• Blog news

Назарбаев Университетінің тәжірибесін тарату

Назарбаев Университетінің тәжірибесін таратуҚҚЭУ-де «Академиялық сапаны қамтамасыз ету жүйесі және академиялық бағдарламаларды әзірлеу» тақырыбында семинар өтуде. Семинардың қатысушылары - прфессор-оқытушылар құрамы, кафедралардың меңгерушілері, әкімшілік персонал. Семинардың тақырыбы өте маңызды және өзекті Академиялық сапаны артыру мен оны қамтамасыз ету саласындағы жақсы қалыптасқан тәжірибе Назарбаев университетінде бар.

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ - ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР КАФЕДРАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ӘРІ ӨЗЕКТІ БАСЫМДЫЛЫҚ

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ - ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР КАФЕДРАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ӘРІ ӨЗЕКТІ БАСЫМДЫЛЫҚ Конституция күніне арналған «Қазақстандықтардың бірлігі –азаматтардың теңдігі, құқығы және бостандығы» аясында 26 қыркүйек 2017 ж. Достық үйінде облыстық ғылыми практикалық конференция өтті. Ұлт көшбасшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының төңірегіндегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында конференция өтті.
Ұйымдастыру комитетінің төрағасы облыстық, ҚХА Ғылыми-сараптама тобының мүшесі, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің әлеуметтік сұрақтар жөніндегі проректоры, т.ғ.д., профессоры Әбілов Қ.Ж. және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік–саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Абдакимова М.К., облыстық ҚХА Ғылыми сараптама тобының мүшесі, ф.ғ.к., Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік- саяси пәндер кафедрасының проффесоры Клишина М.В. дайындық жұмыстарын жүргізді. Қарағанды жоғарғы оқу орындарының, колледж студенттернің және магистрлардың, сонымен қатар оқытушыларының конференцияға қатысу жөнінде 140 өтінім берілді.
Конференция жұмысы төрт негізгі бағытта жүргізілді. Модераторлар: Әбілов Қ.Ж., Абдакимова М.К., Клишина М.В., Елеусизова С.В.
Конференцияға қатысушы хатшылар: Кусайин, Камалиев Т.К., Малаев Д.Б.
Талқыға салынған сұрақтар қатысушылар арасында қызығушылық тудырды. Қазақстандық модернизация теориялық-құқықтық аспектілері секцияларда және дөңгелек үстелде қызу талқыға салынды. Қазақстан Республикасының Конституция негізіндегі азаматтық қоғам және білім, ұлттың денсаулығы мемлекеттің негізгі бағыты ретінде қаралып өтті.
Облыстық конференция мемлекетаралық статусқа ие болғаны өте жағымды жаналық. Себебі, ҚМУ және ҚММУ қазақ студенттерінен басқа Қарағандының жоғарғы оқу орындарынан, шетелден келген студенттер коференцияға қатысты. Коференция барысында талқыға салынған сұрақтар мемлекетаралық деңгейдегі сұрақтар болды.

Құттықтаймыз !!!

Құттықтаймыз !!!Біздің университеттің студенттері:
Кнауб Арнольд,. ХҚ-21в / о тобы
Мадияров Агедил, Қ-41к тобы
Алин Асылжан, гр. ЕА-42 тобы
Футзал бойынша Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
(Лингуа, Қытай, қыркүйек, 2017 жыл).

HR Development» жетекшісі Тасбулатова Балсулу «Жобаларды басқарудағы заманауи құралдар (жоба: оқытушының кәсіби қызметі) атты мастер-класын өткізді.

HR Development» жетекшісі Тасбулатова Балсулу  «Жобаларды басқарудағы заманауи құралдар (жоба: оқытушының кәсіби қызметі) атты мастер-класын өткізді.2017 жылдың 27 қырқүйегінде университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы үшін сертификатталған коуч, оқыту дағдылары бойынша бизнес-тренер, «HR Development» жетекшісі Тасбулатова Балсулу «Жобаларды басқарудағы заманауи құралдар (жоба: оқытушының кәсіби қызметі) атты мастер-класын өткізді. Коучинг стилінде меңгерілген білім мен оқу дағдылары біздің оқытушыларға студенттер, магистранттар мен докторанттарды коуч-сессия жүргізудің виртуозды дағдыларын пайдалана отырып белсенді оқытудың нағыз атмосферасын жасауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік жұмыскерлердің бірінші қазақстандық форумына қатысу

Әлеуметтік жұмыскерлердің бірінші қазақстандық форумына қатысуӘЖ және ҚХА кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Абдакимова М.К. 2017 жылдың 22ші қыркүйегінде Астана қаласында өткен әлеуметтік жұмыскерлердің бірінші қазақстандық форумы жұмысына қатысты. Форумның ресми ұйымдастырушысы – ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі. Форумның 8-ші секция жұмысы әлеуметтік жұмыскерлерді дайындау және біліктілігін арттыру мәселелеріне арналды.
Форумның пленарлы отырысында: ҚР Мемлекеттік хатшысы Гульшара Абдыкаликова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дуйсенова, Әлеуметтік қамтамасыз ету халықаралық ассоциациясының Бас хатшысы Ханс-Хорст Конколевски, ҚР Парламенті депутаттары, Қазақстанның халықаралық ұйымдарының жетекшілері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының, жоғарғы оқу орындары, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері, Ресей, Ұлыбритания, Финляндия, Хорватия, Чехиядан келген шетелдік сарапшылар.

Форумда ӘЖ және ҚХА кафедрасының «Даму» ОҒӨК қатысушыларымен кездесу болды: руководителем «Қарағанды облысыгың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің жетекшісі Галиуллин М.Р., «Лайықты өмір» мүгедектерді оңалту орталығы ҚҚ өкілі Ивкин А.М. және т.б.

Форумға әлеуметтік сала бойынша мекемелерде қызмет етіп жүрген, Қарағанды экономикалық университеті «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының түлегі қатысты: Мустаева Нагима – әлеуметтік жұмыскер, Қарағанды қаласындағы «№3 емхана» МКҚК, Караганды и Тиыштықбай Акмаржан –Астана қаласы әкімдігінің "Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы"

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL