• Blog news

BasePage

 

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» «Мемлекеттік тіліміз – Мәңгілік Елімізбен бірге...»

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» «Мемлекеттік тіліміз – Мәңгілік Елімізбен бірге...» 2015 жылдың 27 ақпанында Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасы қалалық мектеп оқушылары арасында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылдың 11 қарашасындағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауына арналған «Мемлекеттік тіліміз – Мәңгілік Елімізбен бірге...» атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты Елбасының халыққа жолдаған «Нұрлы жол» Жолдауындағы басты мәселелерге тоқтала отырып, оқушыларды патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел пікірталасына Қарағанды қаласының №66 ЖББОМ, №77 ЖББМБК және №92-гимназиясының 11 сынып оқушылары қатысты.

Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасы

Норвегиялық асхана мастер класы

Норвегиялық асхана мастер класыҚарағанды облысы Кәсіпкерлер Палатасының бағдарламасына сәйкес дуальды білім беру шеңберінде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономика, бизнес және құқық Колледжі студенттеріне арналған колледж оқытушыларымен Норвегия асханасының тағамдарын дайындау бойынша мастер класы өткізілді. Бұл іс-шараға Норвегия Елшілігінің бас аспазшысы Тамара Ермолина қатысты.

«Кәсіпкерлік ұйымда болашақ маманмын » атты интеллектуалдық ойын

«Кәсіпкерлік ұйымда болашақ маманмын » атты интеллектуалдық ойынҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол»
Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өту мақсатында, ҚҚЭУ ЭБҚ колледжінде өткен «Кәсіпкерлік ұйымда болашақ маманмын » атты интеллектуалдық ойын.

Құттықтаймыз!!!

Құттықтаймыз!!!Біздің университеттің мини-футбол құрама студенттер командасын Қарағанды қ. «Студенттік Лигасының» чемпиондары болуымен құттықтаймыз. Шын жүректен «Дене шынықтыру» кафедрасының аға оқытушысы Акшулаков Борис Калкеновичты команданың тренері ретіндегі табысты дебютімен құттықтаймыз!!!
Біздің университеттің баскетбол бойынша студенттер құрама командасын Қарағанды қ. «Студенттік Лигасының» чемпиондары болуымен құттықтаймыз.
Біздің университеттің баскетбол бойынша ұлдар құрама командасын Қарағанды облысы Әкімі сыйлықтарына студенттік жастар арасындағы ІХ Cпартакиада чемпиондары болуымен құттықтаймыз.
Біздің университеттің баскетбол бойынша қыздар құрама командасын Қарағанды облысы Әкімі сыйлықтарына студенттік жастар арасындағы ІХ Cпартакиада чемпиондары болуымен құттықтаймыз.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL