• Blog news

«IT-технологиялар саласындағы үздік инновациялық жоба» байқауы

«IT-технологиялар саласындағы үздік инновациялық жоба» байқауы12.05.2017 «Ақпараттық-есептеуіш жүйелері кафедрасы» кәсіби бағыт жұмысы бойынша Қарағанды қаласының орта-кәсіби білім беретін оқу орындарының арасында «IT-технологиялар саласындағы үздік инновациялық жоба» атты байқауын өткізді.
Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер келесі орындарға ие болды:

ҚҚЭУ-дегі Халықаралық студенттер слеті - Жас зерттеушілердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жаһандандыру

ҚҚЭУ-дегі Халықаралық студенттер слеті - Жас зерттеушілердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жаһандандыру2017 жылдың 26-27 сәуірінде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Жаңа ұрпақ. Жаңа энергия. Жаңа дәуір» деп аталатын Халықаралық студенттер слёті өтті. «Жастар. Ғылым. Инновация» сөзі слёттің девизіне айналды.
Слёттің мақсаты: студенттік ғылымды дамыту, талантты жастарды анықтау және қолдау.
Слёттің міндеттері: әртүрлі елдердің студент жастары арасындағы коммуникативтік байланыстарды арттыру; ЖОО-лық инновациялық ортаны жетілдіру; студенттік ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобалар базасын қалыптастыру және кеңейту; ғылыми-зерттеу қызметі, бизнес пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы байланыстарды кеңейту және тереңдету.
Слёттің жұмысы 5 негізгі іс-шараларды қамтыды.
«Қазіргі әлем және жастар: көре білу және дамыту диалектикасы» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияға 400-ден астам студенттер, магистранттар, аспиранттар мен докторанттар қатысты.
ТМД елдерінен және алыс шетелден 40 мақала қарауға қабылданды. Пленарық мәжілісте Қазақстанның, Ресейдің, Италияның, Беларусияның өкілдері қатысты. Әртүрлі ғылыми бағыттар бойынша 6 шағын секциялар мен 7 секция жұмыс жасады.
Әрбір секциялар мен шағын секциялар шеңберлерінде үздік баяндамашылар анықталып, бірінші, екінші және үшінші дәрежедегі дипломдар, сондай-ақ: «Үздік шешен», «Үздік таныстырылым», «Үздік дәлелдеме», «Жаңа топшылау», «Құзыреттілік және креативтілік» бес номинациялары бойынша дипломдар тапсырылды. Қорытындысы бойынша конференция материалдарының жинақтары: бірінші том баспа форматта (көлемі 310 бет), екінші том электрондық форматта (көлемі 700 бет) дайындалды.

Attachments:
Download this file (Слет.pptx)Слет.pptx17462 kB

Қазақстан халықтары Ассамблеясы достығы үйінде өткен сабақ

Қазақстан халықтары Ассамблеясы достығы үйінде өткен сабақ2017 жылы 4 мамырда аға оқытушылар Байгожина Г.М. мен Шукушева Е.В. МО-31, МО-32 топтарымен бірге «Этносаралық қатынастар мен сепаратизм» пәнінің шеңберінде Қазақстан халықтары Ассамблеясы достығы үйіне барды. Бүгінде біздің облыста 74 этномәдени бірлестіктер қызмет жасап, біртұтас үлкен жанұяға – Қазақстан халықтарының Ассамблеясына бірігіп отыр. Студенттер аталмыш ұйымның қызметімен танысып, облыста тұрып жатқан ұлттардың тарихы және мәдениетімен танысты.

Тақырып: Ұлы Отан соғысының 72 жылдығы

Тақырып: Ұлы Отан соғысының 72 жылдығы 4 мамыр 2017ж. ӘЖ және ӘСП кафедрасының оқытушылары Жеңіс күнінің 72 жылдығына «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Қазақстан» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға бағытталған. Жеңіс күні - ұлыстың ұлы күні, халықтық мереке, оның тарихи маңызы ерекше.

Саяси репрессия құрбандарына арналған мұражайға саяхат

Саяси репрессия құрбандарына арналған мұражайға саяхатЖеңіс күнінің қарсаңында «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы Мусаева Э.А. МО-11к, МО-14с/к топтарына Долинка ауылында орналасқан саяси репрессия құрбандарына арналған мұражайына саяхат ұйымдастырды. Мұражай 1933-1935 жылдары соғылған бұрынғы Карлаг басқармасының мекемесінде орналасқан. Студенттер тарихтың мыңдаған адамдарды жалмаған ең қайғылы парақшаларымен танысып, үлкен әсерде қалды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL