• Blog news

CACTLE жобасының қатысушылары бакалавриат студенттеріне арналған: «Бастауыш кәсіпкер» тақырыбында оқыту курстарын өткізді.

CACTLE жобасының қатысушылары бакалавриат студенттеріне арналған: «Бастауыш кәсіпкер» тақырыбында оқыту курстарын өткізді.

2018 жылдың 10-12 сәуірінде КЭУК-да «Жаңадан бастаған кәсіпкер» тақырыбында 1-4 курс студенттері арасында э.ғ.к., доцент Н.Улаковтың және аға оқытушы Сыздықбеков Е.С. жетекшілігімен коучинг өтті. Бұл курс өз ісін ашуды қалайтындарға, экономика, қаржы, бизнесті жоспарлау және кәсіпкерлік саласында орташа білімі бар адамдарға бағытталған.
Коучинг нәтижесінде қатысқан 24 студент бағалы сыйлықтар мен сертификаттар алды.

Шетелдік IT-маманының тренингі

Шетелдік IT-маманының тренингі

2018 ж. 25 сәуірінде АЕЖ кафедрасы мамандықтарының студенттері «EPAM» Компаниясының білім беру бөлімінің басшысы (Минск қ., Беларусь Республикасы) Евгений Пешкураның «Современный IT-рынок и почему мы такие, какие есть?» тренингіне қатысты.
«EPAM» компаниясы – тапсырыс бойынша орындалатын бағдарламалық құралдардың әлемдік күрделі өндіруші болып табылады, консалтинг бойынша маман, Беларустық жоғары технологиялар паркінің резиденті. Тренинг барысында студенттер негізгі трендтармен және заманауи IT-нарықтың даму қозғалыстарымен танысты, біл студенттерге курстық және дипломдық жобаларды жобалау барысында бағыттарды дұрыс таңдауға мүмкіндік береді, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жобаларында, стартаптарды және жаңа ойларды құру барысында көмектеседі.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!2018 жылдың 20 мамыр күні Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде өткен аймақтық көптілділік олимпиададан 2 орын алғаны үшін Искакова Ш. МЭ22, Бабенова А. МО-21к, Санаубаев. Б. ТУР-31к, Корнеев А. ТПП-12 топтарының студенттерін ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Құттықтаймыз!!! Жеңіл атлетикадан университеттің құрамасы 2018 жылы 21 сәуірде ЖОО студенттері арасындағы дәстүрлі қалалық көктемдік жеңілатлетикалық жарыста жалпы командалық І орынды иеленді.

Құттықтаймыз!!!  Жеңіл атлетикадан университеттің құрамасы 2018 жылы 21 сәуірде ЖОО студенттері арасындағы дәстүрлі қалалық көктемдік жеңілатлетикалық жарыста жалпы командалық І орынды иеленді.

500 метр қашықтықта:
7. Лисичкина Варвара – МО-33
8. Ходаренко Дарья – Тур-22
9. Ботнаренко Наталья – Тур-22
10. Кислицына Елизавета – МЭ-12
11. Катаева Виктория – МН-12
12. Трошина Анна – Э-22

1000 метр қашықтықта:
6. ӘбдірЖарас – Эко-11к
7. Лентовский Николай – Лог-23с
8. Марченко Дмитрий – С-13с
9. Бондарь Андрей – Лог-22
10. Ишманов Константин – Лог-22

Университеттің жеңіл атлетикада құрамасына Қарағанды қ. Оңтүстік-Шығыс ауданында 8 мамырда «Индустриалды Қарағанды» облыстық газетінің сыйлықтарына өтетін эстафета жарысында сәттілік пен жеңістер тілейміз!!!

«ҚОЗЫ КӨРПЕШ-БАЯН СҰЛУ- 2018» студенттер арасында өткізілген жұптық сайыс

«ҚОЗЫ КӨРПЕШ-БАЯН СҰЛУ- 2018» студенттер арасында өткізілген жұптық сайыс

«Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы» және «Ұлағат» шығармашыл жастар ұйымының ұйымдастыруымен Ж.Букенов атындағы Қарағанды банк колледжінің базасында, ғашықтар күніне орай «ҚОЗЫ КӨРПЕШ-БАЯН СҰЛУ- 2018» атты студенттер арасында жұптық сайысқа университетіміздің намысын қорғау үшін «Бизнес және құқық» факультетінің студенттері Танибеков Нұрбол, Омарова Анель, Әкімжан Асқар және Рахматоллина Диана қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша, Нурбол мен Анель «ЖҮРЕГІМ ЖҮРЕГІҢМЕН ЕГИЗ БЕ ЕДІ?» номинациясына ие болса, Асқар мен Диана «ҒАШЫҚТЫҢ ТІЛІ- ТІЛСІЗ ТІЛ» номинациясын жеңіп алды. Жеңістеріңіз құтты болсын!

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL