• Blog news

Милан-Бикокка университеті(Италия) профессорының сапары

Милан-Бикокка университеті(Италия) профессорының сапарыҚазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде Милан-Бикокка (Италия) университетінің ассоц. профессоры, Компьютерлік ғылымдар, жүйелер және коммуникациялар департаментіндегі (DISCo) Bis-Lab ақпараттық қауіпсіздік лабораториясының негізін қалаушылардың бірі, компьютерлік ғылымдар саласындағы PhD Альберто Оттавио Лепорати болып қайтты.
Сапар барысында шет елдік мейман университет ректорымен кездесті, университеттің қызметі мен материалды-техникалық базасымен, соның ішінде Қашықтықтан оқыту орталығы мен Ақпараттық-есептеу жүйелері кафедрасының лабораторияларымен, Студенттерге қызмет көрсету орталығымен танысты. ІТ саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, ІТ-мамандар даярлау сұрақтары мен болашақта бірігіп атқарылатын іс-шаралар бойынша Ақпараттық-есептеу жүйелері кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен ақпараттық қауіпсіздік лабораториясын құру бойынша жұмыс тобының қатысуымен отырыстар өткізілді.

Талапкерлердің назарына !

Талапкерлердің назарына !Мемлекеттік білім гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі 2018 жылдың 28-ші шілдесіне дейін ұзартылды. Қарағанды экономикалық университетінің қабылдау комиссиясы: Қарағанды қаласы, Академическая көшесі, 9. Телефондар 8(7212) 44-15-72, 44-15-68

ҚҚЭУдің Түркі халықтарының халықаралық фестиваліне қатысуы

ҚҚЭУдің Түркі халықтарының халықаралық фестиваліне қатысуы2018 жылдың 30 маусымында Қарағанды экономикалық университетінің Этнографиялық сән театры Астана қаласында өткен «Kөшпенділер әлемі» атты түркі халықтарының бірінші халықаралық фестиваліне қатысты. «Kөшпенділер әлемі» дәстүр, тарих, бірлік пен көшпелі мұра рухын сақтауда маңызды рөл атқарады. Фестивальға көшпенділердің бірегей мәдениетін көрсетуге Венгрия, Болгария, Қырғызстан, Башқұртстан, Түркия мен Қазақстан топтары келді. Қыздарымыздың ерекше және әсем бейнелері әртүрлі елдерден келген қатысушыларға, БАҚ, «Qazaq Geography» және «Kazakh Tourism» ұйымдарына, фестиваль қонақтары мен іс-шара ұйымдастырушыларына керемет әсер қалдырды. Қазақстандық БАҚ біздің костюмдеріміз туралы «Қазақстандық сұлулардың қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып ұлттық түс элементтерімен әзірлеген дизайнерлік көйлектері сол уақыттың рухын жеткізе алды», - деп жазады. Таңқалған шетелдік және қазақстандық қонақтар әр киімнің дизайны мен тарихына қызығушылық танытты және суретке түсу мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысты.

Пәндерді ағылшын тілінде жүргізудің жаңа тәсілдері

Пәндерді ағылшын тілінде жүргізудің жаңа тәсілдері2018 жылдың маусым айының соңында Көптілді білім беру орталығында көптіліді оқытушылар үшін «Пәндерді ағылшын тілінде оқытудағы CLIL әдіснамасы мен практикасы» тақырыбы бойынша семинар өтті. Бүгінгі таңда көптеген елдердегі білім беру мекемелері CLIL әдіснамасын іс жүзінде қолданады. Қарағанды экономикалық университетінің оқытушылары ағылшын тілінде белгілі пәндерді жүргізеді, бұл тек кәсіби мамандарды емес, сонымен қатар шет тілдерін білетін мамандарды да дайындауға мүмкіндік береді. Семинарда біріктірілген пәндік-тілдік оқытуды қолданудың негізгі мәселелері, оның қағидалары, аспекттері мен артықшылықтары талқыланды. Тәжірибелік бөлімде пәлсапаны ағылшын тілінде оқыту әдістемесі көрсетілді.

Тілдерді білу - табысқа жетудің кілті!

Тілдерді білу - табысқа жетудің кілті!2017-2018 оқу жылының соңында Көптілді білім беру орталығы ағылшын тілі тындармандарына - ҚҚЭУ оқытушылары мен қызметкерлері - емтихандарды сәтті тапсырып, тиісті деңгейде оқып шыққан туралы сертификаттар тапсырды. Тілдерді үйрену үшін көп уақыт пен шыдамдылық, күш пен жігер талап ететінін ескере отырып, ҚҚЭУ оқытушылары мен қызметкерлері өздігінен тәртіп және жауапкершілік танытып жеңіске жетті. Орталық сондай-ақ «Үздік тындарман» атты марафонды жариялаған болатын, нәтижесінде 11 оқытушы мен қызметкерлерге үздік сертификат берілді. КБО барлық тыңдаушыларды құттықтайды және жаңа оқу жылында күтеді!

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL