• Blog news

«Кооперация» желілік университеті шеңберіндегі Халықаралық форум

«Кооперация» желілік университеті шеңберіндегі Халықаралық форум

9 қарашада Белорус тұтыну кооперациясы сауда-экономикалық университетінің бастамасы бойынша және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің, Полтова экономика және сауда университетінің, Сібір тұтыну кооперациясы университетінің және Тәжік мемлекеттік коммерция университетінің қолдауы жағдайында онлайн форматында «Электрондық бизнес проблемалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция және «Тауар айналысы мен еңбек аясының тиімділігі» атты үшінші Писаренков оқулары өтті.
ҚҚЭУ проректоры, э.ғ.д., профессор Г.Е.Накипова конференция қонақтары мен қатысушыларын құттықтап сөз сөйледі. «Электрондық бизнес проблемалары» тақырыбындағы секция отырысының шеңберінде Қашықтықтан оқыту Орталығының директоры, э.ғ.к., Н.М.Тажбаев «Қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде электрондық коммерция нарығы және ІТ-нарығы мамандарын даярлаудың білім беру ақпараттық ортасының ерекшелігі» деген тақырыпта баяндама жасады.Үшінші Писаренков оқуларына арналған секция жұмысында э.ғ.к., профессор С.Н.Улақов «Қазақстан Республикасында азық-түлік ритейлін дамыту: проблемалары мен болашағы» деген тақырыпта баяндама жасады.
Форум жұмысына Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің, Белорус тұтыну кооперациясы сауда-экономикалық университетінің, Сібір тұтыну кооперациясы университетінің және Тәжік мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкерлері мен оқытушылары қатысты.
Аталмыш іс-шараны өткізу ЖООаралық ғылымды интеграциялауға, «Кооперация» желілік университеттерге қатысушы-ЖОО-лармен арадағы жемісті және ұзақмерзімді байланыстар орнатуға, сондай-ақ ғылыми-экономикалық зерттеулер процесін кеңейтуге және одан ары қарайғы нәтижелі жұмыс жасау ынтасын қалыптастыруға қосылған нақты үлес болды.

Жалпы білім беретін орта мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында математика бойынша өткен Олимпиаданың қорытындысы

Жалпы білім беретін орта мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында математика бойынша өткен Олимпиаданың қорытындысы2017 жылдың 4 қарашасында жоғары математика кафедрасының оқытушылары жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларының арасында математикадан Олимпиада өткізді. Олимпиадаға 20 мектептен 170 оқушы қатысты.
Олимпиада нәтижелері бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталды:

Қатысушыларын сертификатпен және университет ректорының кубогы

Қатысушыларын сертификатпен және университет ректорының кубогы 2017 жылдың 2 қараша күні "Алтын күз" күзгі жеңіл атлетикалық кросс қатысушыларын сертификатпен және университет ректорының кубогы үшін болған жүлдегерлерін мадақматамен марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтті.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймызҚұттықтаймыз!!!
Шағын-футболдан әйелдер арасында (мектеп, колледж) Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ашық біріншілігінде ІІ орын иеленгені үшін ЭБҚ колледжі мен университет құрама командасын құттықтаймыз!!!

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL