«Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының оқытушылары мен «Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық негіздері және экономика» мамандығы студенттері Ұлт көшбасшысы Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын талқылады. Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспетті болып отыр. Мақалада ол еліміздің рухани дамуы үшін бүгінгі күнгі ғылыми, тарихи және моральдық қажеттіліктерді көрсетіп берді. Мақаланы талқылау барысында қатысушылар Елбасы ұсынған Қазақстан халқының мәдени мұрасын насихаттау мен тарихты зерттеу бойынша алты жаңа жобаны жүзеге асыру әлемдік өркениеттің дамуындағы мәдениеттің, өнердің және ғылымның ілгерлеуіне қосқан қайталанбас үлесі екенін баса атап өтті.
"Экология және бағалау" кафедрасы студенттерге арналған "Коммуникативтік мәдениет: жұмыс беруші – түлек"атты тренинг - семинар өткізді. Тренинг-семинарға Қарағанды облысының Экология және табиғи ресурстар департаментінің бас мамандары Н. Сәдібек және А. Жамшыбай шақырылды. Кездесу студенттерге үлкен қызығушылық тудырып, болашақ мамандығына, алған білімдерін қолдану саласына, жұмысқа орналасу және мансапты құру мүмкіндіктеріне қатысты көптеген қызықты сұрақтарға жауап берді. Қонақтар біздің түлектерімізге қызығушылық танытып, оларды болашақта жұмысқа орналастыру арқылы тәжірибеден өту үшін өз кәсіпорындарына шақырды.
"Экология және бағалау" кафедрасы Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында "Бағалау көшбасшысы - 2018" атты зияткерлік ойынын өткізді. Ойынды қазылар алқасы бағалады: Жүсіп Айнұр Өмірзаққызы - "BWCOMPANY" ЖШС бағалау компаниясының бас директоры (Астана қ.), Галинский Иван Анатольевич -"Эксперт" ҚӨО ЖШС бас маманы, Сихимбаев Мұратбай Рыздықбайұлы - э.ғ.д., профессор. Зияткерлік ойын 4 кезеңнен тұрды: I тур "ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ". Әр команда өзін слайд түрінде таныстырды. Олар өз командасы мен "Бағалау"мамандығының өзектілігі туралы әңгімеледі. II тур " НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?". Командалар болашақ мамандыққа қатысты сұрақтарға жауап берді. III тур "КАПИТАНДАР САЙЫСЫ". Команда капитандары "Бағалау" мамандығы бойынша сайысқа түсті. IV тур "КРОССВОРД". Ойынның ең қызықты бөлігі 20 сұрақтан тұрады, негізінен "Бағалау" мамандығы бойынша. Ойын қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:: 1 орын – Қарағанды экономикалық университеті; 2 орын –Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті; 3 орын –ҚЭУ экономика, бизнес және құқық колледжі. Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!
2018 жылдың 26 қарашасы мен 21 желтоқсан аралығында Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университеті профессоры, экономика ғылымдарының докторы Гришкина Светлана Николаевна Қарағанды экономикалық университетінде «Бизнестің ашықтығындағы қаржылық және қаржылық емес есептілік» тақырыбында дәріс оқиды.
«Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасы «Әлеуметтік «жұмыс» және «Құқық негіздері және экономика» мамандықтары студенттері арасында «Әлеуметтік жұмыс – адамгершілік бастауы» интеллектуалды студенттік конкурсын өткізді. Конкурс Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналды. Интеллектуалды конкурс төрт кезеңнен тұрды. Онда студенттердің кәсіби деңгейін көтеру, олардың бастамашылық пен жаңашылдық шығармашылықтарын дамыту қамтылды. Жеңімпаздар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен және «Үздік креативті шешім», «Үздік қабырға газет», «Үздік бейнеролик» номинациялар бойынша мадақталды.