• Blog news

ҚMМУ базасында өткен шет тілдері бойынша көптілді ЖОО аралық олимпиада

ҚMМУ базасында өткен шет тілдері бойынша көптілді ЖОО аралық  олимпиада2016 ж. қыркүйек айының 23 жұлдызында Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті базасында шет тілдері бойынша ЖОО аралық көптілді олимпиада өтті. Біздің университеттің атынан Жапаров Саян (МО-23 тобы), Санаубаев Болат (ТУР- 21к тобы), Кайкенова Томирис (ТУР-14с тобы) қатысты. 3 турдың қорытындысы бойынша біздің студентер 2 орынға ие болды.
Құттықтаймыз !!!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР ЖӘНЕ ДОСТАР!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР ЖӘНЕ ДОСТАР!Қарағанды экономикалық университеті Туризм және мейрамхана ісі кафедрасы сіздері Дүниежүзілік туризм күнімен құттықтайды!
Дүниежүзілік туризм күні — әлемнің кез келген нүктесіне «есік ашық» күн. Саяхаттау мүмкіндігі сондай тамаша!
Дүниежүзілік туризм күнін 1979 жылы испаниялық Торремолино қаласында Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас Ассамблеясы бекіткен. 1970 жылдың 27 қыркүйегінде Дүниежүзілік туристік ұйым Жарғы қабылдады. Содан бері осы күн дүниежүзілік туризм күні болып белгіленген.
Бұл мейрамды атап өтудегі мақсат – туризмді дамытып, түрлі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Туризмнің маңыздылығы мен оның әлеуметтік, мәдени,экономикалық мәнін халықаралық деңгейге жеткізу. Кей мемлекеттер үшін , туризм маңызды экономикалық фактор және мемлекеттік бюджет кірісінің негізгі көзі болып табылады.
Турист болу сәнді, ең бастысы – денін сау және белсенді болуың!

ШЕТЕЛ ПРОФЕССОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

ШЕТЕЛ ПРОФЕССОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ16.09.2016 ӘЭ мен ХҚ кафедрасы, ЭБФ кафедраларының меңгерушілері және ЭБФ деканы Гимрановамен Г.И. бірлесе отырып, шетел профессорлары Стефания Бандини (Университет Милан-Бикокка, Италия), Марина Колонни (Университет Милан-Бикокка, Италия) және Манино Винсентомен (Университет Рома Тре, Италия) кездесу өткізді.
Кездесуде студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігі, бірлескен жобаларды әзірлеу мен жүзеге асырудың мүмкіндіктері және оқу бағдарламаларын рецензиялау мәселелері талқыланды.

Ақпараттық-оқытушы семинар «ҚЭУ өкілдіктерінің техникалық қызметкерлер (бағдарламашылар) біліктілігін арттыру»

Ақпараттық-оқытушы семинар «ҚЭУ өкілдіктерінің техникалық қызметкерлер  (бағдарламашылар) біліктілігін арттыру»2016 жылдың 7 қыркүйегінде ҚҚЭУ Қашықтықтан оқыту орталығы «ҚЭУ өкілдіктерінің техникалық қызметкерлер (бағдарламашылар) біліктілігін арттыру» тақырыбында ақпараттық-оқытушы семинар ұйымдастырып, өткізді. Семинардың қажет етушілігі Өкілдіктердің техникалық қызметкерлерінің білімдері мен біліктерін жаңа технологияларға бейімдеу қажеттілігімен, ҚЭУ-де әзірленген жаңа технологиялық оқыту ресурсының бағдарламалық құрылымымен танысуымен, ЖАОК үшін жаңартылған бағдарламалық ортасын игеруімен, ЖАОК форматында қазіргі заманғы техникалық құралдарын пайдалану дағдыларға ие болуымен анықталған.
ҚЭУ Өкілдіктерінің бағдарламашылар біліктілігін арттыруының тағы бір маңызды бағыты – университеттің «Колледжілер түлектері үшін сынама тестілеу» порталдық бағдарламалық ресурстармен жұмыс істеу үшін практикалық дағдыларды алу қажеттілігі.
Техникалық жаңалықтарға қосымша контентті толтыру талаптарға сәйкес 2016 – 2017 оқу жылына оқу контентін даярлауындағы өзгерістер бойынша консультациялар өткізілді.
Семинарға ҚОО директоры И.А.Аманов, ҚОО директорының орынбасары В.Г.Дрозд, ДҚӘ қызметінің жетекшісі Р.У.Аманова, инженер-бағдарламашы С.К.Нұрақашев, бағдарламашы М.М.Түсіпов, тьютор-менеджер Д.Н.Мұстафина, ҚЭУ Өкілдіктерінің бағдарламашылары қатысты.

ҚҚЭУ «Туризм» мамандығының студенттерінің Өзбекстандағы өткен халықаралық тәжірибесі туралы ҚҚЭУ– 2016 жыл

ҚҚЭУ «Туризм» мамандығының студенттерінің Өзбекстандағы өткен халықаралық тәжірибесі туралы ҚҚЭУ– 2016 жылЖыл сайын «Туризм» мамандығының студенттері шетелден халықаралық тәжірибе өтуге мүмкіндіктері бар. 2016 жылы жазда (30-шы маусымннан 9-ші шілдеге дейін) Тур-31к және Тур-32 топтарың студенттері «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасының доценті Г.К. Замбиновамен бірге Самарқанд экономика және сервис институтының «SamISISayyohPlus» туристік компанияның шақыруымен Самарканд және Ташкент қалаларында тәжірибеден өтті.
Тәжірибе мақсаты Өзбекстанның туристік потенциалы мен туристік инфрақұрылымының қызметімен танысу болып табылды. Сонымен қатар, тәжірибе барысында біздің студенттері жыл сайын өтетін үш күндік «Самарқанд – Шығыстың маржаны» атты фестивальға белсенді қатысты.
Фестиваль барысында студенттер халықаралық «Туристік кластердің әдістемелік және әдіснамалық негіздерін жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Және де осындай бағалы тәжірибе өтуге мүмкіндік берген университет ректоры Е.Б. Аймағамбетовға ерекше алғыс білдіреміз.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL