2016 жылдың 7 қараша күні Қазтұтынодағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының доценті Дуброва Н.Б., және оқытушы Сарбасов Б.А., Қарағанды қаласының №86 орта мектебінде кәсіптік бағдар аясында мектеп түлектері арасында ҰБТ тапсыратын оқушылардың 5 - ші пәнді анықтайтын сауалнама, университет өмірі туралы видеофильм және кафедраның Тәуелсіздік күніне арналған конкурс-эссеның жеңімпаздарына және қатысушыларына мадақтама қағаздарын тапсырды.
05.11.2016 Есеп-қаржы факультеті «Ақпараттық-есептеуіш жүйелері кафедрасы» кәсіби бағыт жұмысы бойынша Қарағанды қаласының орта және орта-кәсіби білім беретін оқу орындарының арасында АЕЖ кафедрасының «Мамандықтары күніне» орай «Информатика білімпазы» атты квест ойының өткізді.
Ағымдағы оқу жылының 5 қараша күні университет қабырғасында Экономикалық теория және мемлекеттік, жергілікті басқару кафедрасының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасында «Эрудит-2016» олимпиадасы өткізілді. Аталмыш олимпиадаға қаламыздың 17 жалпы білім беру мектептерінен 100 оқушы қатысты. Атап айтсақ: №81, №77, №36, №45, №17, №13, №48, №38, №57, №27, №76, №16, №92, №63, №10, №82, №66. Олимпиада екі тілде өтті: қазақ тілі, орыс тілі. Бірінші кезең (іріктеу кезеңі) бойынша қатысушылар география, биология, дүниежүзі тарихы пәндері бойынша тесттік сұрақтарға жауап берді. Үздік балл жинаған 8 қатысушы екінші кезеңге өтіп, интеллектуалды викторинада қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы өз араларында жеңімпаздарды анықтады. Олимпиаданың 1 және 2 кезең қорытындысы бойынша төмендегі тізімдегі оқушылар жеңімпаз атанды: Мемлекеттік тілді оқушылар арасында жеңімпаз атанғандар: 1-орын: Хурметбекұлы Бауыржан ЖБМ №57 2-орын: Аманжол Асылхан ЖБМ №76 3-орын: Аширбекова Анель ЖБМ №41 3-орын Амирова Асия ЖБМ №92 Сертификат табысталғандар: Ильешева Диана Көкпекті ЖБМ, Қиянбеова Рысгүл Көкпекті ЖБМ, Жимпылова Айдана ЖБМ №92,Рахменов Әлішер ЖБМ №77. Орыс тілді оқушылар арасында жеңімпаз атанғандар: 1 орын: Степкин Артур ЖБМ №17 2 орын: Леванович Богдан ЖБМ №63 3 орын: Билялов Асет ЖБМ №86 3 орын: Бисерова Мария ЖБМ №13 Сертификат табысталғандар: Поздяков Павел ЖБМ №63, Кучерова Мария ЖБМ №27, Ким Лидия ЖБМ №13, Абрамов Виталий ЖБМ №3. Олимпиада жеңімпаздарына дипломдар, сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
04.11.2016 жылы «Экономика және менеджмент» кафедрасымен ЭБФ-ң «Зерде» ҒЗҰ шеңберінде (сағат 15.10, 305 аудитория) үш тілде студенттік ғылыми жобалар байқауы өткізілді. «Халықаралық экономика және халықаралық қатынастар», «Экономика және менеджмент», «Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті», «Бағалау, статистика және экономико-экологиялық мәселелер», «Шет және орыс тілдер» кафедраларының өкілдері баяндамаларын оқыды. Аталмыш күннің басты оқиғасы – жобалардың стратегиялық тезистерін әзірлеу барысындағы «ми шабуылының» алғашқы сессиясы. Жұмыс нәтижесінде студенттердің кейінгі тәжірибелік жұмысы мен бірлескен теориялық зерттеулердің күн тәртібі құрылды.
8 қараша 2016ж. сағат 11:00 206 аудиториясында Э-23с и Э-32 топтарында Экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушы, магистр Идрисова А.К. «Маркетинг – эффективный инструмент продвижение товара» атты іскерлік ойын негізінде интерактивті тақта қолданып ашық сабақ өткізді