• Blog news

Aта-аналармен кездесуі

Aта-аналармен кездесуі«Банк ісі» кафедрасы доценті Е.И.Борисованың №1 гимназия мектебіндегі оқушыларының ата-аналарымен кездесуі

Магистратура- жас мамандардың қазіргі заманғы шындық.

Магистратура- жас мамандардың қазіргі заманғы шындық.Қазіргі таңда магистратурада білім алу – жас мамандардың өзін-өзі анықтаудағы және өзіндік дамудағы қажеттілік және жоғары маңыздылық болып табылады. Осы сұрақты шешуде жастардың хабардарлығы маңызды рөл атқарады.
Осылай, 2015 жылдың 5 және 6 қарашада Жоғарғы оқу орнына кейінгі және қосымша білім беру департаменті университет деканаттарымен бірігіп, Қарағанды Экономикалық Университет студенттеріне арналған, біздің университете игерілетін магистерлік бағдарламалардың имидждік тұсаукесерін өткізді. Тұсаукесер барысында жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алу бағдарламаларына түсу ережелері, магистрлік бағдарламалар өзгешеліктері , магистратурада білім алу ерекшеліктері талқыланды. Осы тұсаукесерде білім алушылар секторының қамтылуы жеткілікті болды – бакалавриаттың 2,3,4 курс студенттері.
Магистратура бағдарламалары бойынша және оларға түсу ережелері туралы көп сұрақ туындаған студенттердің қызығушылығы осы іс – шараларды өткізілуі маңызды екені көрсетеді.

«ЕРАМ Қазақстан» ЖШС сырттай өткізілетін сабақ

«ЕРАМ Қазақстан» ЖШС сырттай өткізілетін сабақ3 қараша 2015 жылы «ЕРАМ Қазақстан» ЖШС «Java кіріспе» тақырыбы бойынша сырттай өткізілетін сабақ ұйымдастырды. Оған «Ақпараттық жүйелер» және «Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтасыздандыру» мамандығының студенттері қатысты. Есмагамбетов Т.У. және Есмагамбетова М.М. аға оқытушыларымен бірге клиенттік қосымшалар мен серверлік бағдарламалық қамтасыздандыруды құрастырудың негізгі сатылары мен ерекшелектерін қарастырды.

Ашық есіктер күні өтті

Ашық есіктер күні өтті«Party – Quest» түрінде Қарағанды экономикалық университетінде 2015 жылдың 6 қарашасында Ашық есіктер күні өтті.
Мектеп және колледж түлектеріне қызықты ойын – университетпен танысу ұсынылды. Оған Қарағанды қаласының және Қарағанды облысының 425 түлегі қатысты.

Ф-12 тобымен өткізілген ашық кураторлық сабақ (кураторы Борисова Е.И., 2015 жыл 2 қараша). Тақырып: «Діни экстремизмге қарсы әрекет»

Ф-12 тобымен өткізілген ашық кураторлық сабақ  (кураторы Борисова Е.И., 2015 жыл 2 қараша).  Тақырып:  «Діни экстремизмге қарсы әрекет»Куратор Борисова Е.И. сәлемдесу сөзінен соң ашық кураторлық сағаттың мақсатымен таныстырды. Ашық кураторлық сағатың мақсаты болып, діни экстремизмнің мазмұнымен танысу және оларға қарсы әрекеттер жүргізу табылады. Ашық кураторлық сағатқа студенттермен бірге магистранттар да қатысты. Магистрант Курманалин Сайра «ҚР-да қызмет етуі шеттетілген діни бірлестіктері» атты баяндамасын ұсынса, студент Бексеитов И. «Діни экстремизмге қарсы әрекет» атты хабарламасын ұсынды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL