Бизнес, құқық және технологиялар факультеті деканатаның ұйымдастыруымен «Жемқорлықпен күрес – жалпының ісі» тақырыбында Қарағанды облысының ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бас маманы Әкім Сақтапбергенмен кездесу өткізілді. Шараның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Спикер студенттерге қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы жөнінде түсіндірді.
БҚТФ, ЭБКФ, ҚЛСТФ деканаттарының ұйымдастыруымен «Жас Отан» жастар қанаты Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Хамитов Ержан және ҚҚЭУ «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелерімен онлайн кездесу өткізілді. Кездесуде «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері студенттеріміздің осы уақытқа дейін қатысқан іс-шараларына қорытынды жасалды. Студенттеріміз Нуртазинова Жанеркеге мен Узахова Бибинур «Жас Отан» жастар қанатымен ұйымдастырылған іс-шараларға шолу жасады.
2020 жылдың 23 желтоқсанында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде онлайн форматта «Қашықтықтан технологиялар шеңберінде профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді (баяндамашы э.ғ.к., доцент Қалқабаева Г.М.). Іс-шараны Жас ғалымдар мен мамандар кеңесі ұйымдастырды. Семинар жұмысына университеттің жас оқытушылары, докторанттары мен магистранттары қатысты. Ғылыми семинар аясында жоғары оқу орындарының жұмысының қашықтықтағы форматы жағдайында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, цифрлық ресурстар мен ғылыми мәліметтердің қол жетімділігі, жас ғалымдардың баспа қызметі саласындағы заманауи тенденциялар, оқытушылардың цифрлық зерттеу дағдыларын дамыту, жастардың ғылыми бастамаларын қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралар мәселелері талқыланды. Мұндай ғылыми семинарлар жыл сайын өткізіледі және ғылыми-зерттеу қызметінде тәжірибе алмасу және университеттің ғылыми әлеуетін дамыту алаңы болып табылады.
2020 жылдың 9 желтоқсанында Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің Экономика ғылымдарының докторы, профессоры-Гришкина Светлана Николаевнаның платина дәрісі өтті. Дәрістің тақырыбы: "қаржылық және қаржылық емес есептілікті дамытудың заманауи үрдістері". Светлана Николаевна бухгалтерлік есеп жүйесінде қандай заманауи тенденциялар бар екенін егжей-тегжейлі айтып берді. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен магистранттар профессорға қызықты және құнды ақпарат үшін алғыстарын білдірді!
2020 жылдың 11 желтоқсанында сағат 14.30-да Әлеуметтік жұмыс бөлімі және Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған университеттік онлайн дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге университеттің барлық деңгейдегі білім алушылары шақырылды. Дөңгелек үстелде бірінші курс студенттері презентация жасады: Қадырова А. (Лог-20-2) «Қазақстан халықаралық аренада және халықаралық ұйымдарда», Жақсалық А. (UA-20-2) «Мемлекеттік егемендік туралы «Қазақ КСР Декларациясының тарихи маңызы Қазақстан туралы», Сайдулаев М. (Лог-20-2) «Қазақ хандығының мерекеленуінің 550 жылдығының маңыздылығы », Қыздарбекова А. (UA-20-2) «Қазақстанның ұлттық валютасы», Фомичев Е. (UA-20-2) «Елбасының тұлғасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев - әлемдік көшбасшылардың көзімен». Ұсынылған баяндамалардың тақырыптары мен мазмұны дөңгелек үстелге қатысушылардың ыстық ықыласын тудырды. Студенттер пікірталасқа белсенді қатысты, сұрақтарға белсенді жауап берді.