IELTS халықаралық емтиханын тапсыру бойынша курстар (4.5 + деңгей)
2021 жылдың 11 қаңтарында ҚҚЭУ оқытушылары мен докторантураға түскісі келетін әлеуетті талапкерлерге арналған "IELTS" тапсыруға дайындық курсы басталды.
2021 жылдың 11 қаңтарында ҚҚЭУ оқытушылары мен докторантураға түскісі келетін әлеуетті талапкерлерге арналған "IELTS" тапсыруға дайындық курсы басталды.
Алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы қарсаңында «Бизнес, құқық және технология» факультетінің «Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу» және «Жалпыға және арнайы құқықтық пәндер» кафедралары 2020 жылдың 30 қарашасы мен 25 желтоқсаны аралығында университеттің барлық білім беру бағдарламаларының бакалавриат студенттері үшін «Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі және сайлау құқығы» тақырыбында вебинар сериясын өткізді.
Вебинар аясында студенттерге сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша қазақстандық заңнаманың негізгі ережелері түсіндірілді. Студенттер ҚР Конституциясының 33-бабында бекітілген сайлау құқығының конституциялық кепілдіктерімен танысты.
Патриот жас буынды 2020 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға қатысып өз таңдауын жасауға шақырамыз. Өзіңнің конституциялық құқығыңды пайдалан!
2020 жылдың 25 желтоқсанында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің базасында «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңның қабылданғанына 20 жыл толуына орай Қарағанды қаласының заң мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында аймақтық спартакиада өтті.
Жалпы командалық есепте Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Юристократы» командасы, команда құрамында: Ахметова Әділжан Ю-44, Горяева Елизавета Ю-44, Шубаев Әділ Ю-42к, Петрова Анастасия Ю-18-7с. ІІ-орынға ие болды!
Үздік капитан номинациясында Бизнес, құқық және технология факультетінің 4-курс студенті Ахметов Әділжан танылды. Осы спартакиада аясында ұйымдастырылған эссе байқауында ІІІ орын алған Ю-41к тобынан Алкенова Ж. және Ю - 44 тобынан Горяева Е. грамотамен марапатталды.
Олимпиада қатысушыларын Құттықтаймыз!!!
2020 жылдың 15 қазанынан 24 қарашасына дейін "Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті" Жоғары білім берудің федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі Пермь институты (филиалы) "Қазіргі сауда: теория, практика, инновациялар" атты ІХ Бүкілресейлік (халықаралық қатысумен) ғылыми-практикалық конференция өткізді. Бұл конференцияға МЭ-42 тобының студенті Айымбетова Тана Менеджмент және инновация кафедрасының аға оқытушысы Б. Е. Бляловпен бірге белсенді қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша қатысушылардың ғылыми жұмысы жоғары деңгейде бағаланды. Тана Айымбетова үздік баяндамасы үшін қатысушы сертификатын және 1 дәрежелі диплом алды. Конференцияны өткізудегі ынтымақтастығы үшін алғыс хаттар Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ректоры э.ғ.д., профессор Аймағамбетов Е.Б. және Менеджмент және инновациялар кафедрасының аға оқытушысы Блялов Б. Е. атына келді.
Біздің қатысушыларды құттықтаймыз және оларға шығармашылық табыс тілейміз!
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде 24 желтоқсан 2020 жылы онлайн форматта Эразмус+ Жан Моне 600571-EPP-1-2018-1-KZ-EPPJMO-MODULE "Theory and Practice of European Integration" жобасын іске асыру аясында «Аймақтық интеграцияның өзекті мәселелері: ЕО және ЕАЭО тәжірибесі» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Жан Моне Модулінің «Еуропалық интеграцияның теориясы мен тәжірибесі» жұмыс тобы, Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар кафедрасы, университеттің экономика, басқару және кәсіпкерлік факультеті ұйымдастырған халықаралық дөңгелек үстелге қазақстандық және шетелдік ғалымдар, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, бизнес-қоғамдастық, Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетінің сарапшылары, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.
Халықаралық дөңгелек үстелдің спикерлері ретінде сөз сөйледі: Латвия университетінің Еуропалық және өтпелі зерттеулер орталығының директоры, Паула Страдыня атындағы Рига Университетінің бизнес-әкімшілік докторлық бағдарламасының жетекшісі, Латвиялық Еуропалық зерттеулер қауымдастығының президенті (Латвия) доктор, профессор, Татьяна Муравска, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (Қазақстан) Еуропалық ақпараттық орталығының директоры т.ғ.д., Қ.И. Байзақова, Ресей Тұңғыш Президенті Б. Н.Ельцин атындағы (Ресей) Орал Федералдық университетінің халықаралық қатынастар теориясы мен тарихы кафедрасының доценті т.ғ.к., К.Г. Муратшина, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің (Қазақстан), экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының доценті з.ғ.к., Н.В. Сидорова, «Қасиетті Климент Охридский» София университетінің (Болгария) профессоры, э.ғ.д., профессор Желю Владимиров, Ресейдің халықаралық қатынастар және сыртқы саясат кафедрасының доценті, Саратов мемлекеттік. Н.Г. Чернышевский атындағы университеттнің «Еуразия-Поволжье ақпараттық-талдау орталығы» коммерциялық емес серіктестігінің директоры, (Ресей) т.ғ.к. М.В. Лапенко, «Жан Моне кафедрасы. Еуропалық дипломатия» Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (Қазақстан) т.ғ.к., профессор м.а. Ж.М. Медеубаева, Стратегиялық зерттеулер институтының (Башқұртстан) директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары э.ғ.д., профессор А.Р. Кузнецова, Сантьяго-де-Компостела университеті (Испания) AYEconomics зерттеу орталығының Орталық Азияны зерттеу бөлімінің басшысы PhD, Айжан Самамбаева, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің (Қазақстан) дүниежүзілік тарих және халықаралық қатынастар кафедрасының доценті, т.ғ.к., М.В. Шлюпиков.
Халықаралық дөңгелек үстелдің пікірталас панеліне қатысушылары арасында ҚР сауда және интеграция министрлігінің "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы (Қазақстан), Қарағанды облысының ҚБ Сауда палатасы (Қазақстан), ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті (Қазақстан), Қарағанды облысының «Атамекен» ҰКП (Қазақстан), Бабеш-Бойяи университеті (Румыния), Беларусь тұтынушылар кооперациясы сауда-экономикалық университеті (Белоруссия), Белгород кооперация, экономика және құқық университеті (Ресей) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттерінің (Қазақстан) өкілдері болды.