• Blog news

БИБЛИОУТРО

БИБЛИОУТРОҚазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетінің кітапхана қызметкерлері студенттерге 2018жылдың 13-інші сәуір айының таңын кітапханада қарсы алуды ұсынды.
«Библиоутро:жаңаша оқып және көңіл көтереміз »деген ерекше тақырыппен өткізілген науқанға университет пен колледж студенттері қатысты.Оқушыларға қызықты және әр түрлі бағдарламалар ұсынылды.
Кітапхана қызметкерлері университеттің кіре берісінде кім кітапханаға апаратын жолды біледі деген қызықты сауалнама өткізді.Білген студенттер смайликтер алды,білмегендері-байланыс ақпараттары мен кітапхана мекенжайы көрсетілген нұсқаулықтар алды.
Әрі қарай бағдарлама бойынша кітапхана фойесінде студенттерге ыстық шәй мен кофе ұсынылды.Кітапхана директоры Жабаева Г.Н қатысушыларға құттықтау сөз жолдады.Шараға қатысушылар «Вдохновение» студенттер театрының дайындаған«Эх, молодежь...»,атты қойылымын көрді.
«Библиоутро»әдеби караоке,поэзия мерекесімен жалғасты.Оқытушылар мен кітапханашылар, студенттер музыкалық сүйемелдеумен танымал авторлардың туындылары мен және де өздері шығарған өлеңдерін оқыды.
Спорттық және интеллектуальды конкурстар қызықты әрі көңілді өтті.Студенттер секіртпе жіппен секіру,белтемір айналдыру,ауыр кір тастарын көтеру,логикалық және математикалық тапсырмалар шешу,шахмат пен дойбы ойындарын ерекше құлшыныспен ойнады.
ТПП-24с тобының студенттері Жанкеев Төлеген мен Пручаев Богданның жемістерді безендіріп турау мен майлықтарды сәндеп қою туралы өткізген мастер класс шараның ақырғы аккордына айналды.
Кітапхана қонақтары үшін кітапхана қызметкерлерің дайындаған әртүрлі суреттерін қолданып, естелікке суретке түсуге арналған сурет бұрышы күні бойы пайдалануға ұсынылды.Сондай-ақ кітапхана қонақтары «15сәуір ғашықтар күніне»арнап жасалған кітапхана квилтіндегі сұрақтарға жауап берді.
«Библиоутро»үлкен қызығушылық тудырды,мерекеге қатысушылар кітапхана қызметкерлеріне қызықты шара өткізгендері үшін алғыстарын айтып,«Библиоутро»Қарағанды Экономикалық Университетінің кітапханасының дәстүрлі іс-шараларына айналса деген үміт тілектерін жеткізді.

«Логистика» мамандығы бойынша X Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы, Алматы қаласы

«Логистика» мамандығы бойынша X Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы, Алматы қаласы

«Логистика» оқу бағдарламасының студенттері М.Тынашпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында, Алматы қаласында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының логистика бойынша 10-шы Республикалық пәндік олимпиадасына қатысты.
КЭУК «Логистика» мамандығының студенттері алдындағы іріктеу нәтижесінде келесі екінші курс студенттері тағайындалды:
1) Шевера Игорь Васильевич, Лог-22 тобының студенті;
2) Дубовцев Вениамин Сергеевич, Лог-22 тобының студенті;
3) Карипов Шаризат Бекзатович, Лог-22 тобының студенті;
4) Шишлова Дарья Витальевна, Лог-22 тобының студенті;
5) Мительглик Кирилл Викторович, Лог-23с тобының студенті.
Олимпиада қорытындысы бойынша Лог-22 тобының студенті Шишлова Дарья Витальевна 2 орынға ие болды.
«Маркетинг және логистика» кафедрасының оқытушыларының басшылығымен команданың барлық қатысушылары: доц. Смағұлова К.С., доц. Салимова Ж.Д., магистр Лесов Д.Д. жоғары нәтиже көрсетті және абыройлы орындады, оларға жоғары нәтижелері үшін сертификаттар берілді..
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Бизнес және құқық факультеті Республикалық студенттік пәндік олимпиада жеңімпаздарын құттықтайды

Бизнес және құқық факультеті Республикалық студенттік пәндік олимпиада жеңімпаздарын құттықтайды«Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығы бойынша 2 орын: Әбен Ардақ, Гун Ангелина, Нагимуллина Наиля; жетекші, аға оқытушы Абдурахманова З.А.
«Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша 3 орын: Исаев Айтуар, Берікбай Әсем, Ержан Мақпал, Қанатұлы Жанайдар, Тұяқбай Аңсар; жетекшілері: ӘЖ және ҚХА кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Абдакимова М.К., п.ғ.д., профессор Минжанов Н.А.
Санаубаев Болат ТУР-31к, «Туризм» мамандығы бойынша олимпиадада жеке есеппен 2 орын.
ҚҚЭУ-ді республикалық деңгейде жоғары дәрежеде көрсете білген факультет студенттеріне алдағы уақытта шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!!!

Абай ауданының Топар кенті мектептеріндегі кәсіби бағдарлық жұмысы

Абай ауданының Топар кенті мектептеріндегі кәсіби бағдарлық жұмысы2018 жылдың 13 сәуірде «Банктік мендежменті және қаржылық нарықтары» кафедрасы оқытушысы Исанов А.С. және «Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу» кафедрасы аға оқытушысы Амантай А.А. қатысуымен Абай ауданы Топар кентіндегі Абай атындағы және Корниенко атындағы орта мектептерінде кәсіби бағдарлық іс-шарасы өтті.
Кәсіби бағдарлық іс-шараны өткізу барысында мектеп түлектеріне ҚҚЭУ мен БҚЭК жайлы бейне ролигі және презентациялары ұсынылды. Сонымен қатар түлектер анкеталар толтырды. Іс-шараны өткізу барысында бітіруші түлектер белсенділік танытып, маңызды сұрақтарға жауаптар алды.
Жалпы кәсіби-бағдарлық іс-шара жоғары деңгейде өткізілуіне барлық жағдай жасалынған. Аталмыш шаралар келешекте де жүзеге асырылу жоспары бар.

«Өзбекстандағы Қазақстан білім күндері» көрмесіне қатысу

«Өзбекстандағы Қазақстан білім күндері» көрмесіне қатысу 9-10 сәуір 2018ж. ӘЖжәнеҚХА кафедрасының меңгерушісі Абдакимова М.К. Өзбекстан Республикасы, Навои облысы, Навои қаласында Жастар орталығында өткен «Өзбекстандағы Қазақстан білім күндері» көрмесіне қатысты. Көрмеде Қазақстанның 26 жетекші жоғарғы оқу орындары көрсетілді.
Көрмеде түлектермен және аймақтық колледждер мен мектеп оқушылары, олардың ата-аналары, сонымен қоса мектеп, колледж, лицей оқытушыларымен кездесу өтті. Оларға Қарағанды экономикалық университетіне түсу және білім алу жағдаяттары бойынша ақпарат берілді.
Кәсіби бағдарлық мақсаттағы іс-сапар барысында Навои қаласында орналасқан Навои мемлекеттік тау-кен университеті, академиялық лицейде, сонымен қатар этникалық қазақтар мен қарақалпақтар тығыз орналасқан Канимех аудан орталығында ауылшаруашылық және экономикалық колледждерде болды.
Кездесу барысында ҚҚЭУ туралы, күндізгі және сырттай-қашықтықтан білім алу және оқуға түсу жағдайлары туралы толық ақпарат берілді, ақпараттық анықтамалар, бүктемелер таратылып, сұрақтарға жауап берілді. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде ҚҚЭУ түсуге ниет білдірген потенциалды түлектердің тізімі жасалды.
М.К. Абдакимоваға ғылыми-ағарту форум жұмысына белсенді қатысқаны үшін Навой облысы әкімінің атынан алғыс хат берілді.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL