2015 жылдың 5 маусымында ҚСС кафедрасы меңгерушісі, э.ғ.д., профессор Сембеков А.К. «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының журналисті Тойжігітов Алиге Ұлт жоспары «100 нақты қадам» тақырыбына сұхбат берді.
19 мамыр күні «Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасы меңгерушісі, э.ғ.д., профессор Сембеков А.К. 2015 жылдың 19-21 мамырында Алматы қаласында өткен Исламдық қаржылық қазметтер кеңесінің XII саммитіне қатысты. Самитте келесі сұрақтар қарастырылды: 1)«Қазақстан – Ислам қаржылық хабы» - ҚР Ұлттық банк төрағасы орынбасары Нұрлан Құсайынов. 2)«Ислам қаржыларының жаңа нарықтарда қалыптастырылуы. Қазақстан тәжірибесі» - Al-Hilal Ислам банкінің CEO Прасад Абрахам. 3)«Қазақстандағы ИСН аймақтық тәжірибесі» - аймақтық өкіл, ТМД & Еуропа, Самир Тагиев. 4)«Такафул Қазақстанда – келешегі мен қарсылықтар» - Такафул Қазақстан негізін қалаушысы және CEO Құралай Елдісбай. 5)«Қазақстандағы исламдық микроқаржыландырудың даму келешегі» - New Finance негізін қалаушысы және CEO Тимур Алим. 6)«Қазақстанның исламдық қаржылық саласына квалификацияланған мамандарды дайындау» - Исламдық қаржылардың даму ассоциациясмы төрағасы Заратқазы Нұрпейісов. Бұл саммит жыл сайын қатысу елдердің орталық банкілерінің қолдауымен өтіп отырады. Оның жұмысына 35 елден астам 300 делегаттан көп адам қатысты, солардың ішінде – бақылау және қадағалау органдарының, халықаралық қаржылық институттарының жоғары қызметтегі адамдар, қаржылық нарық қатысушылары, ғылым және білім саласының өкілдері.
2015 жылдың 29 мамырында экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институты проректор, э.ғ.д., профессор Таубаев А:А. басшылығымен және модератор Ханов Т.А. «Заң үстемдігін қамтамасыз ету бойынша институционалдық реформаларды жүзеге асыру жағдайындағы Қазақстанның ұлттық жүйесінің даму келешегі» атты тақырыбы бойынша студенттер, магистранттар және оқытушыларғы арналған дөңгелек үстелін өткізді. Баяндамаларымен ортаға шықты: 1.«заң үстемдігін қамтамасыз ету механизмінің жақсаруы институционалдық реформалардың тиімді жүзеге асырылуының жағдайы ретінде» – Ханов Т.А., ҚҚЭУ ЭҚЗ ҒЗИ директоры з.ғ.д., доцент 2.«100 нақты қадамды» жүзеге асыру барысында сот алды өндірісті қалыптастыру кезіндегі азаматтардың конституциондық құқықтарын қамтамасыз ету» – Феткулов А.Х., а.ғ.қ. ҚҚЭУ ЭҚЗ ҒЗИ, з.ғ.к., доцент 3.«Заң үстемдігін қамтамасыз ету кезіндегі пара алудың алдын алу және сақтандыру» – Сейтхожин Б.У., а.ғ.қ. ҚҚЭУ ЭҚЗ ҒЗИ, з.ғ.к., доцент
2015 жылдың 1 маусымында э.ғ.к., ҚСС кафедрасының доценті Улаков Н.С. Қазақстан Ұлттық банкі Малайзия Орталық банкімен (Bank Negara Malaysia) бірігіп, Ислам зерттеу және тренинг институты қолдауымен өткізген, Қазақстанның жоғарғы оқу орындары оқытушыларына арналған Халықаралық тренгигісіне қатысты. Бұл тренинг Аль-Фараби атындағы ҚазМУ кітапханасы негізінде өткізілді және исламдық банкинг, сақтандыру, құнды қағаздар нарығы саласындағы квалификация мен кәсіптілікті дамытуға бағытталды, сонымен қатар исламдық қаржыландыруды мемлекеттік қолдауы бар елдерде исламдық инвестициялау сұрақтарын зерттеуге мүмкіндік берді. Тренинг интерактивті түрде теорияны таныстырумен, сұрақтарды тақылаумен және осы бағытта тәжірибелік есептерді шешумен өтті.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университтінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Саринжипов А.Б., Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әбішев Ж.А., Қазақстан футбол Федерациясының вице-президенті Байшаков С.И., қарағанды жоолары ректорларының қатысуымен «Көктем-Күз-2015» атты футзал бойынша Ұлттық студенттік лиганың салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Байқау ұйымдастырушылары ретінде ҚР Білім және ғылым министірлігі мен Қазақстан футбол Федерациясы шықты. Жобаның мақсаты – еліміздің Президенті спортпен жүйелі түрде 30%-дан кем емес қазақстандықтарды ынталандыру және кәсіби ойындарға дарынды спортсмендерді тарту деп қойған мақсатқа сай жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.