• Blog news

ҚЭУ студенттерінің Start-up жобасы жеңімпаздар қатарында болды

ҚЭУ студенттерінің Start-up жобасы жеңімпаздар қатарында болды

2020 жылғы 4 желтоқсанда Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ЖОО студенттері мен магистранттарының "Үздік инновациялық start –up жобасы" атты халықаралық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты-жастарды ғылыммен және өнертапқыштықпен айналысуға ынталандыру, жұмыс нәтижелерін коммерцияландыру дағдыларын қалыптастыру, кәсіпкерлік қызметке дайындау және нарыққа шығару.
Байқауға 47 команда қатысты. Байқау қорытындысы бойынша ҚЭУ студенттері Жеңіс Асылтас Рамазанқызы, Кәкіш Шахризада Ертайқызы (ГМУ-18-1к), Абдрахманова Айзада Канатқызы (ГМУ-19-1к, ғылыми жетекшісі Ертай х.) start –up жобасы 3 орынға ие болды. Олар "DIGITAL UNIVERSITY" мобильді қосымшасының прототипін жасады.
Студенттерімізді лайықты жеңісімен құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз!

«Есеп және аудит» білім біру бағдарламасын жоғары жетістікке жеткен түлектермен кездесу

«Есеп және аудит» білім біру бағдарламасын жоғары жетістікке жеткен түлектермен кездесу08.12.2020 ж. Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы бухгалтерлік есеп және аудит бағдарламасының жоғары жетістікке жеткен түлектермен онлайн форматта (ZOOM платформасында) кездесу өткізді. Іс-шараға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы және «Есеп және аудит» білім біру бағдарламасын төртінші курс студенттері қатысты. 2018, 2019 және 2020 жылғы түлектер шақырылды:
- Серикова Карина Сериковна – магистратура түлегі. KPMG көмекшісі - әлемдегі ең ірі кәсіби қызмет көрсету желілері және «Үлкен төрттік» аудиторлық фирмалардың бірі;
- Мельникова Эвелина Игоревна - магистратура түлегі .«PromTechnics» ЖШС бас есепшісінің орынбасары;
- Исаева Тамилла Этибарқызы - «EFES-KAZAKHSTAN» АҚ есепшісі;
- Аббас Гүлжамиля Айтбайқызы - «АРАҒАНДЫ ТАЗАЛЫ» ЖШС есепшісі;
- Нурбекова Бибігүл Нұрбекқызы - «Мәдениет үйі Қозы көрпеш-Баян Сұлу» КМҚК Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының есепшісі. Әр түлек жетістікке жетудегі тәжірибесімен бөлісті. Іс-шараның модераторы экономика магистрі, оқытушы Хасенова М.Е. болды.

Менің тауелсіз Қазақстаным

Менің тауелсіз Қазақстаным«Есеп және аудит» кафедрасының тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес магистр, «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы Мусипова Л.К. Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған «Менің тауелсіз Қазақстаным» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Іс-шараға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттері қатысты. Қатысушыларға Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы материал көрсетілді, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында құрбан болғандар туралы естеліктер, тақырыпты жалғастыра отырып, Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» шығармасы орындалды және «Қазақ елі» әні шырқалды.

«Тамақтану индустриясының трендтері мен даму тенденциялары» онлайн-вебинары

«Тамақтану индустриясының трендтері мен даму тенденциялары» онлайн-вебинары

2020 жылдың 3 желтоқсанында сағат 16-00-де Алматы қаласындағы Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығының (КАГиР) өкілі Махамбетова Сәуле Азимханова "Туризм және мейрамхана ісі" кафедрасының оқытушыларымен "Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі" мамандықтарына арналған онлайн-вебинар, яғни "Teika boom" отбасылық мейрамханасының шеф-аспазы, "Тағамдар сиқыры" телеарнасының тележүргізушісі Евдокимов Артеммен кездесу ұйымдастырылды.
Артем мейрамханалардың даму тарихы туралы айтып, барлар мен мейрамханалардың даму перспективаларындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды түсіндірді. Сондай-ақ, Қазақстандағы мейрамханаларды жылжыту жоспарларымен бөлісіп, еліміздегі брендтің даму ерекшелігін түсіндірді.
Кездесу өте пайдалы және қызықты өтті. Студенттер қызметкерлер, жабдықтар, асхана ыдыстары мен ас үй құрал-саймандары, тағам дайындау туралы өзекті ақпаратты тыңдап қана қоймай, сонымен қатар тамақ индустриясының дамуындағы қазіргі тенденциялар туралы білді. Қызу пікірталас түрінде өтті, оның барысында студенттер аспазшыдан барлық қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

«Дәстүр trend»

«Дәстүр trend»БҚТФ, ЭБКФ, ҚЛСТФ деканаттарының ұйымдастыруымен Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Дәстүр trend» жастар және дәстүр сабақтастығы» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу қонағы бизнес-спикер, ментор, «Каникар» клуб жетекшісі, ұлттық құндылықтарға негізделген «Алтын той» евент-агенттігінің негізін қалаушы, «Дәстүр тренд», «Келін курс», «Nauryzsha party» жобаларының жетекші ұйымдастырушысы Алтын Каникар болды. Алтын Каникар студенттерімізге ежелден келе жатқан дәстүрлерімізге таныстыру жасап, дәстүрлерімізді қайта жаңғырту үрдісіндегі жасалып жатқан іс-шаралар жайында мәліметтермен бөлісті. Спикер «Дәстүрлі құндылықтар – азаматтық қоғам дамуының негізі» және құндылықтарды қалай қалыптастырамыз деген сұрақтар бойынша студенттермен пікір алмасты.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL