• Blog news

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіз Қазақстанның негізі»

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіз Қазақстанның негізі»23 қараша 2016 жылы Бизнес және құқық факультеті ҚММ №59 орта мектебі аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерей тойына арналған «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіз Қазақстанның негізі» атты патриоттық науқан өткізді! Жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау – мерекелік шараның негізгі мақсаты болды. Бірлескен шараға оқушылар мен осы мектептің түлектері - университет студенттері қатысты. Патриоттық науқанның бағдарламасы бойынша мемлекеттік рәміздердің құрылу тарихы мен маңыздылығы туралы видеофильм көрсетіліп, интерактивті викторина өткізілді, Елтаңба, Әнұран және Туымыз туралы өлеңдер оқылып, Туған жер туралы әндер айтылды. Мерекелік шара Қазақстан Республикасы Әнұранының орындалуымен жабылды.

«1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысының 100-жылдығы»

«1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысының 100-жылдығы»17 қараша 2016 ж. ӘЖ және ӘСП кафедрасының ПОҚ-мы доцент Адамбекова С.М., аға оқытушы Мустафин С.Ш., маг. оқытушы Тусупова Г.Н. ВТ-12, ВТ-14, ИС-14с, Лог-12, Лог-13с, МК-11, МК-13с, УА-12, УА-14с, Ф-12, Ф-13с топтарда «1916 ж. көтерілістің 100-жылдығы» д-ңгелек үстел ұйымдастырып өткізді. Іс-шараның мақсаты: қазақ халқының тағдырында 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың маңызымен мен рөлін анықтау.
Дөңгелек үстел барысында, студенттерге «1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысының 100-жылдығы» туралы деректі фильм назарға ұсынылды. Ф-12 топтың студенттері: Айтжанова Камилла «Национально-освободительное движение 1916 г.: предпосылки, повод, историческое значение»; Жалиева Аида «Движение казахов под предводительством Амангельды Иманова в свете нового мышления»; Урмаева Карина «Восстание 1916 г. В Семиречье»; Жунусова Асем «Участие национальной интеллигенции в национально-освободительном движении казахского народа 1916 г.» баяндамалары тындалды.

Біздің студент аймақтық студенттер фестивалінде жеңімпаз атанды

Біздің студент аймақтық студенттер фестивалінде жеңімпаз атанды15-17 қараша күні аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жастар – Қазақстанның болашағы» атты аймақтық студенттер фестивалі аясында өткен «Тәуелсіздік - тұғырым» атты мүшәйрасында үздік деп танылып 2 дәрежелі дипломмен экономикалық теория және мемлекеттік, жергілікті басқару кафедрасы, «ГМУ-32к» тобының студенті Қыдырбай Ернар Мерекеұлы марапатталды. Фестиваль Қарағанды облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының, «Жас Отан» ЖҚ және «Болашақ» академиясының демеуімен өткізілді. Аталмыш аймақтық студенттер фестивалінің қорытындысы «Шалқыма» концерт залында орын алды.
Мерекеұлы Ернарды кафедра ұжымы мен группаластарының атынан құттықтаймыз. Оқу мен шығармашылықта мол табыстарға жете берсін деп тілейміз!

Қарағанды облысының жас ғалымдарының ЭКСПО-2017-ге үлесі

2016 жылғы 17 қарашада Қазтұтынуоолдағы Қарағанды экономикалық университетінде «Қарағанды облысының жас ғалымдарының ЭКСПО-2017-ге үлесі» дәстүрлі көрме-конференциясы өткізілді.
Көрме-конференцияны ұйымдастыруды ҚКЭУ-дің Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институты Қарағанды облысы білім басқармасының «Сары-Арқа дарыны» РҒТО-мен бірлесіп жүзеге асырды.
Көрме-конференцияға Қарағанды облысының студенттері мен оқушылары қатысып ғылыми жобалар мен олардың нақты үлгілерін ұсынып, көрсетілімдер жасады.
Көрме-конференцияның қорытындысы бойынша байқау комиссиясы жұмыстарды бағалап, үздік жұмыстарды I, II и III дәрежелі дипломдармен, түрлі тақырыптық бағыттағы аталымдармен марапаттады.
«Қарағанды облысының жас ғалымдарының ЭКСПО-2017-ге үлесі» көрме-конференциясында баяндалған жұмыстар арнайы ғылыми жинаққа енеді.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL