• Blog news

«Ғылыми нәтижелерін коммерцияландыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Ғылыми нәтижелерін коммерцияландыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел2016 жылдың 16 қазанында ҚҚЭУ «Достық» коворкинг орталығында «Ғылыми нәтижелерін коммерцияландыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел ЭҚЗ ҒЗИ, ҒЗИ ЖЭЖТ және «экономика және менеджмент» кафедрасымен бірігіп өткізілді. Дөңгелек үстелдің модераторы э.ғ.д., профессор Сихимбаева Д.Р. болды. Өте қызықты және мәнді талқылау болды, магистранттар мен ҒЗИ басшылары ғылыми қызметті коммерциализациялау мәселелері талқыға салынып, аталмыш қызметті дамыту бойынша ұсыныстар жасалынды.

Студент жұмыстарының байқауы

Студент жұмыстарының байқауы25.11.2016 жылы «Зерде» студенттердің ғылыми қоғамы мүшелерінің жиналысы өтті. Жиналыста ЭБФ 1 курс студенттерін ғылыми қоғам құрамына қабылдады және келешекте факультетаралық конкурсқа қатысу үшін студенттердің ғылыми жұмыстары таңдалып алынды. Факультеттің СҒЗЖ-на доктор PhD Омарова А.Т. жетекшілік етеді.

Дені сау жастар-ұлт байлығы

Дені сау жастар-ұлт байлығы2016 жылдың 03 желтоқсанында тауартану және сертификатттау кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25- жылдығына арналған «Дені сау жастар-ұлт байлығы» тақырыбында дөңгелек үстелін өткізді. Осы іс шараға №1емхананың Жанұя Денсаулық Орталығының меңгерушісі, терапевт- дәрігер Ян Светлана Аркадьевна, физиология және салауатты өмір салты орталығының координатор дәрігері Исетова Дина Мухаметжановна, ҚЭУҚ медициналық пунктының медбикесі Жакешова Гульнура Орынбековна.келіп қатысты.

«Ақша, несие, банктер» пәнінен іскерлік ойыны

«Ақша, несие, банктер» пәнінен іскерлік ойыны2016 жылы 29 қарашасында «Қаржыгерлер күні» мерекесі шеңберінде «Банк ісі» оқытушысы, магистрі А.Т. Идирисованың жауапкершілігімен Ф-23 тобында «Ақша, несие, банктер» пәнінен іскерлік ойыны ұйымдастырылды.
Іскерлік ойыны соңында белсенді қатысқан командаларға құрмет хаттары мен дипломдар табысталынды.

Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары және колледждерінде экономикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттер арасында жоғары математика пәні бойынша өткен Олимпиаданың қорытындысы

Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары және колледждерінде экономикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттер арасында жоғары математика пәні бойынша өткен Олимпиаданың қорытындысы2016 жылдың 25 қарашасында жоғары математика кафедрасының оқытушылары Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары және колледждерінде экономикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттер арасында жоғары математика пәні бойынша Олимпиада өткізді. Олимпиадаға 5 оқу орнынан 41 студент қатысты.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL