• Blog news

Студенттер арасында әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу

Студенттер арасында әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу

2020 жылдың 08 желтоқсанында студенттерді құқықтық тәрбиелеу аясында ZOOM платформасында "Жастар арасындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің спикері Қарағанды облысы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Е.А. Жартыбаев болды. Спикер студенттерді өзін-өзі тану мен өзін-өзі бағалауды арттыруға, құқықтық білімді насихаттауды арттыруға ынталандырды.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ КҮНІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ КҮНІКәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде және 10 желтоқсанда атап өтілетін Халықаралық адам құқықтары күні қарсаңында Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының доценті з.ғ.к., доцент Сидорова Наталья Владимировна Қарағанды қаласының №86 ЖББОМ-де 2020 жыл 9 желтоқсанда онлайн викторина ұйымдастырып, өткізді.
Викторинаға 11 "Б" (Геракина Ева, Смирнова Мария, Агаджанян Егине) және 11 "В" сыныптарынан (Ермекова Аружан, Ахметова Адель, Бурабаев Сұлтан) құралған екі команда қатысты.
Викторина ZOOM платформасында «Своя игра» ойыны түрінде өтті. Ойын барысында бала құқығы, адам құқығы, адамның жеке құқықтары мен бостандықтары, адам құқықтары мен бостандықтарының Конституциялық бекітілуі, адам құқықтарының халықаралық стандарттары сияқты тақырыптар қозғалды.
Балалар өздерінің құқықтары мен бостандықтары туралы білімдерін көрсетуге, сондай-ақ құқықтық білімдерін толықтыруға мүмкіндік алды.
Балаларға өз жолын таңдауға және алдағы уақытта мемлекеттік емтихандар мен ҰБТ тапсыруға сәттілік тілейміз. Оларды біздің университетте талапкерлер немесе болашақ студенттер ретінде күтеміз!

«Рухани жаңғыру – ұлттық сана қалыптастырудың кепілі» СЕМИНАРЫ

«Рухани жаңғыру – ұлттық сана қалыптастырудың кепілі» СЕМИНАРЫ

08.12.2020 жылы сағат 12.00-де Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен онлайн форматта «Рухани жаңғыру – ұлттық сана қалыптастырудың кепілі» тақырыбында аймақтық ғылыми семинар өткізілді.
Ғылыми семинардың мақсаты: Елімізде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан іс-шараларға қомақты түрде үн қосу болып табылады.
Семинар қонақтары:
1. Ш.Уалиханов атындағы КМУ профессоры, ф.ғ.к С.Н.Жәмбек;
2. Ш.Уалиханов атындағы КМУ оқытушысы, ф.ғ.к Қажыбай А.Т.
3. Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Кенжебек А.Х.
4. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ доценті Ахметжанова Ж.Б.
5. Балхаш қаласындағы «Балқаш Сервис колледжі» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, магистр Тойғанбаева А.М.
6. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ӘЖжҚХА кафедрасының оқытушысы, магистр Қызылов Н.Т. және кафедра оқытушылары мен университет студенттері.
Ғылыми семинарда «Ұлттық таным және ұлттық сана» (Қарағанды экономикалық университеті, қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының доценті Ақатаева Ш.Б.), «Абай поэзиясы және ұлттық идея» (Ш.Уалиханов атындағы КМУ профессоры, ф.ғ.к С.Н.Жәмбек), «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» (Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы А.Х.Кенжебек), «Қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті» (Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының оқытушысы, магистр Қызылов Н.Т.), «Алаш идеясы және тәуелсіздік рухы» (Қарағанды экономикалық университеті, қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының доценті Топашов М.А.) тақырыбында баяндамалар жасалды.
Баяндамалар барысында Абай шығармаларындағы ұлттық идея, ұлттық мүдде, қоғамның болашағын айқындайтын, елдің мүддесінің сақталуына ықпал ететін ұлттық мінез, қоғамдық сана туралы айтылды.
Семинар барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылды, пікірталас болды, семинар өз мақсатына жетті.

«ТІЛ БІЛГІРІ» ОЛИМПИАДАСЫ

«ТІЛ БІЛГІРІ» ОЛИМПИАДАСЫ2020 жылдың 5-желтоқсаны күні қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында онлайн форматта «Тіл білгірі» атты пәндік олимпиада өтті.
Олимпиадаға 19 қалалық мектептен 70-тен аса 11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар пәндік олимпиада барысында мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп, берілген тақырыптар бойынша эссе жазды.
Сонымен қатар мектеп оқушыларына Қарағанды экономикалық университеті, ҰБТ туралы, КЭУ-дағы мамандықтар туралы мәлімет берілді. Пәндік олимпиаданың жүлдегерлері университет ректоры тарапынан 2021-2022 оқу жылында оқу ақысын төлеуде арнайы жеңілдік сертификаттарына ие болады. (5% 10% 15%) Олимпиада қорытындысы бойынша қазақ және орыс тілінде оқитын оқушылар арасында жүлделі орынға ие болған оқушылар:
11-сынып (қазақ сыныбы):
1-орын – Берікқызы Аида (№77 мектеп)
2-орын – Макимова Айша (№68 мектеп)
2-орын – Темірбаева Диана (№15 мектеп)
3-орын – Әлібек Балым (№81 мектеп)
3-орын – Шари Қымбат (№53 мектеп)
3-орын – Жұманова Әлия ((№81 мектеп)
11-сынып (орыс сыныбы):
1-орын – Нетовканая Инна (№83 мектеп)
2-орын – Кузьмина Валерия (№95 мектеп)
2-орын – Стеблякова Александра (№9 гимназия)
3-орын – Власенко Наталья (№1 гимназия)
3-орын – Артемьева Екатерина (№101 мектеп)
3-орын – Балтабаева Наргиз (№48 мектеп)

"Жайна" хореографиялық ансамблін "Ақ сұңқар" VI Халықаралық қашықтық фестиваль-байқауындағы жеңісімен құттықтаймыз!

"Жайна" хореографиялық ансамблін "Ақ сұңқар" VI Халықаралық қашықтық фестиваль-байқауындағы жеңісімен құттықтаймыз!

"Жайна" хореографиялық ансамблі "Ақ сұңқар"-"Белый сокол" балалар, жасөспірімдер және ересектер шығармашылығының VI Халықаралық қашықтық фестиваль - конкурсында жеңіске жетті (Қарағанды қ.)!
"Жайна" ХА байқауында "Халық хореографиясы" номинациясына "Ыңғайтөк" және "Харезм" билерімен қатысып, байқау нәтижелері бойынша Бас жүлде және I дәрежелі лауреат дипломдарымен марапатталды.
Жеңісіңізбен құттықтаймыз!!!

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL