2018 жылдың 19 қыркүйегінде «Банктік мендежменті және қаржылық нарықтары» кафедрасы оқытушысы Исанов А.С., «Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу» кафедрасы аға оқытушысы Амантай А.А., «МЖБ және ЭТ» кафедра аға оқытушысы Юсупов М.Т., «ӘЖ және ҚХА» кафедрасы профессоры Минжанов Н.А. және студент-волонтерлардың қатысуымен Абай ауданы Білім бөлімі басқарамасында мектеп түлектері үшін кәсіби бағдарлық іс-шарасы өтті. Кәсіби бағдарлық іс-шараны өткізу барысында мектеп түлектеріне ҚҚЭУ мен БҚЭК жайлы бейне ролигі және презентациялары ұсынылды. Сонымен қатар түлектер анкеталар толтырды. Іс-шараны өткізу барысында бітіруші түлектер белсенділік танытып, маңызды сұрақтарға жауаптар алды. Жалпы кәсіби-бағдарлық іс-шара жоғары деңгейде өткізілуіне барлық жағдай жасалынған. Аталмыш шаралар келешекте де жүзеге асырылу жоспары бар.
13 қыркүйек күні ,Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық унивеситетінде Enactus Keuk құрамасына іріктеу мен тұсаукесер өткен болатын.Студенттерге әлем кубогының және ұлттық жарыстардың флешбегі көрсетіліп және enactus keuk спикерлері өз мақсаттары мен құндылықтары жайлы айтты. Команда құрамына 31 студент кірді ,олар 1-3 курсте оқушылар ;мамандықтары:”Халықаралық қатынастар","учет және аудит","логистика","туризм","қонақүй ісі ","әлем экономикасы".Студенттер Enactus құрамасының немен айналысатынын және оларды болашақта не күтетінің білді.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенттерін «Самұрық-Қазына» Қоры компаниялар тобында Ротациялау бағдарламасына қатысуға шақырамыз. Біз Қазақстанның барлық аймақтарынан түлектерді ең талантты 30 студенттің командасын құруға барынша тартуға мүдделіміз. 2017, 2018, 2019 түлектерін (бакалавриат, магистратура) Қазақстан Республикасының ең үздік ұлттық компанияларында кәсіпқой болуды және өз мансабын бастауға тілектеспіз. «Жас Өркен» бағдарламасы аясында білім беру қызметі «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінің базасында жүргізілетін болады. Бағдарламаның міндетті компоненті компанияларының топ-менеджерлерінің басшылығымен Қор компанияларының бөлімшелерінде 2 жыл ішінде бес айлық ротация болып табылады. Конкурстың жеңімпаздарына ай сайынғы жалақы төленеді, ротация орнына және тұру орнына ақы төленеді. Қатысушыларға қойылатын талаптар және Конкурстың шарттары туралы толығырақ http://www.zhasorken.skcu.kz/ сайтында танысуға болады. 2018 жылы қызығушылық танытқан барлық түлектерден «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінің өкілдерінің презентациясы үшін осы сілтеме бойынша тіркелуді өтінеміз (https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSe-UAPIDG3WcoOz7dod1D8wJ0DelQJ41e48miZzh6ySDuoZcg/viewform?usp=pp_url) ол 13 қарашада сағат 15: 00-де Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде өтеді.
2018 жылдың 10 қыркүйегі мен 5 қазан аралығында Қарағанды экономикалық университетінің «Туризм» және «Мейрамханалық ісі» мамандықтарының студенттері үшін К. Охридский атындағы София университетінің PhD, профессоры Желю Владимиров «Туризм және қонақ үй ісі саласындағы инновациялар» (Болгария) тақырыбында дәріс оқиды.
ENACTUS KEUK командасының қатысушылары - Болсынов Жалғасхан, Райымханова Зарина, Жолдыбай Алтынай, Оразбекова Алина 2018 жылдың 17-22 тамызы аралығында бастап «Enactus Eurasia Summer Camp 2018» жазғы лагеріне қатысты. ENACTUS KEUK студенттері «Enactus Eurasia Summer Camp 2018» жазғы лагері аясындағы кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық, жобаларды басқару, бизнес-инновациялар бойынша оқу оқуға мүмкіндік алды. Осы іс-шараның 10 ұйымдастырушысының бірі біздің команданың капитаны Ю-42 тобының студенті, Болсынов Жалғасхан болды. Жазғы лагерге Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан және Әзірбайжаннан 200-ден аса белсенді студенттер қатысты. Командамыздың атынан Enactus Kazakhstan-ға ірі іс-шараны жақсы ұйымдастырғаны үшін, сондай-ақ Директорлар кеңесінің мүшесі және Enactus Reading club жетекшісі Азамат Утеновке конкурстарға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз. Лагерге қатысу үшін 3 грант ұтып алдық, осыған байланысты біздің студенттеріміз бұл іс-шараға тегін қатысты. Және, әрине, КЭУК ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Аймағамбетов Ерқара Балқараұлын, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, стратегиялық және инновациялық даму бойынша, экономика ғылымдарының докторы, профессор Накипова Гульмира Ермековнаны және «Enactus-KEUК» халықаралық бағдарламасының эдвайзері экономика ғылымдарының докторы, профессор Сихимбаева Динара Рахмангазиевнаны осындай іс-шараларға қатысу мүмкіндік бергендері үшін алғыс білдіреміз.