2016 жылдың 2-ші ақпан айында «Экономика және менеджмент» кафедрасының э.ғ.к., доцент Туткушева Ж.К. МН-21, Э-32 топатрымен бірге «Кәсіби мансапты жоспарлау» пәнінен тәжірибе базасында «Қазіргі заман жағдайында іскерлік мансап» тақырыбында сабақ жүргізді. Сабақты Туткушева Ж.К бірге кәсіпкерлікті менмлекеттік қолдау бағдарламасы «Даму» «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ҚФ-ның кеңесшісі Койбагарова Гаухар жүргізді
2016 жылғы 27 қаңтарда «Болашақ» академиясында «Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет туралы заңнамны дамытудың түйткілдері мен келешегі» тақырыбында ғылыми-теориялық семинар болды. Семинардың модераторы «Болашақ» академиясының «Заң пәндері» кафедрасынң меңгерушісі, з. ғ. к., доцент А.Т. Қабжанов, координаторы осы кафедра доценті, з. ғ. к. Л.К. Амандықова. Семинарға з. ғ. к., Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың «Конституциялық және халықаралық құқық» кафедрасының профессоры К.С. Муслимова, «Қарағанды облысы әкімі аппараты» ҚМКК мемлекет қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін көтеру аймақтық орталығының аға оқытушысы С.Х. Мустафин, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет департаментінің бас маманы Р.М. Жусупов, з.ғ. к., «Болашақ» академиясының «Заң пәндері» кафедрасыынң доценті» А.М. Малдыбаев және басқалар қатысты. Ғылыми-теориялық семинарға ҚКЭУ-ден з.ғ.к., доцент, ЭҚЗ ҒЗИ аға ғылыми қызметкері Кенелұлы Сыздық қатысып, «Қазақстан Республикасы қызметкерлері арасында қылмыстылық пен құқықбұзудың алдын алу» тақырыбында баяндама жасады.
2015 жылдың 14 қаңтар күні Экономика және басқару факультетінің кураторлары үшін «Академиялық тобында кураторлар жұмысының ерекшеліктері» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Аталмыш семинар Кураторлар Кеңесінің төрайымы Нуркеева Б.А., сондай-ақ әлеуметтік жұмыс және ӘСП кафедрасының әлеуметтанушысы Отыншина Г.С. қатысуымен өтті. Онда кураторлардың назарына университетінің Жастар бастамалары орталығы ұсынған, әдістемелік қоржынына таныстырылды. Оның құрамына топта жұмыс істеудің әртүрлі технологиялар, әр түрлі формалары мен тақырыптық кураторлық сағаттар, кураторлық жұмысын бағалау критерийлері және т.б. көрсетілген.
2016 жылдың 11 қаңтарынан 20 қаңтарына дейін Қарағанды экономикалық университетінде Қазтұтынуодағы Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қызметкерлері үшін«Бейнелекцияларды өткізу әдістемелері» атта біліктілікті арттыру курсы өтті. Курсты Оқу Телевидениясы орталығының директоры Тарская Марина Николаевна және шақырылған білікті артист Әкім Думан Нұрлыбекұлы өткізді. Курс шеңберінде тыңдаушылар мінез-құлық дағдыларын, онлайн сабақ әдістемесін, аудио, бейне оқулықтар, бейне лекциялар мен тағайындау түрлерінің дидактикалық принциптерін игерді..Сөйлеу және дикция құруды үйренуді Думан Нұрлыбекұлының тренингтері ықпал етті. Тыңдаушылар тарапынан Тарская М.Н. және Әкім Д. Н. жоғары кәсібилігін атап өтті .Жалпы, курс жоғары деңгейде өткізілді. Курс соңында тыңдаушыларға сертификат таратылды.
2016 жылдың 20 қаңтарында Есеп-қаржы факультетінің деканаты студенттер арасында діни экстремизмге қарсы жұмысты сапалы жүргізу мақсатында кураторларға «Діни экстремизмнің алдын алу бойынша кураторлардың тәрбие жұмысы – теория және әдістеме» тақырыбында кездесу өткізілді.