Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Орыс және шет тілдері» мен «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедралары 25 ақпан 2017 ж. Қарағанды қ. жалпы білім беретін оқу орындарының 11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысының шеңберінде «ТІЛ БІЛГІРЛЕРІ» зияткерлік ойынын өткізді.
23.02.2017 «Туризм» мамандығының Тур 12 және Тур 14с, студенттері «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасының оқытушысы А.А. Гариповамен «Белсенді туризм түрлерінің техникасы мен тактикасы» пәні бойынша «Белсенді туристік қызметке физикалық дайындық» тақырыбы бойынша кәсіпорын базасында сабақ ұйымдастырылды. Сабақ мақсаты студенттерді туристердің белсенді туристік саяхаттарға физикалық дайындықтар қағидалары және әдістерімен таныстыру. Студенттерге сынақ интруктаж жасалынып, қабырғаға өрмелеу техника қауіпсіздігімен, қажетті құрал-жабдықтармен таныстырылды. Студенттер өздерінің физикалық дайындықтарын айқындап, өрмелеу қабырғасының шыңын бағындырды.
23.02.2017 ж. ӘЭ мен ХҚ кафедрасы «Әлемдік экономика» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының студенттеріне платиналық дәріс өткізді. «Іскер ортадағы кроссмәдени менеджмент» тақырыбындағы дәрісті Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының жобалар басқармасының бастығы Кульмагамбетова Ж.Ж. оқыды. Кроссмәдени менеджмент шетел компаниялары, фирмалары және кәсіпорындарымен іскерлік байланыс орнатуда өте жоғары маңыздылыққа ие.
11 ақпанда Қарағанды экономикалық университетінің «Экология және бағалау» кафедрасы биология пәні бойынша «Биология білгірі - 2017» атты олимпиада өткізілді. Олимпиадаға Қарағанды қаласының 125-ке жуық мектеп оқушылары қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған жеңімпаздар: 1 орын – Алпысбаева Илана 11 кл – КГУ ОШ №1 Сарань 2 орын – Карпушина Алина 10 кл – СОШ №48 2 орын – Рахман Әлішер 11 кл – ОКШДС №77 3 орын – Олжабаев Аслан 11кл – ОКШИДС №68 3 орын – Токина Сабина 11 кл – ОКШИДС №77 10 наурызда «Экология және бағалау» кафедрасы жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттайды.
2017 жылдың 21 қаңтарында Есеп-қаржы факультетінің деканаты «Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасымен бірлесе отырып университеттің студенттеріне Қазақстан Республикасының Салық Кодексіндегі өзгерістер мен толықтырулар туралы семинар өткізілді.Семинарды Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Таханов А.Б. Елбасының биылғы Жолдауының кәсіпкерлер үшін жасалынған салықтық жеңілдіктер және өзгерістер туралы атап өтті.