• Blog news

«Meet and Cuidе» жоба презинтациясы

«Meet and Cuidе» жоба презинтациясыҚарағанды экономикалық университетінің командасы үш күн бойы 2017 жылдың 20 қазанынан 22 қазаны аралығында алғаш рет Startup Weekend Astana жобасына қатысты. Бұл –Астана қаласы әкімшілігімен, АҚ «Астана Innovations», МОST Бизнес-инкубаторымен жүргізіліп отырған Astana Innovations Challenge жобасының алтыншы іс-шарасы. ҚҚЭУ командасы «Meet and Cuidе» жобасын бірінші рет презентациялағаннан кейін ең күшті ондықтар қатарына ілігіп, екінші турға жіберілді.

Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыруҚарағанды экономикалық университетінде Қоғамдық саяси кеңес аясында (жетекші профессор Клишина М.В.) әлеуметтік жұмыс мәселелері бойынша проректор Абилов Қ.Ж. қатысуымен 19.09, 5.10, 6.10, 17.10, 24.10, 25.10, 26.10, 27.10 облыс дін мамандары, Қарағанды облысы дін істер басқармасы, «Виктория» оңалту орталығымен бірге рухани келісім күніне орай кездесулер, дөңгелек үстелдер, брифинг өткізілді.

Қазан төңкерісіне 100 жыл

Қазан төңкерісіне 100 жылҚазақ төңкерісіне 100 жыл толуына орай тарих сабағынан қызықты әрі танымды сабақты ҚЭУ-де т.ғ.д., профессор Абилов К.Ж. және «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент Абдакимова М.К., аға оқытушы Мустафин С.Ш. өткізді.

«Мен эколог» интеллектуалды ойыны

«Мен эколог» интеллектуалды ойыны«Экология және бағалау» кафедрасы мектеп оқушылары арасында «Мен эколог» интеллектуалды ойынын өткізді. Қарағанды қаласының 12 мектебі қатысты. Мектеп оқушылары экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арналған зияткерлік ойынында қызықты сайыстар мен викториналарға қатысты.
Жарыстың нәтижесі бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
1 орын - Лицей. С.Сатаров № 57, -9 сынып оқушылары;
2 орын - № 48 ОМ, -10 сынып оқушылары;
3 орын - № 33 ҚМУ, -10 сынып оқушысы.
«Ең шығармашылық ұжым» номинациясын № 51 ҚМУ командасы алды.

Жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасында «Эрудит-2017» олимпиадасы өткізілді

Жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасында «Эрудит-2017» олимпиадасы өткізілдіАғымдағы оқу жылының 28 қазан күні университет қабырғасында Экономикалық теория және мемлекеттік, жергілікті басқару кафедрасының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының жалпы білім беру мектеп, гимназия және лицей оқушыларының арасында «Эрудит-2017» олимпиадасы өткізілді. Аталмыш олимпиадаға қаламыздың жалпы білім беру мектептері, гимназия және лицейлерінің 50 оқушы қатысты.
Олимпиада екі тілде өтті: қазақ тілі, орыс тілі.Бірінші кезең (іріктеу кезеңі) бойынша қатысушылар география, биология, дүниежүзі тарихы пәндері бойынша тесттік сұрақтарға жауап берді. Үздік балл жинаған 6 қатысушы екінші кезеңге өтіп, интеллектуалды викторинада қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы өз араларында жеңімпаздарды анықтады.
Олимпиаданың 1 және 2 кезең қорытындысы бойынша төмендегі тізімдегі оқушылар жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар университет ректорының шешімімен тағайындалған, 5%, 10%, 15% оқу ақысына жеңілдік қарастырылған сертификаттармен марапатталынды.
Мемлекеттік тілді оқушылар арасында жеңімпаз атанғандар:
1 орын – Марксова Ж (СОШ №77) , 2 орын – Маркс А. (СОШ №77) , 3 орын – Нарикбай Н. (КСШ №41)
Орыс тілді оқушылар арасында жеңімпаз атанғандар:
1 орын Раздеваев А. (СОШ №61); 2 орын - Бородин И. (СОШ №52), орын – Умаров Г.(СОШ №77)
Дипломдармен марапатталынғандар: Асанова М.(СОШ №77), Мейржанова А.(СОШ №41), Таскараев Н. (СОШ №61), Жанабай А. (СОШ №17), Ондасынова А.(СОШ №61), Хон В. (СОШ №52).

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL