• Blog news

Стара Загора қаласының Тракия университетінің (Болгария) Генчто Вълчев доцентінің дәрістері

Стара Загора қаласының Тракия университетінің (Болгария) Генчто Вълчев доцентінің дәрістері2018 жылдың 8 қазан мен 2 қараша аралығында Қарағанды экономикалық университетінің «Әлеуметтік жұмыс» және «Құқықтану» мамандықтарының студенттері үшін Стара Загора қаласының Тракия университетінің (Болгария) Генчо Вълчев PhD, доценті «Жеке тұлғаның әлеуметтік жұмыс істеуінің коммуникативтік аспектілері және негізгі кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру» тақырыбында дәріс оқиды.

Бірінші курс студенттерімен кездесу

Бірінші курс студенттерімен кездесуБіздің университетіміздің оқытушылары білім беру процесін ұйымдастыруда жатақханаларда тұратын студенттермен жұмыс істеуге үлкен көңіл бөледі. Сонымен, «Жалпы құқық және арнайы пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Адильбекова К.К. бірінші курс студенттерімен кездесу өткізіп, олармен патриоттық және этносаралық қарым-қатынас мәдениетін талқылады. Пікірталас барысында пікір алмасу ғана емес, сонымен бірге студенттердің бір-бірімен жақынырақ өзара қарым-қатынаста болуы, студенттер бір-бірімен жақсы танысып, достық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беріледі.

Ректор кубогы үшін «Алтын күз» күзгі кроссы

Ректор кубогы үшін «Алтын күз» күзгі кроссы2018 жылдың қыркүйектің 21-ші күні Қарағанды экономикалық университетінде Ректор Кубогына арналған «Алтын күз» күздік кроссы өткізілді.
Бұл күні 100-ден астам университет және колледж студенттері 500 және 1000 метрлік жеңіл атлетиткалық жүгіруден жарысты.
Қорытындылар:
Жеке есепте (қыздар):
I орын – Лисичкина Варвара
II орын – Шаязданова Дана
III орын – Катаева Виктория
Жеке есепте (ұлдар):
I орын – Бондарь Андрей
II орын – Әбдір Жарас
III орын – Алимхан Еламан
Командалық есепте (қыздар):
I орын –Экономика, бизнес және құқық колледжі
II орын –Экономика және басқару факультеті
III орын – Бизнес және құқық факультеті
Командалық есепте (ұлдар):
I орын – Бизнес және құқық факультеті
II орын – Экономика, бизнес және құқық колледжі
III орын – Есеп-қаржы факультеті

«Magnum Cash & Carry» аумағында сабақтар

«Magnum Cash & Carry» аумағында сабақтар

"Маркетинг және логистика" кафедрасының оқытушылары Лесов Д. Д. және Томашинова А. Е. есеп-қаржы факультетінің Лог–42, Лог–43, МК–42 топтарының студенттерімен "Magnum Cash & Carry" аумағында көшпелі сабақ өткізді.
"Magnum Cash & Carry" әкімшілігі тауардың сөрелерге қалай жеткізілетінін, оны қайда және қалай сақтайтынын көрсетті. Студенттер коммерциялық логистика, тарату логистикасы және мерчендайзинг негіздері саласында өздерінің теориялық білімдерін толықтыра алды.

Ягеллон университетінің (Польша) қауымдастырылған профессоры Мачей Течкенің арнайы дәрісі.

Ягеллон университетінің (Польша) қауымдастырылған профессоры Мачей Течкенің арнайы дәрісі.

2018 жылдың 1 мен 30 қазан аралығында Қарағанды экономикалық университетіне Ягеллон университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Мачей Течке іс сапармен келеді.
Профессор «Менеджмент» мамандығы студенттеріне арналған «Стратегиялық менеджмент» атты дәрістер курсын оқиды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL