• Blog news

Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы02.11.2016 «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасы шеңберінде «Идеялар жәрмеңкесі» атты конкурс өткізілді. Аталмыш шараға Қарағанды облысының ЖОО магистранттары, студенттері және колледж студенттері қатысты. Конкурста 18 жоба ұсынылған болатын, олардың ішінде Қарағанды экономикалық университеті, экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Байбосынов С.Б. жетекшілігімен қатысқан студенттер жүлделі 1 және 2 орынды иеленді. Жобаларды Кәсіпкерлер палатасының директорының орынбасары, «Даму» АҚ қоры директорының орынбасары, «Сарыарқа технопаркі» ЖШС директоры, «Іскер» кәсіпкерлер ассоциациясының атқарушы директоры және облыстық кәсіпкерлікті дамыту басқармасының өкілдері бағалады. 1 орынды Э-32к тобының студенттері Жиембаева Мадина, Қойшыбаева Мариям, Құлтаев Ернұр иеленді, ал 2 орынды Ф-32 тобының студенттері сакенов амир, Кожанов Дидар және Токенов Жасұлан иеленді.
Аталған студенттер «Бизнестің жол картасы 2020» атты бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы аясында ҚР Ұлттық экономика министрлігі және ҚР Кәсіпкерлер палатасымен өткізген «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасы шеңберінде бес күндік курс өтіп сертификаттарға ие болғандарын да атап өтуге болады.

Платина дәріс

Платина дәріс 1 қараша 2016 ж. халықаралық менеджер күні аясында экономика және менеджмент кафедрасы СМС ЭБФ студенттеріне практика қызметкерімен дәріс өттті. Дәрісті Қарағанды облысының «Эфес-Караганда» ЖШС сату жөніндегі бөлімінің бастығы - Шманов Талгат Толендиевич

"Кросс-менеджмент" атты тақырыбы бойынша бизнес-кездесу өткізді.

"Кросс-менеджмент" атты тақырыбы бойынша бизнес-кездесу өткізді.Халықаралық менеджер күніне арналған іс-шаралар шеңберінде профессор-оқытушылар құрамына инвестициялық жобаларды бөлімінің бастығы Кульмагамбета Жанаргуль Жумабаевна "Кросс-менеджмент" атты тақырыбы бойынша бизнес-кездесу өткізді.

Intellectual and cognitive game "Manage and defeat: mission possible"

Intellectual and cognitive game "Manage and defeat: mission possible"The International Day of the manager of the Department of Economics and Management, 2 November of 2016. It was held intellectual and cognitive game "and manage to win: mission possible" with the participation of students of class 11, the city of Karaganda and 1 college course "Economics" and "Management".

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL