан 2-3 курс студенттерінің арасында, «Тіл дағдыры-ел тағдыры» тақырыбында зияткерлік сайыс өткізілді

«Университеттегі білім беру менеджменті 4.0» кәсіби біліктілігін арттыруға арналған бағдарлама

«Университеттегі білім беру менеджменті 4.0» кәсіби біліктілігін арттыруға арналған бағдарлама2018 жылғы 20 қарашадан бастап 28 қарашаға дейін Қарағанды экономикалық университеті (Қазақстан) мен “Экономика жоғары мектебі” Ұлттық ғылыми университеті (Ресей) арасындағы Ынтымақтастық туралы Келісім аясында Қарағанды экономикалық университетінің 17 қызметкері «Университеттегі білім беру менеджменті 4.0» қосымша кәсіби біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша 72 академиялық сағат құрайтын дәріс тыңдады. Дәрісті сәтті аяқтағаннан кейін қатысушыларға белгіленген үлгідегі сертификаттар берілді.

Жеміс лимонатын дайындауға арналған мастер-класс.

Жеміс лимонатын дайындауға арналған мастер-класс.«Мейрамхана және қонақ үй бизнесі» мамандығының 1 курс студенттерін бейімдеу үшін жеміс лимонадтарын дайындау бойынша мастер-класс өткізілді.
РД-23с тобының студенті Мозговой Александр сабақтан бос уақытында «Villa Borgeze» мейрамханасында бармен болып жұмыс істейді. Кураторы Алексеенко Т.Н. болып табылатын РД-12, РД-15с топтарының студенттеріне Александр табиғи жеміс лимонадтарын дайындау бойынша лимонадты дайындау және қызмет көрсету туралы айтып мастер-класс өткізді. Бірінші курс студенттері тәлімгердің басшылығымен өздерінің дағдыларын нығайтты.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL