• Blog news

Құттықтаймыз !!!

Құттықтаймыз !!!2017 жылдың 17-20 қазан аралығында Астана қаласында конькимен жүгіру спортынан жеке қашықтықтар бойынша ҚР чемпионаты өтті.
ҚР чемпиондары атанғандар:
Екатерина Айдова, Ю-23ж/о тобы– 500 м, 1000 м, 1500 м,
Станислав Палкин, С-11ж/о тобы – 1000 м
2 орынды алды:
Станислав Палкин, С-11ж/о тобы– 500 м
Алена Стапстова, Лог-22 тобы – 500 м
3 орынды алды:
Артем Крикунов, РД-24с тобы– 500 м
Жарыс қорытындысы бойынша құрамасы құрылады, олардың міндеті әлем Кубогының кезеңдерінде қатысу мен олимпиадалық лицензияға күресу.

Астана ақылды қала

Астана ақылды қалаҚарағанды экономикалық университетінің командасы үш күн бойы 2017 жылдың 20 қазанынан 22 қазаны аралығында алғаш рет Startup Weekend Astana жобасына қатысты. Бұл –Астана қаласы әкімшілігімен, АҚ «Астана Innovations», МОST Бизнес-инкубаторымен жүргізіліп отырған Astana Innovations Challenge жобасының алтыншы іс-шарасы. ҚҚЭУ ко-мандасы «Meet and Cuidе» жобасын бірінші рет презентациялағаннан кейін ең күшті ондықтар қатарына ілігіп, екінші турға жіберілді.
Еліміздің әр түрлі ЖОО келген 30 астам стартап-командалары осы іс-шара аясында туристік қызмет көрсету және қалалық ақпараттар жүйесі сала-сындағы енгізуге дайын инновациялық жобаларына презентация жа-сады.
Формалды емес іскерлік қарым-қатынастар жүргізу барысында осы іс-шара аясында менторлар өздерінің жеке кәсіпкерлігін жүргізу тәжіри-бесімен бөлісіп, жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлерге ақылдарын ай-тып өздері-нің жеткен жетістіктерінің кейбір қырларын ашты.

Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған «Игі іс мамандығы» атты интеллектуалды сайыс

Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған «Игі іс мамандығы» атты интеллектуалды сайысКафедраның кәсіби бағыттағы жұмыс жоспарын орындау мен әлеуметтік қызметкерлер күнін атап өту шеңберінде 2017 жылы 20 қазан күні Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасы тарапынан «Игі іс мамандығы» атты интеллектуалды сайыс өткізілді.
Сайысқа қатысушылар әлеуметтік жағдайларды шешу, әлеуметтік жобаларды презентациялау мен өңдеу бойынша өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін көрсетті.
Сайыс нәтижесінде номинациялар бойынша жеңімпаз атанғандар:
- «Үздік бейнеролик» ҚҚЭУ-нің студенттерінен құралған «Ақ тілек» тобы;
- «Интерактивті плакат» Қарағанды банк колледжі студенттерінен құралған «Аялы алақан» тобы;
- «Үздік презентация» Орталық Қазақстан Академиясы студенттерінен құралған «Лучи добра» тобы.
І - ші дәрежелі диплом - Орталық Қазақстан Академиясы студенттері «Лучи добра» тобы; ІІ - ші дәрежелі диплом - ҚҚЭУ-нің студенттері «Ақ тілек» тобы; ІІІ - ші дәрежелі диплом - Қарағанды банк колледжінің студенттері «Аялы алақан» тобы.

2017 жылдың 19 қазан айында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ҒАЛАМДЫҚ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІК» атты экономика бойынша...

2017 жылдың 19 қазан айында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ҒАЛАМДЫҚ БӘСЕКЕҚАБІЛЕТТІЛІК» атты экономика бойынша...

Олимпиада ұлттық экономика саласындағы, түрлі іс-әрекет салаларын басқару, экономикалық мамандықтар мәртебесін арттыруда студенттердің, болашақ мамандардың шығармашылық әлеуетін ашу, студенттік жастардың шығармашылық бастамасы мен ғылыми белсенділігін ынталандыру мақсатында өткізілді.

Олимпиадада ел ЖОО-н таныстыратын түрлі қалалардан 8 топ қатысты. 3 тур нәтижесі, таза бәсеке нәтижесінде алғашқы орындар келесідей бөлінді:
3-ші орынды 3 топ иеленді:

«Ұлт тілін ұлықтаған» әдеби-сазды кеш

«Ұлт тілін ұлықтаған» әдеби-сазды кеш  Заманымыздың заңғар ақыны Мұхтар Шахановтың 75 жылдығына орай Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің кітапханасында «Ұлт тілін ұлықтаған» атты әдеби-сазды кеш өтті. Мұхтар Шаханов – белгілі қоғам қайраткері, көрнекті қазақ ақыны, оның шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Университет және колледж студенттері М. Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы толық мағлұмат алды, оның шығармаларын тыңдап, өздері де халықтың көңілінен шыққан таңдаулы өлеңдерді оқыды: «Төрт ана», «Желтоқсан алаңы», «Мені неге Мұхтар қойған», ақынның сөзіне жазылған белгілі «Әке туралы жыр», «Туған күн кешінде» және т. б. әндерді орындады. Мұхтар Шахановтың шығармалары елдің болашағының өркендеуіне қандай үлес қосатыны барлық адамдарды толғандырады. Майдан алаңында ғана емес күнделікті өмірде де, мысалы оқуда, тұрмыста, жұмыста да ерлік жасауға болады. Кеште студенттердің назарына «Ұлт тілін ұлықтаған» және «Қайсар рухты ақын» атты көрмелер ұсынылған. Кеш «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL