2017 жылдың 26 мен 28 ақпаны аралығында Ресей Федерациясының Томск қаласының Мемлекеттік университетінде джиу-джитсудан «Оныншы Халықаралық ашық жарысы» өтті. Есеп-қаржы факультетінің УА-21қ тобының студенті Тұрдыбеков Бауыржан мен Ф-21с/қ тобының студенті Омар Ислам біздің университеттің намысын қорғап, Бауыржан 1 жүлдеге, ал Ислам 4 жүлдеге ие болып, жеңіспен оралды.
18 наурыз 2017 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің барлық ұстаздарын, қызметкерлері мен студенттерін «Наурыз мейрамы» мерекесін тойлауға шақырамыз. Мерекені тойлау университет алаңында сағат 10:00 де басталады, ол жерде іші толық қамтылған қазақ халқының киіз үйі құрылатын болады. Ұйымдастырушылар «Наурыз келді көңілді ...» атты әсерлі әрі көркем бағдарламасын құрды. Бағдарлама барысында ұлттық өнер мен салт дәстүрдің барлық түрлері көрсетіледі. Қазақ халқының дәстүріндегі бүркітпен және тазы иттерімен аңға шығу мәдениетімен танысасыздар.
2017 жылдың 10 наурызында есеп-қаржы факультетінде жоғары білім саласындағы реформаларды қолдауға арналған кезектен тыс факультет Кеңесі өтті. Кеңес жұмысына факультеттің оқытушылары, қызметкерлері және студенттері қатысты. Келесі адамдар баяндама жасады: факультет деканы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Накипова Г.Е., «ҚСС» кафедрасының доценті Улаков Н.С., ҚҚЭУ ҰБТӨП директоры, «АЕЖ» кафедрасының доценті Аяжанов Қ.С., кураторлар Кеңесінің төрайымы, «БІ» кафедрасының доценті Сайфуллина Ю. М., Лог-31к тобының студенті Бекежан Алдияр. Дискуссиялық форматта отандық білім жүйесінің дамуы және модернизациялануының қазіргі заманға сай трендтері талқыланды.
2017 жылдың 7 наурызында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Ғылыми Кеңесі отырысы өткізілді. Отырыс барысында әлеуметтік желілердегі қатаң сынға ұшыраған білім беру жүйесіндегі қайта құруға қатысты мәселелері қарастырылды. Қазақстандағы өзекті реформалардың бірі болып әлемді жаһандандырудың заманауи жағдайында көптілді тұрғындарды қалыптастыру және көптілді білім беруді дамыту табылады. Қазіргі Қазақстандағы тілдік жағдаяттың ахуалы мен келешегінің мәселелері Елбасымыздың "Үштұғырлы тіл" атты тілдік стратегиясында көрініс алған. Мемлекет басшысының ойынша үштілділіктің дамуындағы позитивтілік бірыңғай саяси, идеологиялық және мәдени тұғырнамасы болғанда ғана мүмкін болады. Ендігі ретте бүгінгі күні ЖОО оқытушыларының алдында басты міндет тұр - кәсіби бағыттағы көптілді тұлғаны қалыптастыру мақсатында пәндерді ағылшын тілінде оқытудың заманауи әдістемелерін әлемнің жетекші жоғары оқу орындарынан үйреніп, оларды оқу үрдісіне енгізу. Университетте 2016 жылдың қараша айынан бастап Көптілді білім беру орталығы өз қызметін бастады, көптілді білім беруді енгізу үрдісі жүзеге аса бастады, ағылшын тілінде оқытылатын пәндер әзірленді, тіл үйренушілердің біліміне мониторинг жасалып, олардың саны анықталды, тіл үйренушілерге пәнді оқитын білікті кадрлар жұмылдырылды.
2017 жылдың 2-ші наурызында сағат 13.10-де (307б аудитория) «Экономика және менеджмент» кафедрасының PhD, аға оқытушысы А.Т. Омарованың басшылығымен 1-3 курс студенттерінің арасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған шағын конференция өткізілді. Конференция қорытындылары бойынша студенттер сертификаттар және дипломдармен марапатталды.