• Blog news

Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет: түйткілдері мен келешегі

2016 жылғы 26 қарашада Қазтұтынуодағы ҚЭУ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналып «Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет: түйткілдері мен келешегі» дөңгелек үстелі өтті.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырған Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми зерттеу институты.
Дөңгелек үстелге Қарағанды облысы әділет басқармасының басшысы А.Н. Жүсіпов, Кәсіпкерлердің облыстық палатасының директоры М.Т. Божбанов, Кәсіпкерлердің еуразиялық қауымдастығының төрағасы Ж.Т. Алданғаров, облыс кәсіпкерлері қауымдастығының атқарушы директоры С.М. Санаубаев, «Озарение ҚҚ президенті, «Диалог – Жанжалдарды шешу орталығы» ЖМ директоры Т.И. Савицкая, «МедиаЛайф» ҚҚ президенті О.А. Волкова шақырылды. Дөңгелек үстелге Жаңа эконоимика және жүйелік талдау ҒЗИ директоры, э.ғ.д., профессор Қ.С. Айнабек, «МедиаЛайф» ҚҚ әлеуметанушысы С:П. Фролов, ЭҚЗ ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері, з.ғ.к., доцент М.Т. Кәкімжанов, ЭҚЗ ҒЗИ аға ғылыми қызметкері, з.ғ.к., доцент Б.К. Сыздық және ЭҚЗ ҒЗИ және ЖЭЖЗ ҒЗИ ғылыми қызметкерлері, университет оқытушылары, магистранттар, студенттер қатысты. Дөңгелек үстелде қызу пікірталас орын алды. Жиын соңында белсенді қатысушыларға сертификаттар табысталды.

«АИТВ – біздің заманымыздағы шындық» атты дөңгелек үстел

«АИТВ – біздің заманымыздағы шындық»  атты дөңгелек үстел2016 жылдың 27 қараша күні жоғары математика кафедрасының оқытушылары М.С. Айтенова мен Н.Г. Козлова УА-32, УА-12 кураторлық топтарында Дүниежүзілік кампания «Мен қолдаймын # АИТВ алдын алу» ЖҚТБ –мен күресудің аясында Қарағанды облысы ЖҚТБ – мен күресу және алдын алу бойынша орталығының маманы Д.М. Балгембекованың қатысуымен «АИТВ – біздің заманымыздағы шындық» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс шара барысында бейнеролик көрсетіліп, АИТВ –тің алдын алу мен оның берілу жолдары туралы сұрақтар талқыланды. Студенттер АИТВ –нің таралуы мен күресудің жолдары бойынша талқылауда сұрақтар қойып, белсенділік танытты.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған интеллектуалды ойын.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған интеллектуалды ойын.2016 жылдың 21 қараша күні Бизнес және құқық факультетінің Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының аға оқытушысы Копбулов Р.А., және оқытушы Сарбасов Б.А., ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Конституциясының 21 жылдығына арналған университеттің 1 курс студенттер арасында интеллектуалды ойын өткізді.
Егемен еліміздің мемлекеттілігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын бірден бір құжат – бұл Конституция. Ата заңымыздың алдында бәріміз де бірдей жауапты, бәріміз де бірдей міндеттіміз. 1995 жылы 30 тамызда республикамызды мекендеген барша ұлт пен ұлыстың атсалысуымен, кең көлемде қолдауымен еліміздің басты құжаты қабылданған. Бүгін сол Ата Заңымызға 21 жыл толып отыр.
Ойынның мақсаты ҚР Конституциясының негізгі нормаларын қарастырып, өз елінің патриоты және азаматы етінде тәрбиелеу, махаббатқа тәрбиелеу, өз еліне құрметпен қарап, мақтанышы болу, заңға бағынған азамат ретінде тәрбиелеу болып табылады
Ойын достық жағдайда өтті, студенттер ерекше ынта көрсетіп, қойылған барлық сұрақтарға дұрыс жауап берді Ең белсенді 5 бірінші курс студенттері ерекше сыйлықтармен және мақтау қағаздармен марапатталды.
Құрметті әріптестер, студенттер!
Сіздерді Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтай отыра, оқуда сәттілік тілейміз!

Қарағанды қаласының орта білім беретін оқу орындарының 10-11 сынып оқушылары арасында информатикадан пәндік олимпиадасын өткізді.

Қарағанды қаласының орта білім беретін оқу орындарының 10-11 сынып оқушылары арасында информатикадан пәндік олимпиадасын өткізді.26.11.2016 Есеп-қаржы факультеті «Ақпараттық-есептеуіш кафедрасы» кәсіби бағыт жұмысы бойынша Қарағанды қаласының орта білім беретін оқу орындарының 10-11 сынып оқушылары арасында информатикадан пәндік олимпиадасын өткізді.
Информатика олимпиадасының қорытындысы бойынша жүлдегерлер келесі орындарға ие болды:

«Экология және бағалау» кафедрасы «бағалау көшбасшысы» интеллектуалдық ойынын өткізді

«Экология және бағалау» кафедрасы «бағалау көшбасшысы» интеллектуалдық ойынын өткізді22 қараша 2016 ж. «Экология және бағалау» кафедрасы «Экология және экономика» апталығына орай «Бағалау көшбасшысы» интеллектуалдық ойынын өткізді. Ойын қорытындысы бойынша 1 орын Қарағанды экономика және статистика колледжі иеленді.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL