• Blog news

ӘЖ және ӘСП кафедрасының СҒҚ отырысы

ӘЖ және ӘСП кафедрасының СҒҚ отырысыАғымдағы жылдың 11 ақпан күні №367 дәрісханада ӘЖ және ӘСП кафедрасының «Әлеуметтік жұмыс» және «Экономика және құқық негіздері» мамандығының 1-3 курс студенттері мен кафедра оқытушылары құрамының қатысуымен студенттік ғылыми қоғамдастықтың отырысы болып өтті. Отырыс барысында қарасытырылған сұрақтар:
1. 2015-2016 оқу жылының 2 жарты жылдығындағы СҒҚ-ның жұмыс жоспары;
2. Кафедра оқытушыларының жетекшілігімен студенттердің ҚР ЖОО-да ұйымдастырылатын ғылыми-инновациялық жобалар байқауына қатысуы;
3. Университеттің 50 жылдығына орай өткізілетін «Студенттік ғылым күні» атты іс-шараның өту барысы мен мазмұнына қатысты ұсыныстар мен өзгерістерді қарастыру.
Отырыс қорытындысы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де 26 ақпанда өтетін әлеуметтік жобалар байқауына екі жоба жіберілетін болды. Олар: «Әлеуметтік жұмыс» және «Экономика және құқық негіздері» мамандығы студенттерінің «Novator» және «Самғау» топтарының жобалары.

Академикалық мобильділік бағдарламасы бойынша оқыған студенттермен кездесу

Академикалық мобильділік бағдарламасы бойынша оқыған студенттермен кездесу2016 жылы 19-шы ақпанда Туризм және мейрахана ісі кафедрасы академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқыған студенттермен кездесу ұйымдастырды. Кездесуде кафедра оқытушылары, сонымен қатар «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі»мамандықтарының 1-2-ші курс студенттерді болды. Кездесу барысында шетелде оқып келген студенттер Наутбаева Умит, Мукан Анель, Казымбет Токжан, Жиенкулова Жанар, Жакупова Айгерим, Лия Микадзе, Арнат Болатов, Копбаева Сабина өздерінің оқу жайлы тәжірибелері мен қалыптасқан көзқарастарымен бөлісті. Кездесуде болған 1-ші курс студенттері белсенді қатысып, сұрақтар қойып, қызығушылық танытты.

«Жұмыс берушілер, әлеуметтік серіктестер мен университеттің өзара іс-әрекетінің инновациялық үлгісі» дөңгелек үстелі

«Жұмыс берушілер, әлеуметтік серіктестер мен университеттің өзара іс-әрекетінің инновациялық үлгісі» дөңгелек үстелі17.02.2016 ж. Экономика және менеджмент кафедрасымен «Жұмыс берушілер, әлеуметтік серіктестер мен университеттің өзара іс-әрекетінің инновациялық үлгісі» атты тақырыпқа дөңгелек үстел өткізілді, оның мақсаты болып өңірлер үшін экономика және менеджмент аясында мамандарды даярлаудың сапасын арттыру мақсатында жоғары оқу орындарының жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер арасындағы өзара байланысты және түлектерді жұмысқа орналастыруға ықпалын жетілдіру саналады.

«Мисс ЭБФ-2016»

«Мисс ЭБФ-2016»«Экология және бағалау» кафедрасы Эко-12к тобының студенті Жунусова Арайлымды құттықтайды. Жунусова Арайлым «Мисс ЭБФ-2016» титулын жеңіп алды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL