• Blog news

Ректор Кубогына арналған «Алтын күз» күздік кроссы

Ректор Кубогына арналған «Алтын күз» күздік кроссы2017 жылдың қыркүйектің 22-сі күні Қарағанды экономикалық университетінде Ректор Кубогына арналған «Алтын күз» күздік кроссы өткізілді. Бұл күні 100-ден астам университет және колледж студенттері университеттің бас алаңында ректорат пен оқытушылардан сәттілік құттықтаулар мен тілектерін алу үшін жиналды. Қыздар мен бозбалалар 500 және 1000 метрлік жеңіл атлетиткалық жүгіруден жарысты. Кросстың әр қатысушысы өздерін 100 пайызға көрсетті. Жағымды шаршау, достармен сөйлесуден қуаныш, таза ауадағы керемет серуен – бұның барлығы « күндік емес жақсы көңіл-күй кепілі! Күздік кросс ұйымдастырушылары – «Дене тәрбиесі» кафедрасы барлықтарымызды спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Топар кентіндегі Абай аудандық мобилді тобымен кәсіби-бағдарлық жұмысы

Топар кентіндегі Абай аудандық мобилді тобымен  кәсіби-бағдарлық жұмысы2017 жылы 22 қыркүйегінде Абай аудандық мобилді тобы құрамында «Экология және бағалау» кафедрасы аға оқытушысы Дузбаева Н.М., «ЭҚҚР» кафедрасы аға оқытушысы Амантай А.А. және «Банк ісі» кафедрасы магистрі Исанов А.С. оқытушылары Топар кентінде кәсіби-бағдарлық жұмысы шеңберінде жас түлектермен кездесу ұйымдастырды. Сонымен қатар ЕҚФ студент-волонтерлері белсене қатысты: Стацюк А., Совет А. және Набиев А.
Жалпы жиналыс Топар кентінің Абай атындағы орта мектебінің акті залында өтті. Жас түлектер келесідей қызықты ақпараттар алды: оқу бағдарламалары жайлы, оқыту әдістер, оқу орынның жетістіктері, түрлі студенттік бірлесітктері мен шығармашылық топтары туралы және т.б.
Жиналысқа Абай, Корниенко және Б.Момышұлы атындағы мектеп түлектері қатысты.
Кездесу барысында түлектер алдына ҚҚЭУ жайлы бейне-ролигі ұсынылды. Түлектермен анкеталар толтырылды. Қолдарына ҚҚЭУ туралы буклеттер таратылды және оқытушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Кездесу оқытушылар үшін және түлектер үшін пайдалы әрі жүйелі өтті. Көптеген сұрақтар қойылды. бейне-роликтер көрсетілді. Аталмыш кездесулер келешекте де ұйымдастырылуы жоспарлануда.

Тілдер күніне арналған іс-шара

Тілдер күніне арналған іс-шара2017 жылдың 22 Қыркүйек күні КЭУК ғылыми-білім беру орталығында Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай зияткерлік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара қазақ, орыс, ағылшын, неміс, араб және қытай тілдеріндегі қызықты тапсырмаларды қамтыды . Ойын барысында қатысушылар әрбір тілден бірнеше жаңа сөздер мен осы халықтардың мәдениеті, салт-дәстүрлерінен көптеген қызықты деректерді үйренді. Іс-шараның соңында шетелдік әдебиет залында студенттерге экскурсия ұйымдастырылды.

"Жер тагдыры - Ел тагдыры" атты кітап көрмесі.

"Жер тагдыры - Ел тагдыры"  атты кітап көрмесі.ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында ҚЭУК кітапханасында Қазақстан тарихы,мәдениеті,салт-дәстүрлері жазылған кітаптардан жабдықталған кітап көрмесі қойылды. Көрмеде негізінен Қазақстанның тарихи тұлғаларына ерекше көңіл бөлінді.

"Қазыбек би оның аты тарих дәуірінде" театрландырылған қойылым

"Қазыбек би оның аты тарих дәуірінде"  театрландырылған қойылымҚазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Қазыбек Келдібекұлының 350 жылдығына арнап КЭУ кітапханашыларының ұйымдастыруымен арнайы кеш өтті. Ұлы шешен, қоғамдық және саяси қайраткер, халықтың ханға бергісіз дана биі болған ,халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрін ,ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген Қазыбек бидің аты біздің тарихымызда алтын әріптермен жазылған. «Рухани жаңғыру»бағдарламасын іске асыру барысында біз тарихымызды,мәдениетімізді,тарихи ескерткіштерімізді қайта жаңғыртамыз.
Кештің өту барысында Ұлы шешеннен өсиет боп қалған шешендік сөздер айтылып,Қазыбектің туылған кезінен қойылым қойылды.Сондай-ақ тарихта маңызды орын алған жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезде Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барып қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдына «Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз»деген кезеңнен қойылған қойылым көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Кеште ЭҚҚР кафедрасының магистранты,аға оқытушы А.Амантай Қазыбек бидің Тәуке ханның Жеті жарғысы деген атауға ие болған заңдар жиынтығының жазылып, қабылдануына қосқан елеулі еңбегіне тоқталды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL