• Blog news

CACTLE «Орталық Азия білім беру, оқыту және кәсіпкерлік орталығы»+ ЕО Эразмус шегіндегі семинар

CACTLE «Орталық  Азия білім беру, оқыту және кәсіпкерлік орталығы»+ ЕО Эразмус шегіндегі семинарВ рамках программы ЕО Эразмус бағдарламасы шегінде Қарағанды университеттері бірігіп, Орталық Азия білім беру, оқыту және кәсіпкерлік орталығын құрды (CentralAsiancenterforteaching, learningandentrepreneurship CACTLE).
ҚҚЭУ-нен үш жаттықтырушы таңдалынып алынды: э.ғ.к., доцент Кенжебеков Н., э.ғ.к., доцент Улаков Н., аға оқытушы Сыздыбеков Е.
4-11 желтоқсанда CACTLE-дың Вена экономикалық және бизнес университетінде кезекті жиналысы өтті (Австрия, Вена қаласы).
Аталмыш жиналыс университет оқытушыларының оқыту біліктіліктерін жетілдіру курсымен жалғасты.
ҚҚЭУ-ң оқытушылары Вена экономикалық университеттінің жылдық курсын өткеннен кейін CACTLE-дың сертификацияланған жаттықтырушылары атанады.

Бухгалтер – ғасырлық және болашақ мамандығы.

Бухгалтер – ғасырлық және болашақ мамандығы.10 желтоқсан 2016 жылы «Бухалтерлік есеп және аудит» кафедрасының үйымдастыруымен «БУХГАЛТЕР – ғасырлық және болашақ мамандығы» атты Ашық есіктер күніне арнап мектептердің 11 сынып түлектеріне Қарағанды қаласының кәсіби маманданған колледж түлектеріне кәсіби-үгіттеу жұмыстары жүргізілді.
Ашық есіктер күнінде «ПромЭлектроСеть» ЖСН-ң бас бухгалтері Жалпакова Айгерим Жомартпековна, Қарағанды қаласының мектептерінің 11 сынып түлетері қатысты.
Оқушылар «Есеп және аудит» мамандығы жайлы көп нәрсе білді; ЖООмен танысты, кәсіби білім алу үшін бар жағдайлар жасалған; "Кім бухгалтер болғысы келеді" атты викторинаға қатысты.

«Ізгілікті қолдайық» «Үміт сәулесі»қоғамдық қорының төрайымы Кравченко Т.И. кездесу.

«Ізгілікті  қолдайық» «Үміт сәулесі»қоғамдық қорының төрайымы Кравченко Т.И. кездесу.Қарағанды Экономикалық Университетінде студенттердің «Үміт сәулесі»қоғамдық қорының төрайымы, сондай-ақ Қарағанды Қалалық маслихатының депутаты Кравченко Татьяна Ивановна мен кездесуі өтті.Татьяна Ивановна 18 жылдан астам уақыт ерекше қажеттілікті талап ететін балалармен жұмыс атқарып жүр.Осындай балаларды емдеу және әлеуметтік бейімделуі үшін қордың көмегімен құрылған орталықта барлық жағдайлар жасалған;бассейн,қытай массажистері,еңбекпен емдеуге,ертегімен емдеуге,жануарлардың көмегімен емдеуге көп назар аударылады.Жазда балалар ат спорты мектебіне барып,атқа мініп қыдыра алады. «Үміт сәулесі» өзінің көптеген тәрбиеленушілеріне мамандық алуға көмек көрсетті.
Кездесу ешкімді де немқұрайлы қалдырмады.Көптеген студенттер біздің университеттің волонтерлік қозғалысына қатысып,барлық мұқтаждық көргендерге көмек көрсетуге дайын екендігі туралы ниет білдірді.

«Вдохновение» театры көрермендерге М.Ю. Лермонтовтың «Маскарад»шығармасы бойынша қойылым көрсетті.

«Вдохновение» театры көрермендерге М.Ю. Лермонтовтың «Маскарад»шығармасы бойынша қойылым көрсетті.Қарағанды Экономикалық Университетінде «Вдохновение» театры 2008 жылдан бастап жұмыс жасайды.Дарынды студенттер жетекшісі Е.Г.Пономаренко мен бірге репертуарын таңдап,қойылымдарға қатысады.Таяуда студенттер М.Ю.Лермонтовтың«Маскарад»драмасын студенттер сарайында көрсетті.
Қойылымды студенттер екі ай дайындады.Олар драманың мәнісін соншалықты түсініп,сезіне білді.рөлдерін нағыз кәсіби артистер сияқты ойнап,махаббат,адалдық,кең пейіл сияқты құндылықтар қай заманда болсын өзекті болып қалатындығын көрсетті.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL