• Blog news

2016 жылдың 29 қарашасында бизнес және құқық факультетінің ұйымдастыруымен «Невада-Семей» қайталанбауы тиіс тарихтың қасіретті беттері» атты экологиялық кеш өткізді

2016 жылдың 29 қарашасында бизнес және құқық факультетінің ұйымдастыруымен «Невада-Семей» қайталанбауы тиіс тарихтың қасіретті беттері» атты экологиялық кеш өткіздіБүгінде Семей ядролық полигонының ресми жабылғанына 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесімен тұспа - тұс келіп отырған осы айтулы оқиғаны әрбір жас білуі керек. Сондықтан 23 қараша күні университетімізде «Невада-Семей» қайталанбауы тиіс тарихтың қасіретті беттері» атты экологиялық кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында студенттер Семей полигонына арналған қазақстандық жазушылар мен ақындардың шығармарын оқыды, тақырып бойынша кинотүсірілімдерді тамашалап, Қазақстандағы және дүниежүзіндегі ядерлық сынақ жүргізу нәтижелері туралы ой бөлісіп, талқылады.
Ежелгі қазақ салты бойынша құраған ағаш ақтық байлау арқылы адам жанының өлмейтіндігін, жаңаруға бет бұрғандығын білдіретін. Осы салтқа сәйкес кешті қорытындылай келе студенттер ағашқа ақ мата байлап, ядерлық сынақтарды болдырмаудағы ортақ ниеттерін білдірді.

«Экология және бағалау» кафедрасы «бағалау көшбасшысы» интеллектуалдық ойынын өткізді

«Экология және бағалау» кафедрасы «бағалау көшбасшысы» интеллектуалдық ойынын өткізді22 қараша 2016 ж. «Экология және бағалау» кафедрасы «Экология және экономика» апталығына орай «Бағалау көшбасшысы» интеллектуалдық ойынын өткізді. Ойын қорытындысы бойынша 1 орын Қарағанды экономика және статистика колледжі иеленді.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – «Тұрақтылық пен ұлтаралық келісімнің кепілі» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған дөңгелек үстел.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – «Тұрақтылық пен ұлтаралық келісімнің  кепілі» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған дөңгелек үстел.2016 жылдың 29 қараша күні Бизнес және құқық факультетінің экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – «Тұрақтылық пен ұлтаралық келісімнің кепілі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге факультеттің оқытушылары мен «Құқықтану», «Туризм», «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының студенттері қатысты.
1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні» болып ресми түрде жарияланды. Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды. Осы уақыт аралығында Елбасымыз Қазақстанды халықаралық аренада жаңа деңгейге көтерді.
Еліміздің жоғары заң шығарушы органы мұндай шешімді ең алдымен Қазақтан Республикасында 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауымен байланыстырады. Дәл осы 1 желтоқсанда, алғаш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда егемен Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды. Тізгінді қолға алған күні-ақ Елбасы қазақстандықтарға алдағы өмірдің жеңіл болмайтынын, бірақ жарқында жақсы күндерге бірлік пен татулық, іскерлік пен қабілеттілік арқылы жетуге болатынын уәде еткен.

«Ел халқының бірлігі заманауи Қазақстанның табысты дамуының кепілі ретінде» дөңгелек үстелі

2016 жылғы 28 қарашада Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеуге арналған «Ел халқының бірлігі заманауи Қазақстанның табысты дамуының кепілі ретінде» дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстелді ЖЭЖТ және ЭҚЗ ғылыми зерттеу институттары ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелге модератор болған Дмитрий Николаевич Улыбышев – ҚЭУ ғылыми жұмыс, стратегиялық және инновациялық даму жөніндегі проректорының міндетін атқарушы.
Дөңгелек үстелде баяндама жасағандар:
Александр Урмашов – «Қоғамдық келісім» ҚММ Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдарымен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы;
Өмірзақ қажы Қазкенұлы Бекқожа – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы, Қарағанды облысының имаамы;
Протоиерей Владимир (Фрейганг) – Орыс Православ Шіркеуінің Қарағанды мен Шахтинск епархиясының хатшысы;
Марина Васильевна Клишина – ф. ғ. к., профессор, ҚЭУ қоғамдық-саяси кеңесінің төрағасы.

Испанияда өткен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет докторанттарының шетелдік ғылыми тағылымдамасы

Испанияда өткен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет докторанттарының шетелдік ғылыми тағылымдамасыҚазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің докторанттары 21 қарашадан 30 қарашаға дейін Испанияның Сантьяго-де-Компостелла қаласында шетелдік ғылыми тағылымдама өтті.
Ғылыми тағылымдама кеңес-келісімді түрде өтіп, докторанттардың шетелдік ғылыми кеңес берушісі, PhD докторы Мануэль Фернандеза Греламен жұмыс тығыз қарым-қатынаста өтті. Жұмыс кезінде докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі таныстырылып, диссертациялық зерттеу бойынша сұрақтар талқыланып, одан әрі жасаланатын жұмыстар бойынша мақсатты тапсырыстар мен ұсыныстар берілді.
Докторанттардың ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша шетелдік ғылыми кеңес берушімен бірге тұрақты кеңестер өткізілді. Ғылыми зерттеу бойынша жұмыстар Сатьяго-де-Компостелла Университетінің кітапханалық қор базасында өткізілді. Сонымен қатар, докторанттар Испанияның кітапханаларында және ғылыми орталықтарда шетелдік ғылыми әдебиеттермен жұмыс атқарды.
Ғылыми тағылымдаманың нәтижесі бойынша докторанттарға ғылыми кеңес беруші М.Греладан жақсы пікір берілді.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL