31-ші наурыз 2016 жылы 12.30-дан 16.00-ге дейін «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасының доцені Б.Т. Матаева және «Туризм және қонақжай саласындағы көңіл-көтеру қызметін ұйымдастыру, «Мейрамхана және қонақүй шаруашылығы», «МІ және ҚБ менеджменті» курстарын игеру барысында РД-11к, РД-13ск, Тур-21к, РД-31к тобының студенттерімен «Мерей» қонақүй базасында сабақ ұйымдастырды.
2016 жылдың 30 наурызында «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» мен «Экономикалық теория және МЖБ» кафедралары Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 50 жылдық мерей тойына орайластырылған «Ұлттық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі діни экстремизм» атты дөңгелек үстел өткізді.
2016 жылдың 18 наурызында «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымының магистрі Шукушева Е.В. Наурыз мерекесіне орайластырылған, «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» мен «Көпжақты дипломатия» пәндерінің шеңберінде университеттен тыс МО-32, МО-33 топтарына және академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша Душанбе (Тәжікстан) мен Белгород (Ресей) қалаларынан келген студенттеріне Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығында сабақ өткізді.
2016 жылдың 21 наурыз және 30 наурыз аралығында ғылыми және педагогикалық бағыттың 6М050700 «Менеджмент», 6М051000 «Мемлекеттік және жергелікті басқару», 6М051100 «Маркетинг» мамандықтарының 2 курс магистранттары Санкт – Петербург мемлекеттік экономикалық университетінде (Ресей Федерациясы, Санкт – Петербург қ.) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми тағылымдама барысында Санкт – Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің белгілі профессорлармен мен доценттер магистранттарға «Современные подходы к менеджменту, маркетингу и государственному управлению в условиях глобализации: стратегический аспект» макро, мезо, микро деңгейде іске асырылатын замануи аймақтық кадрлар әлеуетін басқаруын байланысты сұрақтар шоғырын ашты, ресурсты үнемдеуді және энергия үнемдеуді басқару, мемлекеттік реттеу және инновациялық бизнесті муниципалды меншікті басқару, мемлекеттік және муниципалды басқару жүйесіндегі кадолық саясат жөнінде жаңа мәліметтер игерілді. Тәжірибелік дәріс «Ингрия» бизнес – инкубатор негізінде өтті, оның аясында магистранттар инновациялық жобалар презентацияларына қатысты. Тағылымдама бағдарламасы аясында магистранттар Санкт – Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің кітапханасында шетелдік ғылыми және оқу әдістемесі.
25 наурызда «Экология және бағалау» кафедрасының оқытушылары Аршкенова Айгүл Мейрамқызы мен Тұргамбеков Ғалым Мұратұлы Жас натуралистер станциясында «Қыстайтын құстарға көмектесейік» атты акция өткізді. Іс-шарага «Экология» мамандығы студенттері Кәкен Темірлан (Эко-11), және Мағауя Нұржан және Оралбек Жасын (Эко-12к) қатысты. ҚҚЭУ студенттері экологиялық білім беру бойынша ойын түрінде мастер-класс ұйымдастырды.