• Blog news

Халықаралық студенттік он-лайн конференция

Халықаралық студенттік он-лайн конференция2015 жылдың 2 сәуірінде ҚҚЭУ «Экономика және менеджмент» кафедрасымен бірге Башқұрт мемлекеттік аграрлық университеті халықаралық студенттік он-лайн конференция ұымдастырды.
ҚҚЭУ-дан конференция модераторы болып э.ғ.к, доцент Омарханова Ж.М. таңдалды, ал Башқұрт МАУ-нен э.ғ.д., ұйымдастыру және менеджмент кафедрасының профессоры Кузнецова А. Р. тағайындалды.
Құттықтау сөзімен экономика және басқару факультетінің деканы профессор Гимранова Г.И. шықты. Профессор Гимранова Г.И. барлық конференция қатысушыларына табысты жұмыс тіледі.

«Қазақ хандығына 550 жыл»

«Қазақ хандығына 550 жыл»2-ші сәуір күні Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саяси-пәндер кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Қазақ хандығына 550 жыл» атты дөңгелек үстел өткізілді. Студенттер ән айтып, күй тартып, би билеп, өлең оқып өз өнерлерін көрсетіп, баяндамаларын назарға ұсынды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, жастарды Отанға деген сүйіспеншілікке, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.
Дөңгелек үстелге көрермен ретінде қатысқан топтар: ВТ-11к, ВТ-11с/к, ИС-11с/к, МЭ-21к, Ф-11к, Э-12к, Ю-13с/к, Лог-11к.
Жүргізушілер: Амангельдин Аманбол Ю-21к тобының, Жаникулова Акмарал РД-12 тобының студенттері.
Дөңгелек үстелге белсенділік танытып қатысқан студенттердің барлығы алғыс хаттармен марапатталды.

Ресейдің Кубан мемлекеттік арграрлық университеті делегациясы (КубМАУ) (Бейнежазба)

Ресейдің Кубан мемлекеттік арграрлық университеті делегациясы (КубМАУ) (Бейнежазба)8 және 11 сәуір 20145 аралығында ҚЭУ-не Ресейден Кубан мемлекетті аграрлық университеті (КубМАУ) атынан э.ғ.д., профессорлар келген делегация– Липчиу Нина Владимировна, Улыбина Любовь Константиновна, Тюпакова Нина Николаевна сапар шекті. Ардақты қонақтарды шақыру бастамашысы болып «Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасы шықты.
Ғалымдар университет ректоры Аймагамбетовым Е.Б. кездесті, ғылым және білім салаларында жоо қарым-қатынастары келешегін талқылады, сонымен қатар ҚЭУ студенттері мен магистранттарын сақтандыру нарығын дамыту мен Ресей Федерациясының салықтық жүйесін ұйымдастыру, өзінің аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуы сұрақтары жайлы лекциями-презентацияларымен таныстырды.

Ғылыми дәреже алуыңызбен құттықтаймыз

Ғылыми дәреже алуыңызбен құттықтаймыз6D050700 - Менеджмент мамандығы бойынша Философия докторы (PhD) Орынбасарова Еркеназым Дулатовнаны, Югай Станислав Васильевичті және 6D051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша Жидкоблинова Олеся Владимировнаны!

Қарағанды экономикалық университеті магистранттарының Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетіндегі ғылыми тағылымдамасы

Қарағанды экономикалық университеті магистранттарының Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетіндегі ғылыми тағылымдамасы2015 жылдың 11 наурызынан 19 наурызына дейін 6М050800 «Есеп және аудит», 6М050900 «Қаржы», 6М070300 «Ақпараттық жүйелер», 6М090800 «Бағалау» мамандықтары бойынша 2 оқу курсы магистранттары Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы).
Магистранттар Ресей Федерациясының Қаржы министрлігіне, РФ Орталық банкіне, сонымен қатар «BDO», «KPMG», «Pricewaterhouse Coopers» ауторлық және консалгтингтік компанияларының мастер класстарына қатысты. Сонымен бірге, «Бизнесті бағалау мен есеп-қаржылық және ақпараттық қамтамасыздандырудың өзекті мәселелері» мәселеге бағытталған дәрістер қатары тыңдалды.
Күннің екінші жартысын магистранттар университет кітапханасында ғылыми зерттеулер жүргізу мен Мәскеу қ. көрікті жерлеріне баруға арнады

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL