• Blog news

«СПОРТ ЖҰЛДЫЗДАРЫ ҚЭУ ТАҢДАЙДЫ!»

«СПОРТ ЖҰЛДЫЗДАРЫ ҚЭУ ТАҢДАЙДЫ!»2017 жылдың 27 сәуір күні «Спорт жұлдыздары ҚЭУ таңдайды!» ұранымен сырттай және кешкі қашықтықтан оқыту факультеті ҚЭУ, ҚБЗК және басқа да Қарағанды қаласы мен облыс колледждері студенттерінің қатысуымен атақты қазақстандық спортшы Екатерина Айдовамен кездесу өкізді.
Екатерина – конькимен жүгіру спортынан жасөспірімдер арасында әлемнің үш дүркін чемпионы, жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Әлем кубогінің қола жүлдегері (2015 жыл), екі қысқы олипиадалардың қатысушысы (2010, 2014 жылдар), Универсиаданың екі дүркін қола жүлдегері (2017 жыл). Сонымен қатар, Екатерина Айдова ҚЭУ студенті болып табылады және «Юриспруденция» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алуда.
Кездесу «Сұрақ-жауап» форматында өтті және аудиторияның ерекше қызығушылығын тудырды. Атақты спортшы өзінің спорттағы, оқудағы жетістіктері және де келешектегі жоспарлары туралы да айтып кетті.
Қарағанды қаласы мен облыс колледждерінің студенттері Е.Айдовамен кездесудің алдында университетпен танысып улгерді, атап айтқанда, музей, конференц-зал, спортзал, аудиторияларды, жаздық спорттық алаңын, электронды киосктер мен кітапхананы өз көздерімен көре алды.

СКҚОФ деканаты

Лондон профессорының семинары

Лондон профессорының семинары2017жылдың 24 cәуірінде Көптілді білім беру орталығымен ҚҚЭУ көптілді мұғалімдеріне, магистранттарына, докторанттарына және студенттеріне арналған «Critical Thinking in University teaching process» атты семинар ұйымдастырылды. Семинарды көптілді білім беруді дамыту мақсатымен Брунель Университетімен халықаралық серіктестік аясында халықаралық бизнесті дамыту бағдарламасының директоры, Брунель Университетінің стратегиялық және операциялық менеджмент, сыни ойлау және МВА жөніндегі аға лекторы (Лондон, Ұлыбритания), PhD Абрахам Алтонаян жүргізді. Профессор Алтонаян “жиналған қауымның ағылшын тілін меңгеру деңгейіне тәнті болғанын” айтты.

«Ұлттық экономиканы жаңғырту шартында ақпараттық технологиялар және логистикалық үдерістер» тақырыбына Астрахань мемлекеттік сәулеттік-құрылыс университетімен халықаралық студенттік онлайн ғылыми конференциясы

«Ұлттық экономиканы жаңғырту шартында ақпараттық технологиялар және логистикалық үдерістер» тақырыбына Астрахань мемлекеттік сәулеттік-құрылыс университетімен халықаралық студенттік онлайн ғылыми конференциясы27 сәуір 2017 ж. АЕЖ кафедрасы Астрахань мемлекеттік сәулеттік-құрылыс университетімен «Ұлттық экономиканы жаңғырту шартында ақпараттық технологиялар және логистикалық үдерістер» халықаралық студенттік онлайн ғылыми конференциясын өткізді. ҚҚЭУ «Ақпараттық жүйелер» және «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының студенттері ақпараттық технологиялар саласындағы өзекті мәселелерін баяндап, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауының негізгі бағыттарын талқылады.

Орта білім беру оқу орындарының 9-11 сынып арасында өткен графикалық сурет (графикалық компьютерлік жұмыс) байқауының қорытындысы:

Орта білім беру оқу орындарының 9-11 сынып арасында өткен графикалық сурет (графикалық компьютерлік жұмыс) байқауының қорытындысы:

Орта білім беру оқу орындарының 9-11 сынып арасында өткен графикалық сурет (графикалық компьютерлік жұмыс) байқауының қорытындысы:

«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМ: ҚИЯЛ МА ӘЛДЕ ШЫНДЫҚ ПА?»

«Ақпараттық-есептеуіш жүйелер» кафедрасы «Діни экстремизм және терроризм: қиял ма әлде шындық па?» атты дөңгелек үстел өткізді. Кездесуге «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ бөлімінің басшысы Тлекбаев Серик Куатович қатысты.
Терроризм мен экстремизм өз ауқымы, зардаптары, қарқыны, жою күші, рақымсыздығы мен қатыгездігі бойынша қазіргі таңда барлық адамзаттың алапат мәселесіне айналды. Әлемнің әртүрлі елдеріндегі лаңкестік әрекеттермен байланысты соңғы қайғылы оқиғалар осының дәлелі болып табылады.
Тлекбаев С.К. өз сөзінде мемлекет тарапынан халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қандай іс-шаралар қолданылатынын, қопарғыш жабдықты табу кезінде және террорлық әрекет қауіпі кезінде қауіпсіздік әрекеттерінің ережелерін айтып кетті. Сонымен қатар, діни экстремизмнің пайда болуы мен таралу себептерін, оның туындау формаларын ашып айтты, Қазақстанда әрекет ететін діни қоғамдық бірлестіктер ерекшеліктерін түсіндірді.
Дөңгелек үстел қатысушылары толеранттық рухында жастарды тәрбиелеудің, кез келген адамға, оның ұлты, дініне қарамастан сыйластық танытудың тиімді механизмдерін іздеу үрдісін жандандыруды қажет екенін атап өтті.

Антиплагиат
Erasmus
TIL