• Blog news

«Жастардың болашаққа үлесі» инновациялық жобалар Конкурсының жеңімпаздары туралы ақпарат

«Жастардың болашаққа үлесі» инновациялық жобалар Конкурсының жеңімпаздары туралы ақпарат1. І дәрежелі жеңімпаз дипломы және бағалы сыйлық – Исламова Регина Радиковна, Башқұртстан. Уфа. Уфа мемлекеттік технологиялық университетінің магистранты. «Суқараңғылықтың даму функционалдық тәуекелін бағалау бойынша қосымша» жобасының авторы.
Ғылыми жетекшілері м.ғ.к. Загидуллина Айгуль Шамильевна, т.ғ.к. Лакман Ирина Александровна.
2. ІІ дәрежелі жеңімпаз дипломы және бағалы сыйлық – Шохинова Касиет, Сафронова Алина, Гайслер Виолетта, СР-32, Ф-32, Ф-32 топтарының студенттері – «Шағын және орта бизнес субъектілерін дамытудың тетігі ретінде bussenes mob мобильдік қосымшасын пайдалану» жобасының авторлары.
Ғылыми жетекшісі философия докторы (РhD), «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Омарова Айнұр Тұяққызы.
3. ІІІ дәржелі жеңіпмаз дипломы және бағалы сыйлық – Жолдасова Әсел, Сәкенова Индира, Әбдраш Гүлзат, ТПП-31қ, ТПП-11қ тобының студенттері. «Ұлттық сүтқышқылды өнім құртты түрлі қоспалармен байытудың технологиясын жасау» жобасының авторлары.
Ғылыми жетекшілері Ағеділова Мереке Тұяққызы, Абзалбек Меруерт Сапарқызы
12 номинация келесі түрде бөлінді:

Құттықтау!

Құттықтау!Құрметті Нурлан Адильбаевич!
Қарағанды экономикалық университетінің профессор, оқытушылар құрамы мен студенттер қауымы Сізді 60 жылдық мерейтойыңызбен құттықтайды! Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, шығармашылығыңызға табыстар тілей отырып, шәкірттеріңіз бен әріптестеріңіздің арасында аман-сау жүре беріңіз деген тілек білдіреміз!

CACTLE жобасы бойынша өткен оқу-әдістемелік семинар

CACTLE жобасы бойынша өткен оқу-әдістемелік семинар12.05.2017 университеттің профессорлық-оқытушылар құрамына арналған оқу-әдістемелік семинар өтті. «Білім берудің Веналық үлгісі. Негізгі сұрақтар» тақырыбында өткен семинарды «Әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы Сыздыкбеков Е.С. жүргізді.
Білім берудің Веналық үлгісі австриялық ұстаздадың қолданып жүрген оқытудың жаңа инновациялық әдістерін енгізуді білдіреді. Аталған жұмысты ҚҚЭУ бір топ оқытушылары Erasmus+ бағдарламасының аясында CACTLE (Білім беру, оқыту және кәсіпкерлік орталығы) жобасына қатысып, өткізуде.
Семинар жоғарғы әдістемелік дәрежеде өтіп, аудитория тарапынан шынайы қызығушылық тудырды.

«Шығыс-Батыс» атты жастардың Халықаралық ғылыми форумындағы жеңіс

«Шығыс-Батыс» атты жастардың Халықаралық ғылыми форумындағы жеңіс2017 жылдың 1-10 сәуір аралығында МО-42 тобының студенті Смагулова Жанар «Шығыс-Батыс» атты жастардың Халықаралық ғылыми форумының аясында өткен Еуропа мен Азия мектеп түлектері, орта арнайы әрі жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарының 1 Еуропалық конкурсына қатысты. Форумға 30 елден түлектер қатысты. Смагулова Жанардың «The methods of popularization of the EEU in the youth environment» атты жобасы «Қоғамдық ғылымдар» секциясының «Үздік жұмысы» номинациясын жеңіп алды. Жанарға арнайы диплом, ал ғылыми жетекшісі «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының доценті Видрицкаяға Н.И. алғыс хат берілді.

Біздің студентіміз – Смагулова Жанар алдағы уақытта да жастардың ғылыми әлеуетіне орасан үлес қосады деп сенеміз. Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіндегі өндірістік тәжірибе

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіндегі өндірістік тәжірибе23 қаңтар мен 1 сәуір аралығында «Әлемдік экономика» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының студенттері Нугуманова У. мен Смагулова Ж. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде өндірістік тәжірибеден өтті. Тәжірибенің аздығына қарамастан студенттер ҚҚЭУ-де алған білімдерін жоғары деңгейде пайдалана білді, сол арқылы олар Қазақстан Республикасы мен Ирландия Үкіметтерінің арасындағы Конвенцияға қол қою салтанатына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL