• Blog news

Талапкерлер назарына!

Талапкерлер назарына! Қазтұтынуодағы Қарағанды эконосмикалық университеті 2018-2019 оқу жылынан бастап «Мемлкеттік аудит» жаңа білім бағдарламасына қабылдау жүргізеді.


Мемлекеттік аудит аясында білімді, өз білімдерін тәжірибелік қызметінде қолдана алатын заман талабына сай бәсекеқабілетті, білікті мамандар дайындау мақсатында Қарағанды экономикалық университетінде жаңа, еңбек нарығында сұранысқа ие «Мемлекеттік аудит» білім бағдарламасы ашылды.
«Мемлекеттік аудит» білім бағдарламасының «Экономика және бизнес» бакалавры өзінің кәсіби қызметін келесі салаларда қолдана алады:
- Мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылатын Есеп комитеті;
- Ішкі мемлекеттік аудиттің уәкілетті органы;
- Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың ревизиялық комиссиялары;
- Орталық мемлекеттік органдардың, облыстың жергілікті атқарушы органдардың, республикалық маңызы бар қалалардың ішкі аудит қызметтері.
Келіңіздер, білім алып бәсекеқабілетті, сұранысқа ие маман болыңыздар!

Мобильдік сапаны жақсарту негізі ретінде.

Мобильдік сапаны жақсарту негізі ретінде.Маркетинг және логистика кафедрасы ішкі және сыртқы академиялық мобильдік жүйесін жолға қойлған, бұл кафедраның дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Ағымдағы жылдың бірінші семестрінде «Маркетинг» ОБ магистранты. МК-21тобының студенті Исабекова А.А. сыртқы академиялық мобильды бағдарламасына қатысып, Рим университетінде, Рим қаласында, Италияда оқыды.
Қарағанды экономикалық университеті мен Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті арасындағы 2017-2018 оқу жылының екінші семестрінде ынтымақтастық туралы келісімшарт шеңберінде студенттерді «Сауда-саттық негіздері» және «Тауарларды тасымалдау ережелері және халықаралық көлік транзакциялары» пәндері бойынша оқытушылар оқытады.
ҚарМТУ студенттерін КЭУ білім беру мекемесімен таныстыру мақсатында «Маркетинг және логистика» кафедрасының оқытушысы Томашинова Айгерім Еркенқызы университеттің экскурсиясына бастама жасады. Политехникалық университетінің студенттері университеттің заманауи және дамыған инфрақұрылымымен, бай кітапханасы, интернет-ресурстарға және Wi-Fi-желісінің жабдықталуы таң қалдырды. Біздің қонақтар университеттімізді қысқа уақыт ішінде достық атмосферасының қалыптасқанын және мұғалімдердің кәсіби біліктілігін атап өтті.

Қарағанды экономикалық университетінің Бизнес және құқық факультеті болашақ абитуриенттерге өз ашық есік күнін өткізді

Қарағанды экономикалық университетінің Бизнес және құқық факультеті болашақ абитуриенттерге өз ашық есік күнін өткіздіҚарағанды экономикалық университетінде 2018 жылы 16 ақпанда дәстүрлі қысқы Бизнес және құқық факультетінің ашық есік күні өтті. Университетке Қарағанды мен жақын қалашықтардан мектеп және колледжінің 200 оқушысы келді.
Сондай-ақ, абитуриенттер Студенттерге қызмет көрсету орталығы таныстырылды. Мемлекеттік қызметтің сандық үрдісінің дамуы және e-gov.kz. порталы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге мүмкіндік алынатыны айтылды.
Абитуриенттер университеттің барлық әдемі бөлімдерімен, ҚҚЭУ музейімен, оқу криминалистикалық кабинет, экспертиза лабораториясы, азық түлік өнімдерінің лабораториясы, менеджмент кабинеті, сот залы кабинеті, ҚҚЭУ спорт залымен, кітапхана т.б. танысты.
Іс-шара Бизнес және құқық факультетінің бірінші курс студенттерінің ең үздік өнер көрсетілімдерінен құрылған концерттік бағдарламамен аяқталды.

Қытай Жана Жылы! Chunjie!

Қытай Жана Жылы! Chunjie!Шетел және орыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы Бәделхан М.Б. ұйымдастыруымен және «Халықаралық қатынастар», «Әлемдік экономика» мамандықтарының 1-3 курс студентерінің қатысуымен 20.02.2018ж. сағат 14.00 «Қытай Жаңа жылы» өткізілді.
Өткізілген іс-шара барысында студенттер қытай,араб тілдеріндегі өте жақсы білімдерімен шығармашылық дарындарын көрсете білді. Шақырылған қонақтар Жаңа жылды өткізудегі ерекшеліктері мен қытай асханасымен таныса алды. Сондай-ақ, кешке Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінен, Қытай Мәдениеті Орталығының жетекшісі Ян Дэ Си шақырылды.
Xin niabhao!!!

Дөңгелек үстел «Қазіргі заманғы қоғамның экологиялық-экономикалық даму аспектілері»

Дөңгелек үстел «Қазіргі заманғы қоғамның экологиялық-экономикалық даму аспектілері»2018 жылдың 14 ақпанында «Экология және бағалау» кафедрасы «Қазіргі заманғы қоғамның экологиялық-экономикалық даму аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге кафедра филиалы «Жас натуралистер»-ден қонақтар қатысты - Олишевец Н.К., Халыкбергенова А.М. және «Экология» мамандығының 1-3 курс студенттері қатысты. Баяндамалар:
1. Амангельды Наргиза (Эко-32к) баяндама тақырыбы «Экологиялық білім беру».
2. Ауез Үміт (Эко-32к) баяндама тақырыбы «Экологиялық мәдениет».

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL