17-ші қараша 2016 жылы туризм және мейрамхана ісі кафедрасы тәжірибелі қызметкердің қатысуымен ҚК-ң аға бармені Байдаулетовтың қатысуымен кафедра студенттері үшін мастер-класс ұйымдастырды.Мастер-класс барысында ол студенттерге бар жұмысының ерекшеліктері туралы баяңдап, және де өзінің кейбір кәсіби құпияларымен бөлісті. Студенттер қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды. Мастер-класс ішімдіксіздік сусындарды дайындауды көрсетумен аяқталды.
16-шы қараша 2016 ж. «Чайка» қонақүйінде базасында «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» 2 курс студенттерімен кафедра доценті Г.К.Замбинова жетекшілігімен тәжірибе сабағын өтті. Қызмет көрсетуші персоналдың жұмының ерекшеліктері және кәсіпорынның міндеттері туралы басқарушы Галина Дмитреевна баяндап берді. Экскурсия барысында студенттерге қонақүйдің номерлік қоры көрсетіліп, және де оларға қонақүйдегі маркетингтік тәсілдің қолданылуы туралы айтылды. Қонақүйдің басшылығы мен қызметкерлеріне осындай танымдық, қызықты сабақ ұйымдастырғандарына үлкен рахмет!.
Қарағанды экономикалық университетіндегі «Мансап күні-2017». «Банк ісі» кафедрасы.
2016 жылдың 18 қарашасында ҚҚЭУ қабырғасында «Мансап күні-2017» шарасы ұйымдастырылды. Аталмыш шараның мақсаты: бітіруші студенттерді жұмысқа орналастыру. Тиісінше шараға коммерциялық жане мемлекеттік мекемелер шақыртылды.
«Банк ісі» кафедрасы іс шараға белсене қатысты. Кафедра оқытушылары және кафедра меңгерушісі э.ғ.д., профессор Талимова Л.А. әрі түлек студенттерді жұмысқа орналастыруына жауапты э.ғ.к., доцент Гусманова Ж.А. оқытушыларын атап өтуге болады. Іс-шараға орай «Банк ісі» кафедрасы «Қаржы» және басқа да мамандығындағы түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында келесі қаржылық ұйымдарды шақырды: «ДельтаБанк» АҚ ҚФ, «Казкомбанк» АҚ ҚФ, «БанкЦентрКредит» АҚ, «Жинақ Банк» АҚ ҚФ, «QazaqBank» АҚ ҚФ және т.б. Іс-шара соңында түлектер ұйымдарға өз түйіндемелерін тапсырды.
14.11.16 жылы сағат 14:10 уақыт аралығында Ф-32, Ф-22с топтарымен бірлесе «Банк ісі» пәнінен «Коммерциялық банктердегі несиелеуді ұйымдастыру үрдісі» тақырыбы бойынша «Қаржыгер күніне» арналған іскерлік ойыны ұйымдастырылды. Іскерлік ойынды ұйымдастырушы РhD докторы Омарова А.Т. Іскерлік ойынға ЕҚФ деканы Накипова Г.Е. және «Банк ісі» кафедрасының оқытушылары қатысты. Іскерлік ойыны соңында қорытынды жарияланды және белсенді қатысқан студенттер аталып өтті.
Жалпы білім беретін орта мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында математика бойынша өткен Олимпиаданың қорытындысы
2016 жылдың 5 қарашасында жоғары математика кафедрасының оқытушылары жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларының арасында математикадан Олимпиада өткізді. Олимпиадаға 30 мектептен 279 оқушы қатысты.
Олимпиада нәтижелері бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталды: